"2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 ақпанда № 26847 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26660) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларында:

      4, 5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) немесе "Әулие-Ата-Демеу" корпоративтік қорының, "Күш бірлікте" зардап шеккен бизнесті қолдау қорының және (немесе) "Жаңа Алатау" қорының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарау комиссиясының (бұдан әрі – Қорлар комиссиялары) шешімі жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

      Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға қосымшаға сүйене отырып, Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      5. Жоғалған мүліктің құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны мүлік иесіне мына көздердің бірінен:

      бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен;

      "Әулие-Ата-Демеу" корпоративтік қорының, "Күш бірлікте" зардап шеккен бизнесті қолдау қорының және (немесе) "Жаңа Алатау" қорының (бұдан әрі – Қорлар) жеке қаражатынан ақшалай қаражат төлеу жолымен өтеледі.

      6. Жоғалған мүлiкті (жылжымайтын мүлiк, жабдықтар, көлiк құралдары, тауарлық-материалдық құндылықтар) түрлерiне қарай өтеу үшін қаражат көзін айқындау Жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның құзыретіне жатады.";

      9 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құнын өтеу мөлшері:

      қылмыстық қудалауды жүргізуші органның қаулысында көрсетілген залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік үшін-оңайлатылған тетік бойынша;

      қылмыстық қудалауды жүргізетін органның қаулысында көрсетілген залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік үшін-ұсынылған ақау ведомосы, сметалық құжаттама, ЖСҚ бойынша;

      зақымданған, сондай-ақ қалпына келтіруге жатпайтын жылжымалы мүлік үшін, қылмыстық қудалауды жүргізетін органның қаулысында көрсетілген залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын болса-қалпына келтіру жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы, залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп бойынша;

      тауар үшін-материалдық құндылықтар, негізгі құралдар (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) - оңайлатылған механизм бойынша.

      10. Мүлікті бағалауды және (немесе) ілеспе аудиторлық көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, сметалар жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығындарының калькуляциясына байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және де адвокаттық қызметтерге ақы төлеу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және (немесе) Қорларға жүктеледі.";

      14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке мүліктің иесі қылмыстық қудалауды жүргізетін органның мүлік иесін 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесін, залал сомасын міндетті түрде көрсете отырып, сондай-ақ мыналарды береді:

      1) жеке кәсiпкерлер үшiн – жеке кәсiпкердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, жеке кәсiпкердiң талоны, ал заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) меншік құқығын немесе мүлікке өзге де заттай құқықты растайтын құжаттар, сәйкестендіретін құжаттар;

      3) мүліктің сақтандырылмағаны туралы өтініш немесе сақтандыру шарты не сақтандыру шартының (бар болса) электрондық көшірмесін жасау. Өңірлік комиссияның шешімі бойынша егер сақтандыру шартының талаптарына сәйкес жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдай кезінде келтірілген залал сақтандыру жағдайы болып табылмаса, сақтандырылған мүлікке келтірілген зиянды өтеу жүргізіледі;

      4) мүлiк иесiнiң ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертiлгенi туралы жазбаша хабарлама;

      5) бағалау, сараптау немесе залал мөлшерін анықтау үшін тартылған өзге де тұлғалардың өздері ұсынған құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      6) залал мөлшерін анықтау үшін тартылған бағалау және өзге де компаниялардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге арналған шот-фактура немесе шот;

      7) бүлінген жылжымалы мүлік үшін – қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының сметасы, шығындар калькуляциясы;

      қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін жылжымалы мүлік үшін – мүлікті залал келтірілген күнгі тозуын ескере отырып бағалау туралы есеп;

      8) тауарлық-материалдық құндылықтар үшін – осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім беру;

      9) жылжымайтын мүлікті қоспағанда, жоғалған негізгі құралдар үшін – осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік кіріс органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім;

      10) 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер салдарынан мүліктің бүліну, жойылу және (немесе) тоналу фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар (бар болса).

      Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық зерттеу қорытындысы;

      техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық зерттеу жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық зерттеу қорытындысы;

      2) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер талоны, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      Жекелеген өңірлерде орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмелері;

      3) жылжымайтын мүлiктің меншiк иесiнен (не оның сенiм бiлдiрiлген өкiлiнен) еркiн нысандағы өтiнiш;

      4) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) техникалық паспорты;

      Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда заңнамада айқындалған тәртiппен және мерзiмде алынған осы құжаттың телнұсқалары не көшiрмесi берiледi;

      5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;

      6) ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылатын жағдайда);

      7) күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама.

      Қалпына келтірілмейтін көлік бойынша:

      1) көлік құралының болуын растау және автомобильдерді есепке алуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік орган берген құқық белгілейтін құжаттар;

      2) тозуды ескере отырып бағалау туралы есеп;

      3) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың көлік құралдарын толық сақтандыру шартының (КАСКО) болмауы туралы өтініш.

      Ломбардтар, айырбастау пункттері бойынша келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) бүлінген, жойылған, ұрланған жылжымалы мүлік (оның ішінде жабдық, тауарлық-материалдық құндылықтар) үшін – Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚПК) шеңберінде залал сомасын анықтау бойынша сот сараптамасының (сот-бухгалтерлік есеп немесе сот-тауартану) қорытындысы;

      2) жылжымайтын мүлік үшін – ҚПК шеңберінде сот сараптамасының (сот-құрылыс) қорытындысы;

      3) белгілі бір өтемақы шегінде залалды өтеуді талап ету құқығын мемлекетке беру туралы, сондай-ақ қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде анықталған және алынған ұрланған мүлікті мемлекет меншігіне беруден бас тарту туралы белгіленген нысандағы жазбаша өтініш.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда Өңірлік комиссия және (немесе) Қорлар комиссиялары мүліктік зиянды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайта беру мүмкіндігінен айырмайды.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Жалпы залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі жылжымайтын мүлікті, бүлінген және (немесе) қалпына келтіруге жатпайтын жылжымалы мүлікті, жоғалған негізгі құралдар (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қалпына келтіру үшін – мемлекеттік кірістер органдарынан, айналым сомалары туралы фискалдық деректер операторларынан осы Қағидалардың 16, 17 және 18-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес мәліметтер сұратуға және алуға келісім.".

      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады