"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 наурызда № 27039 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.


      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 40) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 40) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, ол құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      22-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-4. Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі.

      Тестілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір қосымша ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиетті), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды.

      Тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібін бұзу туралы акт ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.";

      22-6 және 22-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-6. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Тестілеу қорытындылары және (немесе) тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден  өтті және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама топ берілді.

      2) көрсетілетін қызметті алушы электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден  өткен жоқ және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама топ берілген жоқ.

      22-7. Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліміне біліктілік тексеруден өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      27. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      9 және 10-қосымшалар алып тасталсын;

      11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 89 бұйрығына
қосымша
Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және
жылу энергиясын өндіруді,
беруді жүзеге асыратын
ұйымдар басшыларының,
мамандарының техникалық
пайдалану қағидалары мен
қауіпсіздік техникасы
қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер
жүргізу қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі

Тестілеу күні


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тест сұрақтарының саны


Шекті мәні


Дұрыс жауап саны


Нәтиже


      Тестілеу қорытындылары және (немесе) тыңдау нәтижелері бойынша
______________________________ электр энергетикасы саласындағы техникалық
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне
_______________________________ біліктілік тексеруден өтті/өткен жоқ және электр
(бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс)
қауіпсіздігі бойынша ___________________ рұқсаттама топ берілді/берілген жоқ.
(рұқсаттама тобын көрсету)
Қол қоюшының лауазымы____________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады