"Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 87/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27300 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13283 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 87/НҚ Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1201 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

      1. Кеден органдарының шлюзі;

      2. Интеграциялық шина;

      3. "Көлік деректер қоры" ақпараттық-талдау жүйесі;

      4. "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі";

      5. "Е-лицензиялау" Мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі;

      6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      7. "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      8. "Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      9. Сәйкестік сертификаттар мемлекеттік тізілімі ақпараттық жүйесі;

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "ҚР ҰБ шлюзі" бағдарламалық – аппараттық кешені" ақпараттық жүйесі;

      11. "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      12. "Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      13. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында анықталған сапасы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттардың, сондай-ақ жалған және (немесе) контрафактілік дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      14. "Дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қамтитын дәрілік заттарға анықталған жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша бірыңғай ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      15. "Тоқтатылған, кері қайтарып алынған және медициналық қолдануға тыйым салынған дәрілік заттар бойынша бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      16. "Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық инспекторларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      17. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      18. "Медициналық бұйымдарды тіркеу мақсатында оларға зерттеулер (сынақтар) жүргізуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті ұйымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      19. "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі мониторингінің бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      20. "Тауарларды таңбалау және қадағалау" ақпараттық жүйесі;

      21. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады