БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.";
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 111 |
|
Бұйрыққа қосымша | |
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына 2-қосымша |
1-МТ нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп _________________ жылға арналған есепті кезең
Индекс: 1-МТ нысан
Мерзімділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________________________________________________
Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылады
Өлшем бірлігі: мың теңге
№ | Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы | Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы | Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы | Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы | Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi | Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат |
5 | 6 | 7 | 8 |
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы
_____________________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________
Телефон _________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы
___________________________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/
мемлекеттiк мекеме басшысы __________ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы _______ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер/ қаржы-экономика
бөлімінің бастығы ________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ескертпе:
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:
1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады;
2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;
6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;
7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;
8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.