"2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26729 болып тіркелді. Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.01.2023 (бұйрықтың 5 т.)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26660) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2022 жылғы 2 ақпандағы
  № 11 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2022 жылғы 27 қаңтардағы
  № 7 бұйрығымен бекітілген

2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының 24-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 22-01-38.1 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы отырысында берілген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9-тармағына, Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген салдарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның 2022 жылғы 18 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес әзірленді және 2022 жылғы қаңтарда орын алған Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлеріндегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібі

      2. 2022 жылғы қаңтарда жекелеген өңірлерде орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу жоғалған мүліктің құнын немесе Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жасалған сақтандыру шартының талаптары бойынша сақтандырылған мүлікті қоспағанда, аталған санаттарға (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

      3. Көлік құралдарын айдап әкету жағдайлары (2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан көлік құралдарының жойылуының дәлелденген фактілерін қоспағанда) қылмыстық заңнама шеңберінде тергеп-тексеріледі.

      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) немесе "Күш бірлікте" зардап шеккен бизнесті қолдау қорының және (немесе) "Жаңа Алатау" қорының Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау комиссиясының (бұдан әрі – Қорлар комиссиялары) шешімі жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

      Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға қосымшаға сүйене отырып, Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      5. Жоғалған мүліктің құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны мүлік иесіне мына көздердің бірінен:

      - бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен;

      - "Күш бірлікте" зардап шеккен бизнесті қолдау қорының және (немесе) "Жаңа Алатау" қорының (бұдан әрі – Қорлар) жеке қаражатынан ақшалай қаражат төлеу жолымен өтеледі.

      6. Жоғалған мүлiкті (жылжымайтын мүлiк, жабдықтар, көлiк құралдары, тауарлық-материалдық құндылықтар) түрлерiне қарай өтеу үшін қаражат көзін айқындау Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның құзыретіне жатады.

      7. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес меншiк құқығы немесе мүлiкке өзге де заттай құқық, осы мүлiктiң құрамы осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттармен расталады.

      8. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды қаржыландыру көзіне қарай Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары жүзеге асырады.

      9. Жоғалған немесе бүлінген мүлік құнын өтеу мөлшері бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстарға және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оны арзандату көлеміне не жоғалған немесе зақымданған мүліктің тозуын ескере отырып, мүлік құнын өтеу кезінде осы жердегі қолданыстағы нарық бағасы бойынша жоғалған мүліктің құнына қарай белгіленеді.

      Бүлінген мүлікті қалпына келтіруге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленген оны қалпына келтіру шығындарының сметасы немесе калькуляциясы бойынша расталады.

      10. Мүлікті бағалауды және (немесе) ілеспе аудиторлық көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, сметалар жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығындарының калькуляциясына байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және (немесе) Қорларға жүктеледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын орындаушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және (немесе) Қорларға, сондай-ақ мүліктің иесіне ұсынады.

      11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және (немесе) Қорлар осы Тетіктің 10-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсету үшін бағалау және аудиторлық компаниялардың тізбесін алдын ала айқындайды және тізбені жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады және оны "InfoKazakhstan.kz" электронды платформасында орналастыру үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсынады.

      Жергілікті атқарушы органдар және (немесе) Қорлар қызметтерді көрсету фактісі бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қызметтерге ақы төлейді.

      12. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін мүліктің иесі "InfoKazakhstan.kz" электрондық платформасы арқылы Өңірлік комиссияға және (немесе) Қорлар комиссияларына белгіленген нысанда толтырылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті ұсынады.

      Мүлік иесі жеке өтініш бере алмаған жағдайда, мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін тұлғалар жүгіне алады.

      Мүлік иесі не оның өкілі өтініште көрсетілген мәліметтердің және оған қоса берілген барлық құжаттардың дұрыстығын растайды.

      13. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары "InfoKazakhstan.kz" электронды платформасына келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қарайды.

      14. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке мүліктің иесі қылмыстық қудалауды жүргізетін органның мүлік иесін 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесін, сондай-ақ мыналарды береді:

      1) жеке кәсiпкерлер үшiн – жеке кәсiпкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, жеке кәсiпкердiң талоны, ал заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) меншік құқығын немесе мүлікке өзге де заттай құқықты растайтын құжаттар, сәйкестендіретін құжаттар;

      3) мүліктің сақтандырылмағаны туралы өтініш немесе сақтандыру шарты не сақтандыру шартының (бар болса) электрондық көшірмесін жасау. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша егер сақтандыру шартының талаптарына сәйкес жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдай кезінде келтірілген залал сақтандыру жағдайы болып табылмаса, сақтандырылған мүлікке келтірілген зиянды өтеу жүргізіледі;

      4) мүлiк иесiнiң ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертiлгенi туралы жазбаша хабарлама;

      5) бағалау, сараптау немесе залал мөлшерін анықтау үшін тартылған өзге де тұлғалардың өздері ұсынған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      6) залал мөлшерін анықтау үшін тартылған бағалау және өзге де компаниялардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге арналған шот-фактура немесе шот;

      7) бүлінген жылжымалы мүлік үшін – қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының сметасы, шығындар калькуляциясы;

      қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін жылжымалы мүлік үшін – мүлікті залал келтірілген күнгі тозуын ескере отырып бағалау туралы есеп;

      8) тауарлық-материалдық құндылықтар үшін – осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім беру;

      9) жоғалған жабдық үшін – аудиторлық ұйым берген фактілердің, ұрлықтың (тонаудың) анықталғаны туралы есеп;

      10) 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан мүліктің бүліну, жойылу және (немесе) тоналу фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар (бар болса).

      Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық зерттеу қорытындысы;

      техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық зерттеу жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық зерттеу қорытындысы;

      2) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер талоны, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      Жекелеген өңірлерде орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмелері;

      3) жылжымайтын мүлiктің меншiк иесiнен (не оның сенiм бiлдiрiлген өкiлiнен) еркiн нысандағы өтiнiш;

      4) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) техникалық паспорты;

      Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда заңнамада айқындалған тәртiппен және мерзiмде алынған осы құжаттың телнұсқалары не көшiрмесi берiледi;

      5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;

      6) ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылатын жағдайда);

      7) күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама.

      Қалпына келтірілмейтін көлік бойынша:

      1) көлік құралының болуын растау және автомобильдерді есепке алуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік орган берген құқық белгілейтін құжаттар;

      2) тозуды ескере отырып бағалау туралы есеп;

      3) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың көлік құралдарын толық сақтандыру шартының (КАСКО) болмауы туралы өтініш.

      Ломбардтар, айырбастау пункттері бойынша келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) бүлінген, жойылған, ұрланған жылжымалы мүлік (оның ішінде жабдық, тауарлық-материалдық құндылықтар) үшін – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚПК) шеңберінде залал сомасын анықтау бойынша сот сараптамасының (сот-бухгалтерлік есеп немесе сот-тауартану) қорытындысы;

      2) жылжымайтын мүлік үшін – ҚПК шеңберінде сот сараптамасының (сот-құрылыс) қорытындысы;

      3) белгілі бір өтемақы шегінде залалды өтеуді талап ету құқығын мемлекетке беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде анықталған және алынған ұрланған мүлікті мемлекет меншігіне беруден бас тарту туралы белгіленген нысандағы жазбаша өтініш.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары мүліктік зиянды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайта беру мүмкіндігінен айырмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтардың орнын толтыруға қолданылмайды.

      16. Жоғалған (ұрланған) тауарлық-материалдық құндылықтарды өтеу сомасын есептеу осы Тетіктің 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде мына формулалардың бірі бойынша жүргізіледі:

      1-формула.

      S = Х * N/M, мұндағы

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2, қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтеу сомасы;

      N – салық есептілігі нысандарының және (немесе) электрондық шот-фактуралардың деректеріне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі айналымының немесе кірісінің сомасы;

      Бұл ретте айналым мемлекеттік кірістер органдарына мынадай мәліметтердің бірінің ең көп сомасы негізінде айқындалады:

      ҚҚС төлеушілер үшін – 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған, 2021 жылғы 1,2,3-тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларациялар бойынша айналым сомалары (300.00-нысан), 2022 жылғы 15 қаңтардан кешіктірілмей берілген 2021 жылғы 4-тоқсан үшін электрондық шоттар деректері бойынша айналым;

      оңайлатынған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін – 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған, 2020 жылғы 2-жартыжылдық және 2021 жылғы 1-жартыжылдық үшін шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациялар бойынша айналым сомасы (910.00-нысан);

      бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін - 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған, 2021 жылғы 1, 2, 3-тоқсандар үшін бөлшек салықтың салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациялар бойынша айналым сомасы;

      жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін – 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған, 2020 жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан) немесе жеке табыс салығы бойынша декларациялар (220.00-нысан) бойынша жиынтық жылдық кіріс сомасы;

      Егер тұлға 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде көрсетілген кезеңнің бір бөлігіне ғана ҚҚС төлеуші ​​болса (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жағдайда), кірісін анықтау үшін салықтық есептілік нысандарының (300.00, 910.00, 913.00, 100.00, 220.00 нысандары) бір түрі бойынша ең көп сома қолданылады.

      М – зерттелетін кезеңдегі айлар саны.

      Ескертпе: әдетте, 12 ай, алайда, егер кәсіпкерлік субъектісін тіркеу күні немесе ҚҚС бойынша есепке қою күні немесе салық режимі ауысқан күні зерттелетін салықтық кезеңге сәйкес келсе, айлар саны 12-ден аз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда айлар саны ҚҚС бойынша тіркелген не есепке қойылған не салық режимі ауысқан айдан бастап есептеледі.

      2-формула.

      S = Х * N/D*30, мұндағы

      Х - сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2, қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтеу сомасы;

      N – кәсіпкерлік субъектісі жұмысын бастаған күннен бастап, ТЖ кезінде болған орны бойынша (жалдау шартына немесе құқық белгілеуші құжатқа сәйкес айқындалған), бірақ 2021 жылғы 1 қаңтардан ерте емес, 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдер туралы тәуліктік мәліметтері негізінде есептелген айналым сомасы;

      D – шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмысы бастаған күннен бастап, ТЖ кезінде болған орны бойынша (жалдау шартына немесе құқық белгілеуші құжатқа сәйкес айқындалған), 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейінгі күндер саны;

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептеу нәтижесінде алынған сомалардың ең көбі таңдап алынады.

      17. Егер зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 2021 жылғы 30 маусымнан кейін тіркелген болса және ҚҚС төлеуші ​​болып табылмаса, айналым сомасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмысын бастаған күннен бастап, ТЖ кезінде болған орны бойынша (жалдау шартына немесе құқық белгілеуші құжатқа сәйкес айқындалған), 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдер туралы тәуліктік мәліметтері негізінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      S = Х * N/D*30, мұндағы

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2, қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтеу сомасы;

      N – кәсіпкерлік субъектісі жұмысын бастаған күннен бастап, ТЖ кезінде болған орны бойынша (жалдау шартына немесе құқық белгілеуші құжатқа сәйкес айқындалған), 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейін деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдер туралы тәуліктік мәліметтері негізінде есептелген айналым сомасы;

      D – кәсіпкерлік субъектісі жұмысы бастаған күннен бастап, ТЖ кезінде болған орны бойынша (жалдау шартына немесе құқық белгілеуші құжатқа сәйкес айқындалған), 2022 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанға дейінгі күндер саны;

      18. Егер зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін жүзеге асыратын бірнеше орны болса, залал сомасы ретінде ТЖ салдарынан зардап шеккен қызметін жүзеге асыру орны (орындары) бойынша мыналардың ең азы алынады:

      қызметті жүзеге асыру орындарының санына бөлінген және ТЖ салдарынан зардап шеккен қызметін жүзеге асыру орындарының санына көбейтілген, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес есептелген сома;

      нақты зардап шеккен объектіде тіркелген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының (машиналарының) түсімдер туралы тәуліктік мәліметтері негізінде есептелген сома:

      19. Жалпы залал сомасы 5 млн. теңгеге дейінгі жылжымайтын мүлікті, бүлінген және (немесе) қалпына келтіруге жатпайтын жылжымалы мүлікті, жоғалған жабдық пен тауарлық-материалдық құндылықтарды қалпына келтіру үшін – мемлекеттік кірістер органдарынан, айналым сомалары туралы фискалдық деректер операторларынан осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес мәліметтер сұратуға және алуға келісім.

      20. Мәлімделген және есептеу сомалары осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарына сәйкес жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтарды өтеу сомасына жүргізілген есептеу қорытындылары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізіндегі коэффициенттер бойынша ерекшеленген жағдайда жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтарды өтеу сомасы мынадай жағдайлардың бірінде:

      егер есептеу сомасы мәлімделген сомадан жоғары болса, мәлімделген сомаға дейін азайту жағына қарай;

      егер мәлімделген сома есептеу сомасынан жоғары болса, есептеу сомасына дейін азайту жағына қарай азаяды.

      21. Егер мүлік иесі осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарындағы есептеулерге сәйкес көзделген өтеу сомасымен келіспеген және ҚПК сәйкес қарау шеңберінде нақты келтірілген залалдың сомасын өтеуді алуға ниет білдірген жағдайда оған осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды қоса беру қажет:

      – бүлінген, жойылған, ұрланған жылжымалы мүлік (оның ішінде жабдық, тауарлық-материалдық құндылықтар) үшін – Қылмыстық-процестік кодекс шеңберінде залал сомасын анықтау бойынша сот сараптамасының (сот-бухгалтерлік есеп немесе сот-тауартану) қорытындысы;

      – жылжымайтын мүлік үшін – Қылмыстық-процестік кодекс шеңберінде сот сараптамасының (сот-құрылыс) қорытындысы;

      – белгілі бір өтемақы шегінде залалды өтеуді талап ету құқығын мемлекетке беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде анықталған және алынған ұрланған мүлікті мемлекет меншігіне беруден бас тарту туралы белгіленген нысандағы жазбаша өтініш.

      22. Өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары заңнамада белгіленген тәртіппен облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және (немесе) Қорлар бюджетінен зиянды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімнің жобасын әзірлейді.

      Өңірлік комиссияның және (немесе) Қорлар комиссияларының шешімі әрбір өтінім бойынша, оның ішінде залал түрін ескере отырып, қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қамтиды.

      Мүліктің құнын өтеуден бас тартылған жағдайда Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      23. Ақша қаражатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның және (немесе) Қорлардың тиісті шешімімен айқындалатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мүліктің меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

      24. Жергiлiктi атқарушы орган Өңірлік комиссияның 2022 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлеріндегі тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен зиянды өтеу үшiн қаражат бөлудi көздейтiн шешiмiнің негiзiнде Тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің өңірлік тізілімін (бұдан әрі – Өңірлік тізілім) осындай субъектілердің тізбесін, өтелуге жататын сомаларды, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсете отырып қалыптастырады.

      25. Қалыптастырылған Өңірлік тізілім растайтын құжаттар (Өңірлік комиссиялардың шешімдері, бағалау актілері және Өңірлік комиссия тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалдың сомасын бағалау бойынша өз шешімін қабылдау үшін негіз етіп алған өзге де құжаттар) қоса беріле отырып, Жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы тізілімін және оларға келтірілген залалдың сомасын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

      26. 2022 жылғы қаңтарда орын алған Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлеріндегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережесінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Жеке кәсiпкерлердiң меншiгiндегi коммерциялық көлiк құралы болып табылмайтын жеңiл автомобильдерге қатысты залалды өтеу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртiппен жүзеге асырылады.

  2022 жылғы қаңтардағы
жекелеген өңірлердегі
тәртіпсіздіктер салдарынан
шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне келтірілген
мүліктік зиянды өтеу
қағидаларына қосымша

2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және 2022 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының жекелеген өңірлеріндегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиян сомасын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мәртебесіне, қызметіне байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Өңірлік комиссия алқалы орган болып табылады және өз қызметін 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиян сомасын айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Өңірлік комиссияның құрамы

      3. Өңірлік комиссия облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Өңірлік комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс. Өңірлік комиссияның құрамына жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      5. Өңірлік комиссияға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі Өңірлік комиссияның құжаттарды жинауды және қалыптастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.

      7. Өңірлік комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Өңірлік комиссияның міндеттері

      8. Өңірлік комиссияның міндеттері:

      2022 жылғы қаңтардағы _________ облысындағы (республикалық маңызы бар қаладағы) тәртіпсіздіктер салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянның өтеуге жататын сомасын айқындау;

      өтініш беруші берген құжаттарды қарау;

      бүлінген ғимараттарға, құрылыстарға, жоғалған мүлікке (қажет болған жағдайда) тексеру жүргізу;

      өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Өңірлік комиссия:

      белгіленген тәртіппен өтініш берушіден қызмет мәселелері бойынша қосымша ақпарат пен құжаттарды сұратады;

      2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиян сомасын айқындау бойынша құжаттар топтамасын қарау кезінде Өңірлік комиссияның отырыстарына өтініш берушілерді және (немесе) лауазымды тұлғаларды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақыра алады (қажет болған жағдайда);

      2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиян сомасын айқындау мақсатында өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда) ;

      өтініш берушінің хабардар етілген келісімімен және заңнама талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік кіріс органдарынан шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді талап етеді;

      өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Өңірлік комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Өңірлік комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) өтініш берушінің не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Өңірлік комиссияның көшпелі отырыстары.

      3) айрықша жағдайларда сырттай.

      11. Өңірлік комиссияның отырысы қажеттігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

      12. Өңірлік комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде, отырысқа қатыспаған Өңірлік комиссия мүшелерінің отырыс өткізілетін күні алынған жазбаша пікірлерін ескере отырып, шешім қабылдауға құқылы.

      13. Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін Төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде Төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі бекітеді.

      14. Өңірлік комиссияның отырысын Төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде Төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі шақырады.

      15. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру Өңірлік комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын Өңірлік комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) және/немесе ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Өңірлік комиссия төрағасының немесе ол болмаған жағдайда Өңірлік комиссия төрағасының міндетін атқарушы Өңірлік комиссия мүшесінің шешімі бойынша Өңірлік комиссияның отырысында мәселелерді шұғыл қарау қажет болған кезде көрсетілген мерзімдер қысқартылуы не ұзартылуы мүмкін.

      17. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Өңірлік комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге де адамдарға жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тізбесін Төраға немесе бұйрықтың негізінде Төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі айқындайды.

      18. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      19. Өңірлік комиссияның отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Өңірлік комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      20. Өңірлік комиссияның мүшелері Өңірлік комиссияның жұмысына жеке өзі қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      21. Өңірлік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Өңірлік комиссияның қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады.

      22. Дауыстар тең болған жағдайда, Өңірлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      23. Қабылданған шешіммен келіспеген Өңірлік комиссия мүшесі шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда ерекше пікір ұсына алады, ол хаттамаға қоса тіркеледі.

      24. Өңірлік комиссияның мүшесі (Өңірлік комиссияның отырысын өткізу нысанына қарамастан) өзі қабылдаған шешімнің жазбаша дәлелді негіздемесін де ұсына алады. Осы құжатты Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркейді.

      25. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия төрағасының шешімімен жергілікті атқарушы органның жұмыскерлері қатарынан тағайындалады. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      26. Өңірлік комиссияның хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Өңірлік комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Өңірлік комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Өңірлік комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштердің келіп түсуі тұрғысынан "InfoKazakhstan.kz" электрондық платформасының мониторингін жүргізеді;

      5) Өңірлік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Өңірлік комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Өңірлік комиссияның отырыстарын өткізу кезінде және отырыстар арасындағы кезеңде оның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Өңірлік комиссия отырысының хаттамаларынан үзінділерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Өңірлік комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Өңірлік комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады;

      10) Өңірлік комиссияның хатшысына осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      27. Өңірлік комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Өңірлік комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Өңірлік комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініштер жасай алады, ұсыныстар енгізе алады;

      3) Өңірлік комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізе алады;

      4) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның отырысын шақыруды талап ете алады;

      5) Өңірлік комиссия отырысының хаттамасына Өңірлік комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданатын шешімдер бойынша өзінің ерекше пікірін енгізуді талап ете алады;

      6) Осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыра алады.

      28. Өңірлік комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) Өңірлік комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      3) Өңірлік комиссияның отырысына қатысады;

      4) Өңірлік комиссияның хатшысына себептерін көрсете отырып, Өңірлік комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы алдын ала хабарлайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің лауазымдық жағдайын (Өңірлік комиссияның мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      29. Өңірлік комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Өңірлік комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік комиссиясы отырысының хаттамасын ресімдеу

      30. Өңірлік комиссия отырысының нәтижелері бойынша Өңірлік комиссияның хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде отырыстың хаттамасын жасайды.

      31. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасында:

      1) өткізу орны, уақыты, форматы (бетпе-бет, онлайн форматтағы бетпе-бет, сырттай);

      2) отырысқа қатысып отырған адамдар;

      3) отырыстың күн тәртібі;

      4) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      5) қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      32. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия отырысы хаттамасының дұрыс және уақтылы ресімделуін, оның ішінде хаттамаға енгізілген шешімдер тұжырымдамаларының Өңірлік комиссия отырысында қабылданған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      33. Хаттамаға Өңірлік комиссияның төрағасы (отырыста төрағалық етуші), Өңірлік комиссияның мүшелері және Өңірлік комиссияның хатшысы қол қояды.

      34. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасы 1 (бір) данада ресімделеді, оған бекітілген, қаралған құжаттардың мәтіндері, жазбаша пікірлер және хаттамаға қосымша болып табылатын өзге де материалдар қоса тіркеледі.

      35. Өңірлік комиссия хаттамасының сканерленген көшірмесі де ақпараттық жүйеде электрондық түрде сақталады.

      36. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Өңірлік комиссияның хатшысы оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Өңірлік комиссияның барлық мүшелеріне хаттаманы таратуды ұйымдастырады және "InfoKazakhstan.kz" электрондық платформасы және (немесе) электрондық пошта арқылы өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады