"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27423 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасында:

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 367 Бұйрыққа қосымша
"Салықтарды және (немесе)
төлемақыларды төлеу бойынша
салықтық міндеттемені орындау
мерзімдерін өзгерту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

"Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері
 

Көрсетілетін қызметті берушіден салықтық өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте, мүлікті кепілге қою шарты көрсетілетін қызметті алушы салықтық өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.
 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
 

мыналарды:
салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
салықтарды және (немесе) төлем ақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы;
Осы мемлекеттік көрсетілетін стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
 

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделінген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
 

7

Жұмыс кестесі
 

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
3) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.​kgd.​gov.​kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.​gov4c.​kz;
3) www.​egov.​kz порталы
интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
 

1) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша болжамдалған кестемен қоса беріледі.
Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салықтық өтінішті салық төлеушінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.
Жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салықтық өтініш олар төленетін жердегі көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.
2) тиісті контрагент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздері) және оларды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің контрагент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерінің бар-жоғын растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;
3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжаттар, мынадай жағдайларда:
салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан нұқсан келтіру - тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау фактісінің растамасы;
салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы - салық төлеуші жасаған және мұндай тұлғаның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін жалпы кірісінде маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін кірісінің үлесі кемінде 50 пайызды құрайтынын растайтын құжат;
дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі - тиісті уәкілетті орган өтініш берілген күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кейін берген, жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірістері, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер;
соттың заңды күшіне енген шешімі – соттың берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;
4) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар - салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін.
Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейінге қалдыруды немесе мерзімін ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен кейін жасалуға тиіс;
5) кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі - банк кепілдігімен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту үшін.

9

мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту үшін Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген негіздемелер
 

салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту кезінде:
1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі керек;
2) кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және оның нарықтық құны салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу кестесін бұзған жағдайда, кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылу кезеңі үшін есептелген өсімпұл, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалатын шығыстар ескеріле отырып, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасынан кем болмауға тиіс.
Мыналар:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
тыйым салынған мүлік;
салық органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі;
тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды;
3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында мүлікті кепілге қою шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайларда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының тиісті тіркеуші органда тіркелгенін растайтын құжатты ұсынады;
салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту кезінде:
1) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
2) банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс;
3) банк кепілдігінің қолданылу мерзімі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетті салық төлеушінің орындауының белгіленген мерзімі өткен күннен бастап алты айдан кейін аяқталуға тиіс;
4) банк кепілдігі берілген сома салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі міндетін кепілдік берушінің толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығып барып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады