Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 5 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 722 "Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24068 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
__________К. Мусин |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
__________Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2022 жылғы 24 ақпандағы № 152 мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 Бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы Талаптарда қаржы мониторингі субъектілеріне ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нотариустар (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.
3. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы Заңда және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
4. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлінген байланыс арнасы – Субъектімен электрондық өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның желісі;
2) ҚМ-1 нысаны – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ) саласындағы қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қаржы мониторингі субъектілерімен мәліметтерді беру қағидаларында көзделген қаржылық мониторингке жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелдері – Субъектілерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ немесе өзге де қылмыстық әрекет процестеріне әдейі немесе абайсызда тарту мүмкіндігі;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару – Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту (клиенттердің қызметтеріне қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;
5) мінсіз іскерлік бедел – кәсібилікті, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын фактілердің болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушы (ірі акционер) болу өмір бойы құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
6) уәкілетті орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5. Ішкі бақылау мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
1) Субъектілердің КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қолдау болып табылады;
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін барынша азайту.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде:
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметімен не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органмен ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешім болған жағдайда, оны жүргізуін қамтитын ішкі бақылау қағидаларын Талаптарға сәйкес әзірлеуді және қабылдауды;
2) бөлінген байланыс арнасының болуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.7. Субъектілер ішкі бақылау қағидаларды (бұдан әрі – ІБҚ) іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғалар болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.8. ІБҚ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында Субъектілердің іс-қимыл тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.9. ІБҚ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды Субъектілер осы Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және Субъектілердің ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.
10. КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Субъектілер оларды қабылдаған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
2-тарау. Субъектілерінің ІБҚ-ын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы
11. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін Субъект пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен бағдарламалық қамтамасыз етулерді қолдану;
2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан және іскерлік қатынастарды тоқтатудан бас тартқан, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қолданған жағдайларда жүргізіледі;
3) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиент операциясын күдікті ретінде тану;
4) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, клиенттің іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуы, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуы, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартуы фактілері туралы, Уәкілетті органға мәліметтер, ақпарат және құжаттар беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтамасыз етудегі жұмыстың нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тұмшалау жөніндегі шаралар туралы мәліметтер;
Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттамалық тіркеу Субъектілер белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;
5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ мақсатында ұйымның ішкі аудит қызметімен не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге органмен ішкі бақылау тиімділігін бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда, оны жүргізудің нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті уәкілетті органдарға дайындау және ұсыну;
6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру, оның ішінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін, бейрезидент заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымын тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері;
7) Субъектілердің зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі операцияны күдікті операция ретінде тануы;
8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту;
9) бақылау шараларын, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі рәсімдерді әзірлеу;
10) өз клиенттерін тәуекел дәрежесін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалауды ескере отырып жіктеу;
11) барлық құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде біржолғы операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап немесе біржолғы мәміле жасалған күннен кейін кемінде бес жыл, оларды сотта дәлелдеме ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар уәкілетті органға, сондай-ақ өздерінің құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшін сақтау.
Субъектілердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі қосымша шараларды Бағдарламаға енгізуіне жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.12. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары мыналарды қамтиды:
1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеуді, енгізуді;
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың ұсынылуын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;
4) клиенттердің операцияларын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;
5) клиенттердің операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;
6) уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерін орындау болып табылады;
7) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттамалық тіркеу;
9) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиент досьесін қалыптастыру;
10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау болып табылады;
11) барлық құжаттар мен мәліметтерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.13. Жүктелген функцияларға сәйкес Субъектілер:
1) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;
2) уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-баптың 3-1-тармағына сәйкес береді.
Субъектілердің қосымша функциялар мен өкілеттіктерді қосуына жол беріледі.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.14. Осы Талаптардың 12-тармағында көзделген Субъектілердің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен қоса атқарылмайды.
3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілген қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін (тәуекелдің төмен, жоғары деңгейлері) басқару бағдарламасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
15. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер клиенттердің тәуекелдерін және технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.
Субъектілер Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жария ету тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жария ету тәуекелдерінің есебіндегі ақпаратты және ең аз дегенде мынадай тәуекелдердің ерекше санаттарын ескере отырып жүзеге асырады: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, көрсетілетін қызметтің (өнімдердің) тәуекелі және (немесе) оны ұсыну тәсілі.
Тәуекелдерді бағалау нәтижелері уәкілетті органның және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ саласындағы реттеуші органның талабы бойынша ұсынылады.
Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен сүйемелденеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне келесі факторлар жатады, бірақ олармен шектелмейді:
1) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайлары мен жақын туыстары, сондай-ақ аталған тұлағалар бенефициарлық иеленушілері болып табылатын заңды тұлғалар;
2) азаматтығы жоқ адамдар;
3) Қазақстан Республикасында тіркелген немесе болатын мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген ұйымдар мен адамдар, сондай-ақ аталған адамдардың бенефициарлық меншік иелері;
Тізім және Тізбелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады;
5) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар болып табылады;
6) осы Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
7) оған қатысты алынған деректердің дұрыстығына күмән келтіруге негіз бар клиент;
8) клиент операцияның не пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі практикасынан ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларының асығыс жүргізілуін талап етеді;
9) өзіне қатысты Субъект бұрын күдік келтірген клиент;
10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін клиенттердің түрлері келесі факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ оларға бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2) акциялары Қазақстан Республикасы қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар.
4) осы Талаптардың 19-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері жатады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.18. Субъектілер осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттердің клиенттеріне қызметтер (өнімдер) ұсынуға және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер келесі факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 Қаулысымен белгіленген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 тіркелген) енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);
басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін білдіретін Субъектілер ретінде айқындалған шет мемлекеттер (аумақтар).
БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.19. Операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін шетел мемлекеттері келесі факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
халықаралық стандарттарды орындайтын және ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) мәліметтеріне сәйкес КЖ/ТҚҚ тиімді жүйесі бар шет мемлекеттер (аумақтар).
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.20. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын Субъектілердің қызметтеріне (өнімдеріне) клиент (оның өкілі) бенефициарлық меншік иесі кірген кезде қосылады, бірақ олармен шектелмейді:
нотариаттық іс-әрекеттердің асығуын талап етеді;
стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларын талап етеді, оларды қолдану Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен өзгеше;
қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді жасайды;
операциялар бойынша бұрын күдікті деп танылған.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.21. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін арттыратын өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері келесі факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
клиенттің (оның өкіліне) жеке қатысуынсыз операцияны жүзеге асыру;
клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты клиентті тиісті тексеру шараларын қолдану үшін үшінші тараптардың қызметтерін пайдалану.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.22. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелін төмендететін өнімді (қызметті) ұсыну тәсілдері келесі факторларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
клиенттің жеке қатысуымен операцияларды жүзеге асыру.
Субъектілердің уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша қосымша тәуекел факторларын енгізуіне жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.23. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде субъектілер осы Талаптардың 16-22-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекел факторларын, сондай-ақ субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді сыныптау бойынша шаралар қабылдайды.
Клиент тәуекелінің деңгейін Субъектілер Субъектілерде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша белгілейді және кемінде екі деңгейден (төмен, жоғары) тұратын тәуекел деңгейін айқындау шәкілі бойынша бағаланады.
Осы Талаптардың 16-22-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелдерді бағалау операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелері негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.
Клиент тәуекелінің деңгейін қайта қарауды Субъектілер клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына және операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелеріне қарай жүзеге асырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.24. Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтайды және бағалайды:
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеу;
2) жаңа және бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдалану.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы
25. Клиентті және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, клиент (оның өкілі) туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент және олардың өкілдері туралы заңда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады:
1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операцияны жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қабылдау тәртібі;
2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиентті (оның өкілін) бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктері, Субъектінің жеке тұлғаны клиенттің бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібі;
3) Субъектінің қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ аталған тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттердің заңды тұлғалары арасынан жария лауазымды тұлғаларын, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдауға (ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын ала отырып) бағытталған шаралардың сипаттамасы;
4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін Тізімде және Тізбелерде тексеру тәртібі;
5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан белгілеу кезінде сәйкестендіру ерекшеліктері (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);
6) Талаптарды орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтер алмасу ерекшеліктері;
7) басқа ұйымдардан мәліметтер алу, оның ішінде өздерінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің пайдасына немесе атынан операциялар жасалатын жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;
8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасы;
9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру тәртібі;
10) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьедегі мәліметтерді жаңартуға (жылына кемінде 1 рет) қойылатын талаптар;
11) сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа Субъект қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімін қамтиды;
12) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері.
Егер Субъект КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға, не шетелдік қаржы ұйымына Субъектінің клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, Субъект мынадай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді:
Субъектілердің сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы;
ұйым мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі;
сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімі мен мерзімдері;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды Субъектінің жүзеге асыру рәсімі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде Субъект қабылдайтын шаралар;
сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, ұйымға алынған мәліметтерді беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, Субъектінің сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздері, рәсімі және мерзімдері;
сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесі;
Субъект сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, олардың жауапкершілігі туралы ережелер;
ұйымның сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімі;
КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал тәуекелдерін анықтау рәсімі.
ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-баптың 10-тармағына сәйкес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) басқа Субъект немесе шетелдік қаржы ұйымы тіркелген, болған жағдайда Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарда көзделген іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.26. Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісті тексеруді жүргізу кезінде оларды мынадай міндеттемелер бойынша сәйкестендіреді:
1) сенімді, тәуелсіз бастапқы құжаттарды, деректерді немесе ақпаратты қолдана отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру және клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын растау;
2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін ақылға қонымды шаралар қабылдау, бұл Субъектіге бенефициарлық меншік иесінің кім екенін білетініне сенуге мүмкіндік береді. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмаған шетелдік ұйымдар үшін бұл Субъектінің басқару құрылымы мен клиенттің меншігі туралы ақпарат алуын қамтуы керек;
3) іскерлік қатынастардың мақсаттары мен болжамды сипаты туралы ақпаратты түсіну және қажет болған кезде алу;
4) жасалатын мәмілелердің Субъектілердің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі, оның шаруашылық қызметі және тәуекелдердің сипаты туралы, оның ішінде қажет болған жағдайда қаражат көзі туралы мәліметтерге сәйкестігі туралы көз жеткізу үшін тұрақты негізде іскерлік қатынастарға тиісті тексеру жүргізу және осындай қатынастар шеңберінде жасалған мәмілелерге толық талдау жасау;
5) баламалы немесе ұқсас лауазымдарды атқаратын заңды тұлға құрмаған шетелдік ұйымдарға, жеке деректерге қатысты.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру үшін Субъектілерге қажетті құжаттар тізбесі:
заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға сенімхатсыз клиент атынан іс-әрекеттер жасауға арналған құжат (құжаттар);
клиент өкілінің клиенттің атынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, оның ішінде клиенттің құжаттарына қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.
Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жүргізген кезде клиент туралы мәліметтерді клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша ұсынылатын түпнұсқалардың не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерінің не апостиль қоя отырып, құжаттардың көшірмелерінің негізінде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттық түрде тіркейді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.28. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, субъектілер іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.
29. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, клиент туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді:
1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған кезде;
2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған) жағдайларда;
3) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған жағдайларда;
4) клиент қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияны (мәмілені) жасаған жағдайларда тоқтатылады.
Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейі мен осы талаптарға сәйкес бұрын алынған не қосымша мәліметтер алу қажеттілігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастар орнатылған кезде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.
30. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде осы Талаптардың 27-тармағына сәйкес алынған құжаттар мен мәліметтерді Субъектілер құжаттамалық тіркейді және клиенттің досьесіне енгізеді.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер және күдікті операцияларды, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъект клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтауға тиіс.
Субъектілер КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде олар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін басқа Субъектілерінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне тиісті тексеру шараларына Субъектілер сүйенетін ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа Субъектілердің дерекқорларынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.
Субъектілер клиенттің досьесін олар ІБҚ-ға сәйкес берген тәуекелінің деңгейіне қарай ол туралы мәліметтерді тіркеу арқылы қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісті тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі тіркеледі.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер (салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер) жатады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексерудің оңайлатылған шаралары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.31. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде субъектілер тізімде және тізбелерде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) тізімде және тізбелерде болуын тексеру (тізімге және тізбелерге енгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және оларға өзгерістердің (жаңартулардың) енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.
Субъектілер клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға, оның жұбайына және жақын туысына тиесілігіне тексеру жүргізіледі.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде 1 (бір) рет жүзеге асырылады.
Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту мерзімділігі және (немесе) алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейі және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.
Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шараларын қабылдау мүмкін болмаған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай факті туралы хабарлама жібереді.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы
32. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъектілер клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.33. Клиенттердің операцияларын бақылау және зерттеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-баптың 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі, сондай-ақ Субъектілермен дербес әзірлеуі;
2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімін қамтиды;
3) клиент әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған кезде Субъектілердің клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттау;
4) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстарын болып табылатын, сондай-ақ, олардың жүзеге асырылу нысанына және ақша қаражатының және (немесе) осындай клиенттердің басқа меншігінің шығу көзін анықтауды қоса алғанда, олар жасалған не жасалуы мүмкін сомасына қарамастан көрсетілген тұлғалар бенефициарлық меншік иелері болып табылатын клиенттерге қызмет көрсетуге қабылданған қаржылық операциялардың тұрақты күшейтілген мониторингін жүзеге асыру тәртібі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.34. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасының шеңберінде Субъектілер КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелері Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдер деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.
Клиент операцияларының мониторингі және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) Субъектілерде клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.35. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жария ету тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, клиенттің операцияларды (операцияларды) жасауын (жасауға әрекет жасауын) ескере отырып, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъектілер клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды субъект айқындайтын операцияны жүргізгенге дейінгі кезеңде, бірақ әдетте бір айдан аспайтын мерзімде зерделейді.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейін берген кезде, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған кезде Субъектілер клиент белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.36. Егер осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыруға байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда клиенттің операциялары күдікті деп танылады.
Клиент операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді Субъектілер клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын өзінің иелігіндегі мәліметтер мен құжаттардың, сондай-ақ клиенттің қаржы-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпараттың негізінде дербес қабылдайды.
Бұл ретте операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырмашылық Субъектісінің ІБҚ-ға сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.
Субъектілер уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен тиісті шешім қабылдаған (іс-әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны туралы хабарламалар ұсынады.
Субъектілер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.6-тарау. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
37. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында Субъектілерді даярлау және оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) уәкiлеттi орган қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша бекiтілген қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚІ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.
Оқыту бағдарламасының мақсаты Субъектілер жұмыскерлерінің КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың, сондай-ақ ІБҚ-ның талаптарын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ саласындағы Субъектінің өзге де ішкі құжаттарын орындауы үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.38. Алып тасталды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
39. Алып тасталды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.09.2022 № 31 және ҚР Әділет министрінің 15.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.