"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің | |
2022 жылғы 18 ақпандағы | |
№ 87 бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында (бұдан әрі – ТИ) ұсталатын адамдардың есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
ТИ-де "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 11) тармақшасында айқындалған адамдар ұсталады.
ТИ-де ұсталатын адамдардың есебін жүргізу:
1) жеке және сандық есебін жүргізуді жүзеге асыруды;
2) есепке алу құжаттарын ресімдеу және жүргізуді;
3) айдауылдауға құжаттарды ресімдеуді;
4) есепке алу құжаттарын беруді көздейді.
2. ТИ-де ұсталатын адамдарды есепке алуды ТИ-дің арнайы есепке алу бөлімдері (бөлімшелері, топтары) жүзеге асырады (бұдан әрі – арнайы есепке алу бөлімі).
3. ТИ-де ұсталатын адамдарды есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына жолданады.
4. Арнайы есепке алу бөлімінің барлық жұмыстын оның бастығы ТИ басшылығы бекіткен жоспарға сәйкес ұйымдастырады.
2-тарау. ТИ-де ұсталатын адамдарды қабылдау және есепке алу
5. ТИ-де ұсталатын адамдарды есепке алу:
1) жеке:
журнал бойынша;
есепке алу карточкасы бойынша;
күдіктiнің, айыпталушының және сотталғанның жеке ісі бойынша;
2) сандық – сотталғандардың қозғалысы туралы бес күндік есеп бойынша жүргізеді.
Екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер базасына ТИ-де ұсталатын адамдар туралы мәліметтерді енгізеді.
6. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс ТИ-де ұсталатын адамның негізгі есепке алу құжаты болып табылады.
7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік карточкалар ТИ-ге келіп түскен адамдарға жеке істеріндегі құжаттардың негізінде толтырылады.
8. Арнайы есепке алу бөлімі қылмыстық процесті жүргізуші органның талабы бойынша күдіктінің, айыпталушының және сотталғанның ТИ-ге келіп түскені туралы оларға бір тәулік ішінде ақпарат жібереді.
9. ТИ-ге келіп түскен адамның Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабында көзделген жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі қылмыстық процесті жүргізуші органға олардың жоқтығы және аталған адамды құжаттандыру қажеттігі жөнінде хабарлама (сұрау) жібереді.
10. ТИ-де ұсталатын адамдардың саны, құрамы және қозғалысы туралы күнделікті есепке алу және есеп жасау үшін арнайы есепке алу бөлімі ТИ-де ұсталатын адамдардың тәуліктік болуын есепке алудың еркін нысандағы дәптерін жүргізеді.
ТИ-де ұсталатын адамдардың болуы және қозғалысы осы нысан бойынша күн сайын таңғы сағат сегіздегі жағдай бойынша көрсетіледі.
11. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТИ бастығының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - ТИБКК) ТИ-де ұсталатын адамдардың әр тәулік бойы қозғалысы (келіп түсуі, кетуі) туралы анықтама жасайды және оны есепке алу құжаттарымен, жеке істерімен бірге арнайы есепке алу бөліміне тапсырады.
12. ТИ-дің корпус бойынша аға қызметкерлері немесе кезекшілер ай сайын 30-на қарай камералық карточкалар бойынша ТИ-де ұсталатын барлық адамдарды тегі бойынша тексеруді жүргізеді. Тексерудің нәтижелері бойынша акті жасалып, арнайы есепке алу бөліміне тапсырылады.
13. Есептік карточкаларға тиісті белгілер енгізу үшін арнайы есепке алу бөлімі ТИБКК-дан күн сайын:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген талондарды;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың негізінде есептік карточкаларына тиісті белгілер жүргізілетін ТИ-де ұсталатын адамдардың орнын ауыстыру туралы тізімдерді;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру туралы талаптарды;
4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істерге тіркеу үшін шақыру талондарын қабылдайды.
14. Уақытша кеткен адамдардың қайта оралуын, сондай-ақ адамдардың қамауда ұсталу мерзімдерін, сотталғандардың және транзитпен айдауылданатын адамдардың уақтылы айдауылдануын бақылау мақсатында арнайы есепке алу бөлімі болудың және кеткендердің есепке алу-анықтамалық картотекасын жүргізеді.
15. Болудың есепке алу-анықтамалық картотекасына ТИ-де ұсталатын барлық адамдардың, оның ішінде ТИ-ден жеке істерінсіз және болудың есебінен шығарылмай кеткендердің және бір тәулік ішінде қайтып оралмағандардың есепке алу карточкалары салынады.
ТИ-де ұсталатын адамдарды жазаны өтеу және ТИ-ден босату үшін есептен шығарумен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелері) жіберген кезде есепке алу карточкалары жасалады, олар есепке алу-анықтамалық картотекада сақталады.
Бұл картотекада ТИ-ге қайтарылуы тиіс уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) жеке істерімен қоса кеткен адамдар да есепке алынады.
16. Картотекада карточкалар әліпбилік тәртіпте қойылады.
3-тарау. ТИ-де ұсталатын адамдардың жеке істерін жүргізу
17. ТИ-де ұсталатын адамның жеке ісі екі бөліктен тұрады және жеке басын куәландыратын құжаттармен, сондай-ақ оны ТИ-де ұстау және одан босату үшін негіз болып табылатын қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулыларымен жинақталады.
Жеке іске ТИ-де ұсталатын адамның процестік құжаттардың көшірмелерін алғандығын растайтын қолхаттар, үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтама да тігіледі.
Жеке істердің есепке алу жазбалары жариялауға жатпайды және осындай есепке алу деректеріне қолжетімділігі бар адамдарға ғана ұсынылады.
Жеке істің мұқабасына басқа жазбалар жүргізуге рұқсат жоқ.
18. ТИ-де ұсталатын адамның жеке ісі жоғалған жағдайда оны арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері қалпына келтіреді және істің мұқабасына "Қалпына келтірілген" деген белгі қойылады.
Жеке істің жоғалғаны жөнінде прокуратураға хабарланады.
19. Жеке істер ТИ-де ұсталатын адамдардың қозғалысын есепке алу журналында еркін нысанда толтырылады.
20. Транзитпен жөнелтілетін адамдардың жеке iстерi тек ерекше жағдайларда ТИ бастығы бекіткен жауапты қызметкердің баянаты негізінде ғана ашылады.
21. Процестік, оның ішінде сот құжаттары бойынша қандай да бір түсінбеушілік анықталған кезде не болмаса олардың түпнұсқалығында күмән туған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі кешіктірмей қылмыстық процесті жүргізуші органнан немесе соттан түсіндірме немесе құжаттың түзетілген (толықтырылған) көшірмелерін сұратады.
Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі тиісті баптың санкциясын асыруы, жаза мерзімін есептеу кезіндегі қателіктері, мекеме түрін дұрыс тағайындамауы және өзге де қателері анықталған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі ол туралы қадағалаушы прокурорға хабарлайды.
Егер бірнеше рет сотталған адамға бастапқы үкімдер бойынша жаза мерзімі қысқартылып, бірақ үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның мерзімі өзгертілмеген болса арнайы есепке алу бөлімі тиісті сотқа ақырғы жаза мерзімін анықтау туралы сұрау жіберуі тиіс.
22. Егер ТИ-де ұсталатын адам екі немесе одан да көп қылмыстық істер бойынша қылмыстық жауапқа тартылған болса, ол туралы осы істер өндірісіндегі қылмыстық қудалау органдарына хабарланады.
Хабарламалардың көшірмелері ТИ-де ұсталатын адамның жеке ісіне қоса тіркеледі. Жеке ісінің мұқабасында және есепке алу карточкасында: "_____ іс бойынша өтеді" деген мөртаңба қойылады.
23. ТИ-де ұсталатын адамдардың жеке істері қай органның есебінде тұрғанына, қылмыстық процесті жүргізуші орган, одан кейін үкімнің заңды күшіне енген соң мекемелерге жазасын өтеу үшін жіберілуіне қарай металл жәшіктерде әліпбилік тәртіпте сақталады.
Транзитпен жөнелтілетін адамдардың, сондай-ақ ТИ-де шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындауға пайдаланылатын сотталғандардың жеке істері бөлек сақталады.
ТИ-де ұсталатын сотталғандардың жеке істері басқа істер бойынша олардың қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты арнайы есепке алу бөлімінде олардың қылмыстық процесті жүргізуші органның есебінде тұрғандығына байланысты тиісті санаттағы жеке істермен бірге сақталады.
24. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ ТИ жедел бөлінісі қашуға, ұстау режимін қасақана бұзуға бейім ретінде профилактикалық есепке қойған адамдарға қатысты жеке істің мұқабасында жедел бөліністердің қызметкерлері оң жақ жоғарғы бұрыштан төменгі сол жақ бұрышқа қызыл жолақ жүргізеді.
25. Уақытша қызметік пайдалану үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жеке істер ТИ-дің жедел, режим және тәрбие бөліністерінің қызметкерлеріне беріледі. Жеке істерді беру және қайтару уақытты және қызметкердің тегі мен аты-жөнін (бар болған жағдайда) көрсете отырып, еркін нысандағы журналда қол қою арқылы жүргізіледі.
26. ТИ-ден босатылған немесе қайтыс болған адамдардың жеке істері босату немесе қайтыс болу туралы құжатпен бірге ТИ-дің мұрағатына тапсырылады.
27. Ішкі істер органдарының арнаулы мемлекеттік мұрағаттарына аумақтылық бойынша ТИ-де ұсталған мына адамдардың тұрақты және ұзақ сақтау мерзімдері бар:
1) қылмыстық істері тоқтатылған;
2) ТИ-де ұстау уақытында қайтыс болған;
3) ТИ-де болған кезде өндірістік қызметпен байланысты жұмыс жасау қабілетінен айырылғандардың жеке істері беріледі.
4-тарау. Уақытша кеткен адамдарды есепке алу
28. ТИ-ден жеке ісінсіз бір тәуліктен аспайтын мерзімге кеткен адамды арнайы есепке алу бөлімі уақытша кеткен адам ретінде есепке алады.
Адамның ТИ-ден кетуіне осы адам есебінде тұрған қылмыстық процесті жүргізуші органның жазбаша талабы негіз болады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның талабын алған соң арнайы есепке алу бөлімі екі тәуліктен кешіктірмей ТИ-ден айдауылдауды жүзеге асыратын Ұлттық ұланның әскери бөлімінің командиріне не аумақтық ішкі істер органының бастығына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды. Өтінім қарауыл бастығына айдауылданатын адамдарды қабылдап алу үшін ТИ-ге келгенге дейін де тапсырылуы мүмкін.
Қылмыстық процесті жүргізуші органға айдауылдануы тиіс адамдарды жөнелткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей арнайы есепке алу бөлімі ТИБКК-ға осы адамдарды жеткізу туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның талабымен жеке істерін қолхат арқылы тапсырады.
29. ТИ-ден уақытша кеткен адам бір тәулік ішінде қайтарылмаған жағдайда ТИБКК қайтып келмеудің себептерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды және уақытша кеткендерді есепке алудың тәуліктік ведомосінде көрсетеді.
Кеткен адам сотталған жағдайда ТИБКК қарауылдан (айдауылдан) алған үкімнің көшірмесін не оның үзіндісін арнайы есепке алу бөліміне тапсырады.
Айдауылданған адам сот залынан немесе қылмыстық процесті жүргізуші органның үй-жайынан күзет қамауынан босатылғанына байланысты соттан қайтарылмаған жағдайда арнайы есепке алу бөлімі босатуға негіз болған құжатты (үкімнің, соттың, қылмыстық процесті жүргізуші органның бұлтартпау шарасын өзгерту немесе істі тоқтату туралы қаулысының көшірмелері) сұратады.
30. ТИ-ден басқа елді мекеннің уақытша ұстау изоляторы арқылы қылмыстық процесті жүргізуші органға кетіп бара жатқан адам айдауылмен қоса жолданатын жеке ісімен бірге жіберіледі және болудың есебінен шығарылады.
31. ТИ-де ұсталатын адам қашқан жағдайда дереу тиісті қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарланады. Есепке алу карточкасында қашқаны туралы белгі қойылады.
5-тарау. ТИ-де ұсталаған қайтыс болған адамдарды есепке алу
32. Арнайы есепке алу бөлімі ТИ-де ұсталатын адам егер қайтыс болса, осы адам есепте тұрған қылмыстық процесті жүргізуші органға, қайтыс болған адамның заңды өкілдерінің біреуіне дереу хабарлама жолдайды.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда ол туралы қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне хабарланады.
33. Күдіктінi, айыпталушыны және сотталғанды оның өліміне байланысты бар-жоғы есебінен шығару есепке алу анықтамасына қайтыс болуы туралы белгіні қоюмен жүргізіледі.
34. Қайтыс болған сотталғанның жеке ісіне:
1) жергілікті атқарушы органға қайтыс болғаны туралы жолданған хабарламаның көшірмесі;
2) қайтыс болғаны туралы заңды өкілдеріне жолданған хабарламаның көшірмесі;
3) қайтыс болғаны туралы медициналық құжаттың көшірмесі;
4) жазатайым жағдай туралы (егер жазатайым жағдай салдарынан қайтыс болса) акті;
5) тергеу материалдары (егер зорлық-зомбылық немесе өзіне өзі қол жұмсау салдарынан қайтыс болса);
6) медициналық ашып қарау актісі (егер жүргізілген болса);
7) мәйітті жерлеу туралы немесе заңды өкілдеріне беру туралы акті;
8) қайтыс болған адамның жеке заттарын, ақшасын және бағалы заттарын заңды өкілдеріне салып жіберу (беру) туралы түбіртек, қайтыс болғаны туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы тігіледі.
35. Жерлеу туралы барлық мәліметтер еркін нысандағы журналға енгізіледі, ол арнайы есепке алу бөлімінде сақталады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
(бірінші мұқабаның сыртқы жағы)
Күдіктінің, айыпталушының және сотталғанның
ЖЕКЕ ІСІ
Тегі___________________________
Аты __________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда)______________
Басталды 20__жылғы "___"_________
Аяқталды 20 __жылғы "__"__________
№ __________ мұрағат
(бірінші мұқабаның ішкі жағы)
Күдіктінің, айыпталушының және сотталғанның есепке алынуы (ауыстырылуы) туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Күні | Кім есепке алған (ауыстырған) |
АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ (СОТТАЛҒАННЫҢ) ҚОЗҒАЛЫСЫН ТІРКЕУ
ТИ, мекеменің атауы | ТИ, мекеменің орналасқан жері (қала, ауыл, ТЖ стансасы) | Болу уақыты | Жеке істі тіркеу нөмірі | |
келді | кетті | |||
(бірінші жапсырма парақ)
1-БӨЛІМ
Жеке істің бірінші бөліміне мынадай құжаттар тігіледі:
бұлтартпау шараларын таңдау туралы қаулы; ұстау хаттамасы немесе қамауға алынғаны туралы анықтама; хаттама немесе бұлтартпау шарасын таңдау кезіндегі тінту актісі; сауалнамалық деректер; дактилоскопиялық картасы; сотталған жазасын өтеп жатқандағы бойынша көшірме (үкімнің көшірмесі); апелляциялық қаулының көшірмесі немесе үкімнің заңды күшіне енгені туралы соттың хабарламасы; бұрынғы соттылығының бар-жоғы немесе болмағандығы туралы анықтама; үкімнің орындалу мәселелері бойынша сот қаулысының көшірмесі; үкімнің өзгеруі туралы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу туралы қаулы көшірмесі немесе соттың қаулысы (оның ішінде, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы, шартты босату туралы, жазаны өтеуден ауруы бойынша босату); Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы Жарлығын орындау туралы ұйғарымы; рақымшылықты қолдану туралы қаулылардан үзінді және басқа да құжаттар; босату немесе үкімнің өзгеруі туралы құжаттардың орындалу туралы хаттардың көшірмесі; өлімі туралы медициналық құжаттардың көшірмесі, жазатайым жағдай туралы акті, (егер өлім жазатайым жағдай нәтижесінде болса), сот-медициналық кесу актісі (егер ол болған болса), жерлеу туралы немесе мәйітті туыстарына беру туралы акті, сотталғанның өлімі туралы жергілікті атқарушы органдарға және туыстарына жіберілген хабарламалар көшірмесі; сотталғанның қашуы туралы хабарлама; босатылғаны туралы анықтамалардың көшірмесі; ақшаны, заттарды және өзге де бұйымдарды, сондай-ақ ордендерді, медальдарды және құжаттарды алып қою туралы түбіртектің (актінің) көшірмесі; қайтыс болған адамдардың заңды мұрагеріне жеке заттарын, ақшаны және өзге де бағалы заттарды беру немесе салып жіберу туралы түбіртек; өндірістік зақым және бас бостандығынан айыру орындарында болған кезеңде мүгедектік алғанын растайтын актілер.
Барлық құжаттар олардың түсуі бойынша тігіледі және тізімге кіргізіледі.
Жеке істің бірінші бөліміндегі құжаттардың
тізімі
№ р/с | Құжаттың атауы | Парақтардың нөмірлері | Ескертпе |
(екінші жапсырма парақ)
2-БӨЛІМ
Жеке істің екінші бөліміне мына құжаттар тігіледі:
Айыпталушының (сотталғанның) мінездемесі; шартты түрде мерзімінен бұрын, шартты босату, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру, төтенше қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту, сондай-ақ осы мәселелер бойынша бақылау комиссиясының шешімі, сотталғандарды ерекше бақылау қажеттігі туралы анықтама-бағдар (егер ол қашуға және есірткіні пайдалануға және т.б. бейім болса) мәселелері бойынша комиссия отырысының хаттамаларынан үзінділер; марапаттау және жазалау туралы құжаттар; айдауылдан шығару (айдауылдау) туралы қаулылар және оған құжаттар; шағымдарды және арыздарды жіберу туралы ілеспе құжаттардың көшірмелері, шағымдар мен арыздарға жауаптар; сұраулар хаттамалары; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау туралы қолхат; айыпталушының (сотталғанның) түзелуі, оның мінез-құлқына, байланыстарына баға беру үшін мәні бар және т.с.с. басқа да құжаттар.
Барлық құжаттар олардың түсу күніне қарай тігіледі және тізімге кіргізіледі.
Белгіленген тәртіппен ресімделмеген құжаттарды, олардың үзінділерін, құжаттардың жобаларын және өзге де бүлінген материалдарды тігуге тыйым салынады.
Жеке істің екінші бөліміндегі құжаттардың
тізімдеме
№ р/с | Құжаттың атауы | Парақтардың нөмірлері | Ескертпе |
(екінші мұқабаның ішкі жағы)
құжаттары бар конвертті жапсыруға арналған орын
Конверттегі келесі құжаттар тігіледі:
Жеке куәлік; халықаралық төлқұжат; әскери билет; жүргізуші куәлігі; туу туралы акт жахбасы; туу және неке қию туралы куәліктерінің көшірмелері; балалардың туу туралы куәлігі.
Конверттегі құжаттардың
тізімдемесі
№ р/с | Құжаттың атауы | Парақтардың нөмірлері | Ескертпе |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
(алдыңғы беті) Есептік кәртішке
1.Тегі_____________________________ |
Орган ____________________________ |
(екінші беті)
Кім ұстады (сотталды)______________________________________
Қашан____________________________________________________
ҚР ҚК бабы_______________________________________________
Мерзімі________ жыл ______________________________________
(қосымша шараларды толықтай көрсету)
Үкім заңды күшіне енді_____________________________________
(өлшемі 140х95мм)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
ТИ-да 20___ ж "___"________8.00-ден бастап 20___ ж "___"_________ 8.00-ге дейін
ұсталатын адамдардың қозғалысы (келуі, кетуі) туралы
АНЫҚТАМА
1. 8.00 сағатта "___"________ адам ұсталды.
2. 8.00-ден 20.00-ға дейінгі ауысымдағы қозғалысы.
_____________________________________________________________________________
Келді (қайдан) | Саны | Кетті (қайда) | Саны
_____________________________________________________________________________
Барлығы ауысым бойынша: _____________________________________________________
ТИ бастығының кезекші көмекшісі _________________________________ ______
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
1. 20.00 сағатқа "__" сотталған, күдікті, айыпталушы ұсталды
2. 20.00 сағаттан бастап 8.00 сағатқа дейінгі ауысымдағы қозғалысы
_____________________________________________________________________________
Келді (қайдан) | Саны | Кетті (қайда) | Саны
_____________________________________________________________________________
Барлығы ауысым бойынша:_____________________________________________________
ТИ бастығының кезекші көмекшісі _________________________________ _______
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
3. Қайтадан тәулігіне "__" _____ 8.00-ден бастап "__" _____ 8.00-ге дейін ______адам келді.
4. Қайтадан тәулігіне "__" _____ 8.00-ден бастап "__" _____ 8.00-ге дейін ______ адам кетті.
5. Барлығы "__" _____ 8.00 жағдайында барлығы ______сотталған, айыпталушы ұсталады.
ТИ бастығының кезекші көмекшісі _________________________________ _______
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
20__ж. "___" _______________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Күдіктіні, айыпталушыны және сотталғанды ауыстыру туралы
ТАЛОН
№____ корпус бойынша аға маман _______________________________ мырзаға
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Күдікті, айыпталушы, сотталған Т.А.Ә. (болған жағдайда)________________________
__________________________________________________________________________
№ камерадан ____ № камераға ауыстырылсын _________________________________
Ауыстырудың негіздемесі___________________________________________________
ауыстыруға нұсқау берген адамның қолы және Т.А.Ә. (болған жағдайда)
20__ж. "__" ____________ _____________________________________________________
_____________ (ауыстыруға нұсқау берген адамның қолы және Т.А.Ә. (болған жағдайда)
20__ж. "__" _____________
(өлшемі 100x140 мм)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
Ауыстырылатын күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың
тізімі
№____ корпус бойынша аға маман _______________________________мырзаға
№ р/с |
Тегі, аты-жөні, әкесінің аты | № камерадан | № камераға | Ескертпе |
Ауыстыруға нұсқау берген адамның қолы________________________ ______
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
20__ж. "__" ____________
Тізімде көрсетілген адамдарды ауыстырған________________________ _____
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
20__ж. "__" ____________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
(алдыңғы беті) Шақыру туралы талап № ________№ __________ кабинеті Айыпталушыны, күдіктіні, сотталғанды (керек емесін сызып тастау қажет) кездесуге шақыруыңызды сұраймыз ___________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________ ___________________________________ кімнің есебінде _____________________ ___________________________________ ___________________________________ Кім шақырды ______________________ жауап алған адамның қолы Т.А.Ә. (болған жағдайда)__________________ жауап алуға, кездесуге құқық берілген __________________________________ № ________________________________ берілген күні _______________________ қосымша __________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)___________ ________________________________________ 20__ж. "____" ___________ (өлшемі 100х140 мм) |
(келесі беті)
Басталуы 20__ ж. "____" ________ |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
(алдыңғы беті) №_______ шақыру талоныКорпус бойынша аға маман № __ № ___________________ №_______ камерадағы күдікті, айыпталушы, сотталған _____________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) жауап алу (адвокатпен кездесу) үшін № __ кабинетке шығарыңыз ТИ бастығының кезекші көмекшісі _____________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы 20__ж. "____"________________ (өлшемі 100х140 мм) | (артқы беті) Күдіктіні, айыпталушыны және сотталғанды__________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) №_____камерадан Қабылдадым 20 __ж. "____"________ "____" сағ. "____" мин. күдіктіні, айыпталушыны, сотталғанды бекеттегі бақылаушыдан жауап алуға (адвокатпен кездесуге) қабылдаған адамның қолы _________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) Жауап алу (адвокатпен кездесу) аяқталғаннан кейін күдікті, айыпталушы, сотталған №_______ камераға қабылданды "____" сағ. "____" мин. 20 __ж. "____"________ күдіктіні, айыпталушыны, сотталғанды қабылдаған адамның қолы _________________________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
(алдыңғы беті) Айдауылды жіберуі (келуі)туралы белгі__________________ _____________________________ Айдауылдың (қарауылдың) келу және кету уақыты _____________________________ _____________________________ Бөлімнен (бөлімшеден) Жіберілді ____________________ сағ. "___" "___" мин.______ тергеу изоляторына келді _____________________________ сағ. "___" "___" мин.тергеу изоляторынан жіберілді _____________________________ _____________________________ сағ. "___" "___" мин. Сот мекемесіне келді ____________________________ сағ. "___" "___" мин. тергеу изоляторына келді ____________________________ сағ. "___" "___" мин. ____________________________ Бөлімге (бөлімшеге) қайтып келді ____________________________ Айдауыл қызметін тексеретін адамдардың белгілері___________________ ___________________________ Қарауыл жұмысын орындау туралы штаб бөлімінің (бөлімше командирі) қорытындысы__________________ _________________________________ | (артқы беті) Тергеу изоляторының мөртабаныҚазақстан Республикасы ІІМ ҰҰ әскери бөлімінің командиріне ___________________________ ___________________________ Өтінім 20_ ж. сағ"___"_______ қарауыл жіберуіңізді сұраймын Аталғандарды айдауылдау үшін ___________________________ ___________________________ (сот мекемесінің атауы) __________________________ мекенжайы бойынша ___________________________ ___________________________ күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар өкіміне түседі ___________________________ ___________________________ Сот процесінің басталуы сағ. "___" "___" мин.________ ТИ бастығы________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы |
ТИ-да ұсталатын адамдардың және оларға арналған анықтамалық деректердің
тізімі
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы |
Қандай бап (ҚК бабы бойынша) | Ұсталып жатқан жері (ТИ атауы) | Айдауылдау кезінде бір бірінен және басқа сотталғандардан оқшалау қажет пе? | Қандай наряд қажет (күнделікті немесе күшейтілген) |
Сотқа жіберуге жататын заттай | Іздестіруді жүргізген адамның тегі | Сотталушыларды қарауылдан қабылдау немесе қамаудан босату туралы мөрі бар қолхаты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
____________________________________________________ ____________
Өтінімді толтырған адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе:
1. Егер сот отырысына куәгер ретінде бір уақытта бұрын сотталған және күдікті, айыпталушы деп танылған адамдар шақырылса онда 4-бағанда бұл туралы "сотталған" деген белгі жасалады.
2. Егер сот отырысына жіберілетін адам тағы да басқа іс бойынша қамауда ұсталып отырса, тергеу изоляторының әкімшілігі қарауыл бастығына сотта төрағалық ететін адамға арнайы қатынасты беруі тиіс.
3. Өтінімнің сақтау мерзімі 5 жыл.