"Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығына және "Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 ақпанда № 26908 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Еңбек нормаларын қайта қарау және ауыстыру бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс беруші:

      Қауымдастыққа еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекітуге;

      Палатаға қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді бекітуге өтінім ұсынады.

      Осы Қағидалардың 14, 15, 16-тармақтарында көзделген негіздемелер болмаған жағдайда, Қауымдастық немесе Палата еңбек жөніндегі нормативтердің түпнұсқасын, негіздейтін материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартады.

      Еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартуды Палата немесе Қауымдастық түпнұсқасының титулдық парағында Палатаның немесе Қауымдастықтың нормативтердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттарының күні мен нөмірін көрсету жолымен ресімдейді.".

      2. "Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12659 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Еңбек жөніндегі нормаларды ауыстыру үшін негіздемелер болмаған жағдайда, ұйым еңбек жөніндегі нормалардың түпнұсқасын, оларды негіздеу бойынша материалдар мен түсіндірме жазбаны міндетті түрде ұсынған кезде еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган олардың қолданылу мерзімін ұзартады.

      Еңбек нормаларының қолданылу мерзімін ұзартуды еңбек жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган түпнұсқасының титулдық парағында еңбек жөніндегі уәкілетті органның және уәкілетті органның нормативтердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттарының күні мен нөмірін көрсету жолымен ресімдейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады