"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 56/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 наурызда № 27040 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 140/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан белгіленген мерзімде дәлелденген бас тарту береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттарды Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығымен бекітілген Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10603 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тексеру нәтижесінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелдеген бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";

      10-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, жоғары тұрған органның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау уәкілетті органның атына беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму,
  инновациялар және аэроғарыш
  өнеркәсібі министрінің
  2022 жылғы 18 ақпандағы
  № 56/НҚ бұйрығына
  1-қосымша
  "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына
  1-қосымша

"Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну амалдары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Лицензия беру кезінде 7 (жеті) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес болу фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті бұдан әрі қараудан уәжделген бас тарту береді.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сақталады.

6

Төлем мөлшері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
лицензияны қайта ресімдегені үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзінің көмегімен портал арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлғасының өтініші;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4 және (немесе) 5-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке немесе заңды тұлғасының өтініші.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқаға қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2022 жылғы
18 ақпандағы № 56/НҚ
бұйрығына
2-қосымша
  "Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      _______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " ___________ № ____________, _________________ берілген,

      (лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      лицензияны мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті Х жолға қою қажет):

      1) заңды тұлға - көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті Х жолға қою қажет):

      бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      5) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, БСН, заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН)

      Электрондық пошта _______ Тел (Факс) ________ Банк шоты _________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін – елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көше атауы, үй немесе ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады; көрсетілетін қызметті алушы лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ _________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады