"Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 19 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 наурызда № 27090 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен және тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттар белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде өтініш берген кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттарды 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарламаның жобасын тіркеу нөмірін көрсете отырып дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жібереді.

      Коллекторлық агенттікті есептік тіркеуден бас тарту туралы негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға есептік тіркеуден бас тарту туралы алдын ала шешім және көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт және орын (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган есептік тіркеуден бас тарту туралы немесе көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште өтініште көрсетілген мекенжай бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға, лауазымды тұлғаға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талапты толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және (немесе) басшы қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3 және 5-тармақтары бойынша, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен, және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы, сондай-ақ филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

      Коллекторлық агенттіктің орналасқан жері не атауы және (немесе) борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы және 6-тармағы бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға жазбаша хабарлайды.";

      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 19 Қаулыға
1-қосымша
Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

___________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атуы) Өтініш

            Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймыз.
      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________;
      2) өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы
      _____________________________________________________________________
      (индекс, қала,
      ____________________________________________________________________
(аудан, облыс, көше, үй, офис нөмірі,
      ____________________________________________________________________.
телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

            2. Өтініш беруші - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
      1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________;
(толық атауы)
      2) орналасқан орны _______________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы, телефон және факс нөмірлері,
      _____________________________________________________________________;
бар болса электрондық пошта мекенжайы)

            3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________;
      4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
      ______________________________________________________________________
      ______________________________________________________________________;
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)
      5) резиденттігі ____________________________________________________;
      6) негізгі қызмет түрі _______________________________________________;
      7) өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі
      _____________________________________________________________________;
      8) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға
және олардың қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы
      туралы заңды тұлғалардың толық атауы және орналасқан орны көрсетілген
      мәліметтер________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________;
      9) өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік,
      қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы
      ұйымдардың толық атауы, орналасқан орны көрсетілген мәліметтер
      _______________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________;
      10) құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы
      қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық
      қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы
      9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында
      көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір
      жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе
      құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер
      _______________________________________________________________________;
      11) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы
      мәліметтер _____________________________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

            3. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер
      1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) ______________________
      _______________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты, ол бар болса)
      2) туған күні ______________________________________________________;
      3) азаматтығы _____________________________________________________;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________
      _______________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
      5) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________;
      6) тұрғылықты жері _________________________________________________
      (пошта индексі, мекенжайы,
      ______________________________________________________________________;
      телефон нөмірі, бар болса - электрондық пошта мекенжайы)
      7) жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы
      ________________________________________________________________________;
      8) заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш
      беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және
      олардың қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы
      мәліметтер,_______________________________________________________________
      ________________________________________________________________________;
      9) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер
      ________________________________________________________________________.
      4. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе
одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе
жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін
немесе бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші)) туралы мәліметтер.

      1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Резиденттігі

Атауы

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері)

Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер

Қызмет түрінің сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы:

Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы

Жеке

тікелей

Жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

      кестенің жалғасы:

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің санына

Бірлесіп

тікелей

Жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы

14

15

16

17

18

19







      Ескертпе:

      1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан көп иеленетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі.

      2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер)

Бақылау негізі

Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 (жиырма) пайызынан астамын иеленетіні ұйымдар туралы мәліметтер





ұйымның атауы

Акцияларды иелену (жарғылық капиталдағы) үлесі

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

            5. Өтініш берушінің басшы қызметкері туралы мәліметтер
      ______________________________________________________________________
(өтініш берушінің басшы қызметкерінің лауазымы және өтініш берушінің атауы көрсетіледі)
1) жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

____________________________________________________
____________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

____________________________________________________
____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________
____________________________________________________
(елді мекеннің кодын қосқанда, толық мекенжайын, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

____________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________

      2) білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi – аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3) басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер:

 №

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Басшы қызметкердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

 1

2

 3

 4





            4) Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
      Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару
және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және
бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен
кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы қызметкердің жоғары оқу орнын
аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі)
туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйымның қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы тіркелген елін, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметін көрсетумен).

Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







            5) өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін
тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық
агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Мемлекеттік қызмет органының атауы

Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер

Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату)

1

2

3

4

5






            6) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың
конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің
конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен
адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне,
мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және
байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери
қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар немесе
қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты
қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы
бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)
______________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы
______________________________________________________________________
жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
______________________________________________________________________
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
______________________________________________________________________;
      7) бұдан бұрын басшы қызметкер уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті
"Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы
бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша
тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде
коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу
үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болған-болмағандығы туралы
мәліметтер
______________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы,
_____________________________________________________________________;
лауазымы, жұмыс кезеңі)
      8) бұдан бұрын басшы қызметкер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және
(немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы
ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде
қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-
болмағандығы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(иә (жоқ), жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,
_____________________________________________________________________;
қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)
      9) бұдан бұрын басшы қызметкер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және
(немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны
консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан
айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе
оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан
аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы
органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке
тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің – заңды
тұлғасының басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(иә (жоқ)
______________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
      10) бұдан бұрын басшы қызметкер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде
шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша
дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы
қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының
төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық
бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе
асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы
органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды
тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының
басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-
болмағандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________
(иә (жоқ))
_______________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
      11) басшы қызметкер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық
диспансерлерде есепте тұра ма ___________________________________________
(иә (жоқ) есепке қою күні
_______________________________________________________________________
және есепке қойған ұйымның атауы)
      12) бұдан бұрын басшы қызметкердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және
құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________;
(иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні)
      13) бұдан бұрын басшы қызметкердің "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық
агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер
______________________________________________________________________
(иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні
_____________________________________________________________________.
және коллекторлық агенттіктің атауы)
      6. Коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон
нөмірлері ______________________________________________________________________.
(телефон нөмірі, ұялы байланыс операторының атауы)
      7. Мемлекеттік қатысуымен кредиттік бюромен жасалған ақпаратты ұсыну туралы
шарттың күні және нөмірі
______________________________________________________________________.
      8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ
саны: ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін
растаймын.
      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті
қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға
уақтылы ұсынылғанын растаймын.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(қолы)
      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам
______________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_______________ қолы Қол қойылған күні: 20_____ жылғы "_____" __________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 19 Қаулыға
2-қосымша
Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша

"Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі, www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

10 (он) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Ақысыз негізде

7.

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта немесе электрондық нысанда қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтініш;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтер;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер.
Құжаттар қағаз тасымалдағышта немесе электрондық нысанда ұсынылады.
Электрондық түрде берілген кезде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;
2) көрсетілетін қызметті алушы қызметкерлерінің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңның (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеу;
3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген немесе Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан да көп процентін иеленетін және (немесе) оған билік ететін тұлғаның сәйкес келмеу;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап үш ай өткен соң көрсетілетін қызметті берушіге есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгіну;
5) Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талап сақталмаған жағдайларда тоқтатылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. finreg. kz, ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. finreg. kz, ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады