Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 14 шілдедегі № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20972 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін – 15 теңге,
2) еуро үшін – 20 теңге болып белгіленсін.".
2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Пирматов |