"Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26832 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
1-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      3) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдап алғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы бар, қабылдау күні, уақыты мен кіріс, шығыс құжаттарының нөмірі бар, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту хатын әзірлейді.

      5. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) белгілейді.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Дінтану сараптамасын жүргізу қажет болған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектілерін уәкілетті органға пошта байланысы арқылы жібереді.

      Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатылады.

      Уәкілетті орган дінтану сараптамасын жүргізгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамалық қорытынды жібереді.

      Жауапты орындаушы уәкілетті органнан дінтану сараптамасының қорытындысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта осы Қағидағаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алды ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскен жағдайда оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді, оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда),
мекенжайы, телефоны және
ЖСН)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

      Сізден мені миссионер ретінде тіркеуді (қайта тіркеуді) сұраймын.

      Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________

      Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (күні,

      нөмірі, құжатты берген орган): ____________________________________________

      Азаматтығы: ________________________________________________

      Дiни ұстанымы: _____________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни

      бірлестіктердің атауы: _____________________________________________

      Миссионерлік қызмет мерзімі: _________________________________

      Визаның қолданылу мерзімі:___________________________________

      Қызметті жүзеге асыру аумағы:_________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

      Миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан

      Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын. ____________
(қолы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1. __________________________________________________________

      2. __________________________________________________________

      3. __________________________________________________________

      4. __________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, ақпараттық жүйелерде

      қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы ____________ Өтініш берілген күн_________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні
Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатыла тұрады

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) немесе көрсетілетін қызметті берушінің мөрі бар көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін ұсынған кезде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынылған кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Порталы: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (жеке басын куәландыратын құжатты не жек басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде):
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;
2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (берілген күні көрсетіле отыры, діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітілген);
4) өкіліт миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы (болған жағдайда) туралы хаттың көшірмесі ұсынылады.
Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатының көшірмесі;
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) паспорттың электронды көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжаттың электронды көшірмесі (қағаздағы нұсқасын беру күнін көрсете отрып, діни бірлестік басшысының қолы қойылып, мөрімен бекітілген);
4) өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк (діни бірлестік басшысының қолы қойылған және мөрмен (болған кезде) бекітілген) туралы жарғысының электронды көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттардың электронды көшірмесі;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесі (болған жағдайда).
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаттың электронды көшірмесі.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қойған қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға анлаған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
5) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
6) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының ресми интернет-ресурсында орналасқан телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – ТАӘ)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы филиалының № ________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің
"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың тізімі:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
________________________________________________ _____________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Алдым: _________________________________________ _____________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)
Күні: 20__ жылғы "___" _________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын адамдарды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

__________________________________________________________ әкімдігі (облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың) Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік _______________________________________________ (тіркеу нөмірі)


____________________қаласы


20___ жылғы "____"_______

      Осы куәлік "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес _____________________________________________________берілген
(куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және миссионер ретінде 20__жылғы "__" _________ тіркелгенін растайды.
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:
________________________________________________________________
Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы "___" __________
(қайта тіркелген кезде көрсетіледі)
Паспорт немесе жеке куәлігі: ___________________________________
(берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)
Азаматтығы:_________________________________________________
Дiни ұстанымы:______________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің
атауы ______________________________________________
Осы куәлік 20___ жылғы "___" ________ дейін жарамды
Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам
____________________________________________________________
(лауазымы мен тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып)

      Қолы ________ Мөр

      Бланк сериясы Бланк №___________

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 Бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын
тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

      3. Келісулер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.

      Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухатпен және осы Қағидаларға 3-қосымшадағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорация және Портал арқылы жүгінеді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдағанын растау құжаты ретінде қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттардың қабылданған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің немесе көшірмесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті/қолдаухатты қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды әзірлейді.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініштің/қолдаухаттың, құжаттар топтамасының толық толтырылуын тексереді және оларды қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Қалыптастырылған өтініш/қолдаухат құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді (бұдан әрі– жауапты орындаушы).

      Жауапты орындаушы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне құжаттарды қарайды.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу хат дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын 2 (екі) жұмыс күн ішінде хабарлама алған күннен бастап кешіктірмей ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық хат келіп түскен жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6 немесе 7-қосымшаға сәйкес келісу хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін және күнін бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      8. Келісім-хаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы уәкілетті органға шетелдік діни бірлестікті Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өту үшін не діни бірлестіктерді тіркеуден (қайта тіркеуден) өту, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін жүгінеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
  көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілетін
қызметті алушының мекенжайы
және телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім-хат беруге өтініш

      Мен, __________________________________________________________
(шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________________________________________,
(паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (берілген күні, нөмер,
құжатты берген орган) ________________________________________________
___________________, (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)
Қазақстан Республикасы аумағындағы __________________________________
_________________________________
(шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)
қызметіне келісуді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Өтініш берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
нысан
көрсетілетін қызметті
берушінің басшысына
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілетін
қызметті алушының мекенжайы
және телефоны)

Шетелдік діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің
басшысын тағайындауын келісу хатын беруге арналған қолдаухаты

      Осы арқылы __________________________________________________
(Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________________________________ тағайындауды келісуді сұраймын
(Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)
__________________________________________________________________
(үміткердің шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы ақпаратты көрсету)
__________________________________________________________________
(шетелдік діни орталықтың орналасқан жері туралы ақпарат)
__________________________________________________________________
құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес
заңды тұлға екендігін куәландыратын құжаттың деректері (тіркеу нөмірі, күні, берген
орган, берілген мерзім, жарамдылық мерзімі)
__________________________________________________________________
(шетелдік діни бірлестіктің діни бірлестігі және оның орналасқан жері)
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Қолдаухат берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну әдістері

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: Электронды (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды поштамен кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты) немесе цифрлық құжаттардың сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мерзімінде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін оларды қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айға сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны 1 (бір) жылға әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберу үшін 10 (он) жұмыс күні ішінгде жібереді.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация − Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9.00-ден 20-00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қызмет берушінің интернет-ресурсында: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның интернет ресурсында: www.gov4c.kz;
Порталда: www.elicense. kz орналастырылады.
3) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қызмет берушінің интернет-ресурсында: www.qogam.gov.kz;
: www.gov4c.kz Мемлекеттік корпорацияның интернет ресурсында;
Порталда: www.elicense.kz орнастырылады.

8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес куәландырылған құжат;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтарының тізімі;
5) шетелдік діни бірлестіктің діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
6) заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісу үшін қажетті құжаттардың тізбесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухатты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қойылған қолының түпнұсқалығымен ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Порталға жүгінген кезде Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) шетелдік діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) құрылтайшы – шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес дұрыстығы куәландырылған заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын діни бірлестіктің бастамашы-азаматтары тізімінің электрондық көшірмесі;
5) шетелдік діни бірлестіктің пайда болу тарихы мен діни ілімінің негіздерін ашатын және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни материалдардың электрондық көшірмесі;
6) заңды тұлғаның органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар шетелдік діни бірлестік Жарғысының (ережесінің) электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде)шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухат;
2) шетелдік діни орталықтың кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімі;
3) діни бірлестік басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттар шет тілінде ұсынылған жағдайда, олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған, аударманы жүзеге асырған аудармашы қойылған қолының түпнұсқасы ұсынылады.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы қолдаухат;
2) шетелдік діни орталықтың кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) діни бірлестік басшысы лауазымына кандидат паспортының немесе жеке куәлігінің электрондық көшірмесі.
Құжаттар шет тілінде ұсынылған жағдайда, олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған, аударманы жүзеге асырған аудармашы қойылған қолының түпнұсқасы ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың мынадай себептерін көрсете отырып, жауап жібереді:
1) егер діни бірлестіктердің қызметі бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) осы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну;
9) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға:
1) егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
3) осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлері тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

10.

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар:
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің және бірыңғай байланыс орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған Байланыс телефондары арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
шетелдiк дiни орталықтардың
Қазақстан Республикасындағы
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі –ТАӘ)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы өтініш/қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі ____________________________
___________________________________________
(мекенжайын көрсетіңіз)
"Қазақстан Республикасындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін үйлестіру, Қазақстан
Республикасындағы діни бірлестіктердің жетекшілерін шетелдік діни орталықтардың
тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметтер стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттардың толық емес пакетін ұсынуына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге
өтініш/қолдаухатты қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _______________________________________ ___________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Алдым: ________________________________ ___________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" ___________

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша

Діни бірлестіктерді құратын бастамашы-азаматтардың тізімі _______________________________________________________________
(діни бірлестіктердің атауы)
______________________________________________________________
(облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған кұні, айы және жылы

Қазақстан Республика азаматының жеке куәлік құжаты туралы мәлімет, ЖСН

Тұрғылықты мекенжайы, үйдің және қызметтік телефонының нөмірі

Өз қолтаңбасы

1

2

3

4

5

6

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісу

      № _ _ _ _ _ күні 20___жылғы "___"___________

      Берілді _______________________________________________________________
(шетелдік діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және қызметті келіседі __________________________________________________
______________________________________________________________________
(шетелдік діни бірлестіктің толық атауы)
Қазақстан Республикасының аумағында "Діни қызмет және діни бірлестіктер
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің басшыларын
тағайындауын келiсу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
7-қосымша

      Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу

      № _ _ _ _ _ күні 20___жылғы "___" ___________

      Берілді _____________________________________________________________
(шетелдік діни орталықтың толық атауы)
және тағайындауды келіседі ___________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда))
басшысы____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай (бұдан әрі – стационарлық үй-жай) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация жұмыскері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерді бекіту туралы шешімнің жобасын келіседі, қажет жағдайда мемлекеттік органдарға сұрау салуды жолдайды.

      Жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімді әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын 2 (екі) жұмыс күн ішінде хабарлама алған күннен бастап кешіктірмей ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім не көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту хатын береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімнің электронды көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы
телефоны мен ЖСН және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және БСН)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де
ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беруіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы_____ Өтініш берген күні________
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

23 (жиырма үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат арқылы (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің мөрі бар көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлфқ қолтаңбасы (бұдан әрі –ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жіне Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) жүгінген кезде:
1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жағдайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электронды көшірмесі (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № _____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты __________________________________ мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
________________________________________________ _____________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Алдым: _________________________________________ _____________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "___"_________

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 Бұйрыққа
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
4-қосымша

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй - жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлар (бұдан әрі – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлар) – ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан нысаналы мақсатты діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді өткізу үшін айқындалған күрделі стационарлық ғимарат немесе күрделі стационарлық ғимараттағы жеке үй-жай;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру туралы келісім-хат дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сәкес келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын 2 (екі) жұмыс күн ішінде хабарлама алған күннен бастап кешіктірмей ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру туралы келісу-хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту береді, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адаманың электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы
телефоны мен ЖСН және заңды
тұлғаның атауы, пошталық
мекенжайы, телефоны және
БСН)

Өтініш

      Сізден _______________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісуді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы ___________________________

      Өтініш берген күні ____________________________________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
  2-қосымша

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны –электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру шарты: Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мына мекенжайлары бойынша орналастырылады:
көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.qogam.gov.kz;
интернет-ресурсында
Портал: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) үй-жайды пайдалануға, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке ғибадат етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және автовокзалдары, әуежайлар, кемежайлар) басшысы қол қойған анықтама-негіздеме.
Анықтама-негіздемеде: діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайды айқындаудағы мақсаты; аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны; шамамен үш жүз метр жерде рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіледі.
3) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылардың діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің электронды көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
4) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) электронды нұсқасы ұсынылады.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берген күннен үш ай аспайтын мерзімде ұсынылуы тиіс.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
9) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондықұ нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс
жерлерде орналастыруға келісу
туралы шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №___________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
______________________________________________ ____________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Алдым: _______________________________________ ____________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" _______

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 Бұйрыққа
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
5-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әр –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай құжаттарды қоса береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскесіне арналған жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжат, техникалық паспорты туралы мәліметтерді көрсілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) белгілейді.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді әзірлейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күнен бастап 2 (екі) жұмыс күні нен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.

      Қарсылықты қарау нәтижесі бойынша қызмет алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді не көрсетілетін қызметті алушыға жіберілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің электронды көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы,
телефоны және БСН)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы
бойынша ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.
Ғибадат үйі ____________________________________________________
(конфессияға тиесiлiлiгi)
Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi
______________________________________________________________
Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) ______________________
Қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып, ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы _____ Өтініш берген күні ______
Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны –электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орнластырылған:
көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.qogam.gov.kz;
Порталда: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы электронды шешімінің көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

  "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) (бұдан әрі
- ТАӘ) немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_______________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _______________________________________________ ____________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Алдым: ________________________________________ ____________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" ________

  2022 жылғы 14 ақпандағы
№ 36 Бұйрыққа
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
6-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқық белгілейтін құжат, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      5. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген талаптарға сай келмеген кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын кешіктірмей ұсынады 2 (екі) жұмыс күн ішінде хабарлама алған күннен бастап.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту береді, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің электрондық көшірмесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағыммен жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық
мақсатын өзгеру) туралы
шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетiлетiн
қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және БСН)

Өтініш

      Сізден үйді (ғимартты) ғибадат үйіне (ғимаратына) қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешімді беруіңізді сұраймын
"______________________________________________________________"
мекенжайы бойынша орналасқан ғибадат үйіне (ғимаратына)
_______________________________________________________________
Ғибадат үйі (ғимараты)
_______________________________________________________________
(конфессиялық тиесілігін)
Ғибадат үйінің (ғимаратының) сыйымдылығы (шіркеу қызметкерлерінің саны көрсетіледі)
_______________________________________________________________.
Қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы _ _ _ _ _ _ Өтініш берілген күн __________
Мөр орны (заңды тұлға үшін)

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгеру) туралы
шешім беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны –электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мыналарда орналастырылған:
көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.qogam.gov.kz;
Порталда: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж шіркеушілердің саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады;
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электрондық көшірмесі ұсынылады (жеке тұлғаның тұрғын үйі, заңды тұлғаның үй-жайы орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін үй-жайлар (оның ішінде, егер шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) болған кезде ұсынылады).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) егер діни бірлестіктердің қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дінге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеуге бағытталса;
3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық жасауға немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге не ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзуға (отбасының бұзылуына) немесе туыстық қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерді атқарудан бас тартуға итермелеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының;
4) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызметі арқылы және (немесе) діни бірлестіктен шығуға кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту жолымен не оларды алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталған болса, діни бірлестіктерді тарату;
5) егер діни бірлестіктердің қызметі діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және діни ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлікті иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктердің қызметі дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне көрінеу іріткі салуға, олардың іркіліссіз жұмыс істеуін бұзуға, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдер қабылдауға және әрекеттер жасауға итермелеуге бағытталған болса;
7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін Портал арқылы жүгінеді.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық
мақсатын өзгеру) туралы
шешім беру мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы филиалының №________________________ бөлімі (мекенжайын
көрсету) Сіздің "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға
байланысты ______________________________________________________________
мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1. _______________________________________________________
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
__________________________________________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Алдым: ___________________________________ ____________
ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)
Күні: 20___ жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады