Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27392 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 172 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларында:

      47-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-2. Өтінімді Кеме қатынасы тіркелімі оны тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсынбағанда, Кеме қатынасы тіркелімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оларды түзету мерзімін көрсете отырып, хабарламаны жібереді. Өтінімді сәйкес келтіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді түзетпесе, Кеме қатынасы тіркелімі өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      Кеме қатынасы тіркелімі өтінімді оң қарағаннан кейін ұйымның куәландыруын және қажетті сынақтарды жүргізеді.

      Куәландыруды жүргізу барысында Кеме қатынасы тіркелімі ұйым ұсынған мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ ұйымның осы Қағидалардың 49, 59, 66-тармақтарына сәйкес жүргізілген сынақтарды ескере отырып, мәлімделген жұмыс түрлерін орындау мүмкіндігіне көз жеткізеді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Куәландыру мен сынақтардың қанағаттанарлық нәтижелері кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағиданың 47-тармағында көрсетілген мерзімде Кеме қатынасы тіркелімі уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Тану туралы куәлікті ресімдейді және өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мәлімделген жұмыстардың бір немесе бірнеше түрлері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде, Тану туралы куәлік сапасы расталатын жұмыс түрлеріне беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны жолдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.";

      67-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      2. "Теңiзде жүзу кiтапшасының үлгiсiн, оны ресiмдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10661 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларында:

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленгенде мемлекеттік баждың төленгенін растауды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді және ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер жоқ болғанда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің және/немесе құжаттар пакетінің сәйкес келмейтін себептерін және оларды түзету мерзімін көрсете отырып, хабарламаны жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді және/немесе құжаттар пакетін түзетпесе, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі\құжаттары сәйкес болмау туралы хабарлағанда қызметті көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күніне ұзартылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін 1-қызметтің стандартына сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      25. Өтініш беруші осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынғанда Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы үш жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қарайды, оң қорытынды кезде уақытша куәлікті ресімдейді және өтініш берушіге жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін 2-қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарламаны жолдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы өтініш берушіге оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 3-қызметтің стандарты) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін 3-қызметтің стандартында мазмұндалған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы жолдау кезінде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме халықаралық кеме тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда кемені қайта тіркеу осы Қағидаларда белгіленген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені халықаралық кеме тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Сондай-ақ Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің мерзімі аяқталғаннан кейін үшінші жұмыс күні кемені аталған тізілімнен шығарады.";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін 3-қызметтің стандартына сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес "Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 4-қызметтің стандарты) мазмұндалған.

      Өтінішті қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кемені қайта тіркеу, егер кеме бұрын бербоут-чартерлік тізілімге енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда, кемені осы Қағидаларда белгіленген кемені бербоут-чартерлік тізілімде тіркеу тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      45, 46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін 4-қызметтің стандартына сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      46. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      47. Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес "Жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 5-қызметтің стандарты) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін 5-қызметтің стандартында мазмұндалған.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі \ құжаттары сәйкес болмау туралы хабарлағанда қызметті көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күніне ұзартылады.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кеме жасалып жатқан кемелер тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалғанда кемені қайта тіркеу осы Қағидаларда белгіленген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Кемені жасалып жатқан кемелер тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнде жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу тәртібімен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді және ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін, мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмағанда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің және/немесе құжаттар пакетінің сәйкес келмеу себептерін және мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарламаны жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ескертулерді жоймаса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін 5-қызметтің стандартына сәйкес негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      52. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 14-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынғанда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді. Уәкілетті орган басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты), не заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаларға қатысты ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау үшін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.

      10. Егер өтiнiм уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн өздеріне тиесілі кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос кемелер жоқ деп есептеледi.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

      5. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20309 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сауалнама-өтінішке көрсетілетін қызмет алушы сауалнама-өтінішті қабылдайтын, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қатысуымен қол қояды.

      Осы Қағидалар 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар болмағанда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін ТЖК беру мүмкіндігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі\құжаттары сәйкес болмау туралы хабарлағанда қызметті көрсету мерзімі бір жұмыс күніне ұзартылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмағанда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің және/немесе құжаттар пакетінің сәйкес келмеу себептерін көрсете отырып, хабарламаны жібереді.

      Сәйкес келмеу себептерін жою мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін жоймаса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні ресімдеу және беру үшін негіздердің болуын тексеру нәтижелері туралы жазбаша қорытындының жобасын дайындайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";

      22, 23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 172 бұйрығына
1-қосымша
Теңізде жүзу кітапшасын
ресімдеу және беру
қағидаларына
2-қосымша

"Теңізде жүзу кітапшасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы

Теңізде жүзу кітапшасын беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңіз әкімшілігі

3

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерді қабылдау "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: Мемлекеттік корпорация;
"электрондық үкіметтің" веб-порталы - мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжде жауап беру жағдайында.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Теңізде жүзу кітапшасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төленген күні белгіленген 3,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 13.00-ден бастап 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері қоңырау шалған кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні ұсынылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары www.​egov.​kz порталында қол жетімді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының бас киімсіз бейнесі ашық түсті фонда цифрлық фотосурет

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

11

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктер - www.​miid.​gov.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
Мемлекеттік корпорация - www.​gov4c.​kz.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат ала алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 172 бұйрығына
2-қосымша
Кемелерді және оларға
құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
14-қосымша

"Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Порттың теңiз әкiмшiлiгi

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтін" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелерi:
1) мемлекеттік тіркеу үшін – 60 АЕК;
2) қайта тiркеу үшін – 30 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

электрондық нысандағы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 172 бұйрығына
3-қосымша
"Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беру

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің/Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарты:
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктін www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында және "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi - өтiнiш-сауалнама);
2) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының азаматы үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болса дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);
4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;
кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы;
Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).
Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады