Цифрлық құжаттарды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 18 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27073 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 4), 5) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының цифрлық құжаттарды енгізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18297 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп (А.С. Касенов) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 2-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын, сондай-ақ 3-тармағын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
Төрағасы
Г. Пирматов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 19 Қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының цифрлық құжаттарды енгізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін айқындайды.";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғалардың инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 25-бабының 9-тармағында белгіленген сомаға сатуына және сатып алуына байланысты операциялар бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      10. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталар 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға сатылған және сатып алынған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алатын немесе сатып алу үшін тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіруді, сондай-ақ "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес оларды тексеруді жүзеге асырады.

      11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомаға сатып алған, сондай-ақ оларды сатқан кезде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері):

      1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатуға немесе сатып алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;

      2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке немесе заңды тұлғаның атынан сатып алу және (немесе) сату үшін инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға немесе тапсыруға өкілеттігін растайтын құжаттың (бұдан әрі – өкілеттікті растайтын құжат) түпнұсқасын ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру Өтініште және өкілеттікті растайтын құжатта (ұсынылған кезде) көрсетілген мәліметтерді жеке басты куәландыратын құжаттардың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Сонымен қатар жеке басты куәландыратын құжатта не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, жеке басты растайтын (сәйкестендіретін) деректерде орналастырылған фотосуретті ұсынушының жеке басымен көзбен шолып салыстыру жүргізіледі.

      Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қолдан жасалу белгісі бар монета ретінде бағалы металдың Ұлттық Банк органының Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған құрамы мен сынамасына сәйкес келмейтін түпнұсқа монетаның сыртқы түрін көрсететін монета танылады.

      Сараптаманың нәтижелері бойынша анықталған қолдан жасалған белгілері бар монеталар оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) қайтарылмайды және Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы оларды құқық қорғау органдарына береді. Қолдан жасалған белгілері бар монеталардың сатып алу сомасы есептелмейді және төленбейді.";

      1, 2-қосымшалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының цифрлық құжаттарды енгізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында (бұдан әрі – банк) және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банк қолма-қол ақшаны қабылдау және беру бойынша кассалық операцияларды "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Банктің касса қызметкері мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) қолма-қол ақшаны енгізетін клиентті оның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен көзбен шолып сәйкестендіруді жүргізеді;

      2) парақтап қайта саналған банкноттарды, бір-бірлеп қайта саналған монеталарды Қағидалардың 56 және 57-тармақтарына сәйкес қолма-қол ақшаның түпнұсқалығын және төлемділігін тексере отырып қабылдайды;

      3) клиенттің қолының болуын тексереді, операциялық қызметкердің қолы болған жағдайда, оны қол қою үлгілерімен салыстырып тексереді;

      4) кассалық кіріс құжатында көрсетілген соманың нақты қабылданған қолма-қол ақшаның жалпы сомасына сәйкес келуін салыстырып тексереді;

      5) кассалық кіріс құжатының барлық данасына қол қояды, кассалық кіріс құжатының барлық данасына банктің касса қызметкерінің мөртабанын қояды;

      6) клиентке қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша кассалық операцияның жүргізілгенін растайтын құжатты береді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Банктің касса қызметкері мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) клиентті жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер бойынша көзбен шолып сәйкестендіруді жүргізеді;

      2) клиенттің қолының болуын тексереді, операциялық қызметкердің қолы болған жағдайда, оны қол қою үлгілерімен салыстырып тексереді;

      3) берілуге тиіс қолма-қол ақша сомасын дайындайды;

      4) беруге дайындалған қолма-қол ақшаны клиенттің қатысуымен қайта санайды, қолма-қол ақшаны клиентке береді;

      5) кассалық шығыс құжатының барлық данасына қол қояды және банктің касса қызметкерінің мөртабанын кассалық шығыс құжатының барлық данасына қояды;

      6) клиентке қолма-қол ақша беру бойынша кассалық операцияның жүргізілгенін растайтын құжатты береді.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Банктің инкассация бөлімшесінің, инкассаторлық ұйымның басшысы немесе кезекші инкассатор Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру кезінде берілген және алынған құжаттар мен қаражатты есепке алуға арналған журналды жүргізеді.";

      4-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы:

      1) қосалқы есепке алуға жауапты бөлімшеде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне банкноттар мен монеталарды беру кезінде:

      чек қабылдайды;

      чекте көрсетілген соманы жиынтық ведомостың деректерімен салыстырып тексереді;

      чектің дұрыс толтырылуын тексереді;

      чектегі уәкілетті өкіл қолының қолда бар қол қою үлгілеріне сәйкестігін тексереді;

      чекте көрсетілген тұлға туралы мәліметтердің оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, оның жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен сәйкес келуін тексереді;

      чекке қол қояды;

      уәкілетті өкілге кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын береді;

      чекті және жиынтық ведомості филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді;

      2) Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында және (немесе) қосалқы есепке алуға жауапты бөлімшеде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің уәкілетті өкіліне банкноттар мен монеталарды беру кезінде:

      чекті қабылдайды;

      чектің дұрыс толтырылуын тексереді;

      чектегі уәкілетті өкіл қолының қолда бар қол қою үлгілеріне, мемлекеттің мекеменің мөр бедерінің сәйкестігін тексереді;

      чекте көрсетілген мәліметтердің уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, оның жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен сәйкес келуін тексереді;

      чекке қол қояды;

      уәкілетті өкілге кассаға ұсыну үшін чектің бақылау маркасын береді;

      чекті филиал бухгалтериясының бақылаушысына өткізеді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Шығыс кассаның касса қызметкері чекті алған кезде:

      1) филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысының және бақылаушысының қойылған қолдарының болуын және қолда бар қол қою үлгілеріне сәйкес келуін тексереді;

      2) чектегі цифрлармен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкестігін тексереді;

      3) уәкілетті өкілді чектің нөмірі бойынша шақырады және одан алынатын соманы нақтылайды;

      4) чекте уәкілетті өкілдің қойылған қолы болуын және чектегі мәліметтердің оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, оның жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен сәйкес келуін тексереді;

      5) берілуге тиіс банкноттар мен монеталар сомасын дайындайды;

      6) чектің кассаға ұсынылатын бақылау маркасы нөмірінің чекте көрсетілген нөмірге сәйкес келуін тексереді және бақылау маркасын чекке желімдейді;

      7) беруге дайындалған банкноттар мен монеталарды уәкілетті өкілдің қатысуымен қайта санайды;

      8) уәкілетті өкілге банкноттарды, монеталарды және банкноттар мен монеталарды алғаны туралы қол қою үшін чекті береді;

      9) чекке қол қояды.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы бұрын қабылдаған күмәнді банкноттар мен монеталарға айырбастауға төлем банкноттарын және монеталарын алу үшін жеке тұлға (оның уәкілетті өкілі), заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің уәкілетті өкілі Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды және монеталарды қабылдау туралы түбіртекті, Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамаға берілетін банкноттар мен монеталардың тізімдеме-өтінішін және оның жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, оның жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді, сондай-ақ уәкілетті өкілге берілген сенімхатты ұсынады.

      Банкноттар мен монеталарды сараптамаға қабылдау туралы түбіртек және (немесе) банкноттар мен монеталардың тізімдеме-өтініші жоғалған жағдайда, төлем банкноттары мен монеталары жеке тұлғаға (оның уәкілетті өкіліне), заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің уәкілетті өкіліне банкноттар мен монеталарды беру туралы өтініш, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер, сондай-ақ уәкілетті өкілге берілген сенімхат негізінде беріледі.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
цифрлық құжаттарды енгізу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатуға немесе сатып алуға арналған өтініші

      _____қаласы                                                     20___ жылғы "___" ________

      Мен,_____________________________________________________________,
(жеке тұлғаның не оның сенімхат бойынша өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
осымен өз атымнан (сенімгердің атынан) және өз есебімнен (сенімгердің есебінен) мәміле
жасайтынымды растаймын және
__________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша ____________________
(монетаны (монеталарды) сатуды немесе сатып алуға қабылдауды жүзеге асыруды)
сұраймын, сондай-ақ:
1) бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) менің дербес деректерімді (сенімгердің дербес деректерін) "Дербес деректер және оларды
қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және таратуға;
3) егер монетада химиялық таза бағалы металл салмағының құны үшін төлеу сомасы ақша
аудару үшін комиссия сомасын шегере отырып 10000000 (он миллион) теңгеден асқан
жағдайда, ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда алуға және ақшаны осы өтініштің
2-кестесінде көрсетілген шотқа аударуға өз келісімімді беремін.
1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, дана (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Талап етілетін мәліметтер

мәміле жасайтын жеке тұлға туралы

жеке тұлғаның сенімхат бойынша өкілі
туралы

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)



2

Туған күні мен жері



3

Азаматтығы



4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)



5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі



6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы. Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекет, облыс, аудан, елді мекен (қала, кент, ауыл), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса)) көрсетіледі



7

Байланыс телефон нөмірі



8

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)



9

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


х

      Жеке тұлғаның (оның өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_________________________________________ ______________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
цифрлық құжаттарды енгізу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын
сату және сатып алу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатуға немесе сатып алуға арналған өтініші

      _____қаласы                                                    20___ жылғы "___" ________

      ____________________________, ___________________________негізінде

      (заңды тұлғаның атауы) (заңды тұлға өкілінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса))

      іс-қимыл жасайтын ____________________________________________ арқылы,
____________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша
____________________________________________________________________
(монетаны (монеталарды) сатуды немесе сатып алуға қабылдауды жүзеге асыруды)
сұрайды, сондай-ақ:
1) бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) заңды тұлғаның өкілі ________________________________ дербес деректерін "Дербес
деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға,
өңдеуге және таратуға келісімін береді.

      1-кесте

Монетаның атауы

Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)

Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)

Саны, дана (цифрмен және жазумен)

Монетада көрсетілген металдың түрі

Монетада граммен (унциямен) көрсетілген салмағы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3








Барлығы

х

х


х


      2-кесте

Заңды тұлға туралы мәліметтер

1

Толық, қысқарған атауы (ол бар болса), ұйымдық-құқықтық нысаны


2

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


3

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берілген күні, тіркеуші органның атауы


4

Орналасқан жерінің мекенжайы. Заңды мекенжайы және нақты мекенжайы (мемлекет, облыс, аудан, елді мекен (қала, кент, ауыл), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі, кеңсе нөмірі (бар болса)) көрсетіледі)


5

Байланыс телефон нөмірі


6

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)


7

Шоттың нөмірі, банктің толық атауы


8

Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы деректер (құрылтайшының (қатысушының) атауы көрсетіледі, егер құрылтайшы (қатысушы) жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылса, онда тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіледі)


      3-кесте

Заңды тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

1

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


2

Туған күні мен жері


3

Азаматтығы


4

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


5

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі


6

Тұрғылықты жерінің мекенжайы. Тіркелген жерінің немесе келген жерінің мекенжайы (мемлекет, облыс, аудан, елді мекен (қала, кент, ауыл), көшенің, даңғылдың, шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің нөмірі (олар бар болса)) көрсетіледі


7

Байланыс телефон нөмірі


8

Электрондық пошта мекенжайы (бар болса)


      Заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________ _________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
цифрлық құжаттарды енгізу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының
банкноттары мен
монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

№ ______ сатып алу үшін қабылданған бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сараптау қорытындысы

      _____қаласы                                                    20___ жылғы "___" ________

      _______________________________________________________________
(бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық
монеталарға сараптама жүргізген Ұлттық Банк /
филиалының немесе Орталығының атауы)

Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Заңды тұлғаның атауы


Монетаны алу күні


Сараптама жүргізу күні


Монетаның сипаттамасы

Монетаның атауы


Номиналы (теңге)


Монетаның нақты салмағы (грамм)


Тұтастығы (иә/жоқ)


Монетаның салмағы (грамм)


Бағалы металдың түрі


Негізгі бағалы металдың сынамы


Химиялық таза бағалы металдың салмағы (грамм)


Қорытынды


      Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізген Ұлттық Банктің филиалы
немесе Ұлттық Банктің Орталығы
қызметкерінің лауазымы ________________________ _____________ ___________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)


      Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізуге бақылау жасаған Ұлттық
Банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің
Орталығы қызметкерінің лауазымы _____________________ _____________ ______________
(қолы) тегі, аты, әкесінің
аты (ол бар болса)


      Ескертпе: "Монетаның атауы" және "Монетаның салмағы" жолдарында инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаның Ұлттық Банк органының Ұлттық Банкі туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған ақпаратқа сәйкес келетін атауы және салмағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
цифрлық құжаттарды енгізу
мәселелері бойынша
өзгерістер енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
4-қосымша
Екінші деңгейдегі банктерде,
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банктерінің
филиалдарында, Ұлттық пошта
операторында және
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларда кассалық
операцияларды және
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі
операцияларды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Сенімхат

      Осы сенімхат ____________________________________________________
(банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды
____________________________________________________________________
инкассациялауды жүзеге асыратын банк, инкассаторлық ұйым)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы) клиенттерден
________________________________________________________
(аудан, қала, облыс)
аумағында әрбір жекелеген жағдайда жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисі арқылы
алынған, жинақтаушы-инкассатордың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерді,
келу карточкасын міндетті түрде көрсете отырып, банкноттар, монеталар және құндылықтар
салынған пломбаланған сөмкелерді алуға берілді.
Қолы _________________________________________ куәландырылады.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы)

      Сенімхат 20___ жылғы "___" ____________ дейінгі мерзімге берілді
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын
банктің, инкассаторлық ұйымның басшысы ______________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады