БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12888 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау Әдістемесіне:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы айқындау әдістемесі:
1) жануарларды заңсыз алу және (немесе) жануарларды абайсызда жою;
2) балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;
3) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;
4) егер осындай бұзушылық салдарынан жануарлар дүниесі объектілері мекендеу аумағынан (акваториясынан) біржолата (немесе уақытша) кетіп қалып, бұл олардың өлім-жітіміне ұшыратса, санының қысқаруын, олардың таралу өнімділігің азаюын, сондай-ақ жекелеген дарақтардың репродуктивтік функцияларының нашарлауына алып келетін болса, жануарлардың мекендеу ортасының бұзылуы немесе жойылуы салдарынан жануарлар дүниесіне келтірілген зиян мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдану мақсатында әзірленді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген зиян мөлшелерінің есебі:
1) жануарларды заңсыз алу және (немесе) жануарларды абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;
2) балық және балық өнімдерін (сүбе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау;
3) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;
4) жануарлар дүниесінің бірнеше түрін заңсыз алу және (немесе) жануарлардың бірнеше түрін абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық зиянның мөлшері жануарлар дүниесі объектілерінің әрбір түрінің барлық дарақтары жөнінде келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;
5) жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшерінің есептемесін;
6) егер осындай бұзушылық салдарынан жануарлар дүниесі объектілері мекендеу аумағынан (акваториясынан) біржолата (немесе уақытша) кетіп қалып, бұл оларды өлім-жітімге ұшыратса, санын қысқартса, сондай-ақ жекелеген дарақтардың репродуктивтік функцияларын нашарлатса, жануарлардың мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезіндегі зиян мөлшерінің есептесін (бұдан әрі – жануарлар дүниесінің тіршілік ету ортасы бұзылған немесе жойылған кездегі зиян мөлшерін есептеу) қамтиды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
У = Т x Кд x N, мұнда:
У - балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген зиян мөлшері (АЕК);
Т - АЕК-мен айқындалатын әрбір дарақ немесе килограмм (балық және оның өнімдері бойынша) үшін зиянды өтеудің белгіленген мөлшері;
Кд - осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәні;
N - жануарлар дериваттарының саны (дана) немесе балық, олардың уылдырығы және өнімдерінің басқа түрлерінің салмағы (килограмм).".
Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
С. Кожаниязов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні
№ | Жануарлар дүниесі объектілеріне зиян келтіруге түрткі болған мән-жайлар | Коэффициенттер мәні |
1. | Жануарлар дүниесі объектілерін қасақана жою, оның ішінде: | |
1.1 | Жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда) | Коэффициент "К" 1,5 |
1.2 | Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу | Коэффициент "Ко" 3 |
2. | Жануарлар дүниесі объектілерін абайсызда жою | Коэффициент "Кн" 1,5 |
3. | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесіне (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына) енгізілген жануарлар дүниесі объектілерін немесе алуға тыйым салынған жануарларды жою | Коэффициент "Кк" 3 |
4. | Балықты және оның өнімдерін (сүбе) немесе жануарлар дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау | Коэффициент "Кд" 1,5 |
5. | Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде аң аулау объектілерінің қасақана немесе немқұрайлылықтан жойылуына (өлуіне) түрткі болған әрекет (әрекетсіздік) | Коэффициент "Кв" 1 |