Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға, сондай-ақ уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27585 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 22) тармақшасына және 24-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға, сондай-ақ уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты беру нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін колданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтер нысаны.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 408 Бұйрыққа
1-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға, сондай-ақ уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға, сондай-ақ уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және төлем ұйымдарының төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді беру қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабының 22) тармақшасы және 24-1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар мыналарды:

      1) екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем ұйымдарының (бұдан әрі – банктер мен ұйымдар) интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну қағидалары және мерзімдері;

      2) уәкілетті органның төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтерді банктерге және ұйымдарға беру қағидалары мен мерзімдерін айқындайды.

2 тарау. Интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл үшіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімі

      3. Банктер мен ұйымдар есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдері мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат), осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      4. Ақпарат уәкілетті органға электрондық жеткізгіште (Microsoft Excel форматында) ілеспе хатпен қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады, оған банктің немесе ұйымның басшысы не оның орнындағы адам немесе банктің немесе ұйымның уәкілетті өкілі ішкі нормативтік құжат негізінде қол қояды.

      Деректер болмаған жағдайда мұндай ақпарат берілмейді.

3 тарау. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі бойынша мәліметтерді, оның ішінде мерчент ID деректерін жіберу қағидалары мен мерзімі

      5. Ақпарат алу мақсатында уәкілетті орган Салық кодексінің 24-бабы 22) тармақшасына және 24-1-бабына сәйкес есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 10-шы күнінен кешіктірмей электрондық жеткізгіште (MicrosoftExcel форматында) банктер мен ұйымдарға шетелдік компаниялар төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауы үшін қолданатын мерчент ID деректері туралы мәліметтерді ілеспе хатпен жібереді, оған осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 408 Бұйрыққа
2- қосымша

      нысан

Жылғы интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлігінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат ______ жыл

Банктер мен ұйымдарға төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын мерчент ID деректері

Төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық сомасы

Валюта коды

1

2

3

4

2




3




  "Интернет-алаңы арқылы
тауарлармен электрондық сауда
жүзеге асырылатын және
(немесе) электрондық нысанда
қызмет көрсететін шетелдік
компаниялардың
пайдасына және бөлігінде
жүзеге асырылған күнтізбелік
жыл ішіндегі төлемдер
мен аударымдардың жиынтық
сомалары туралы ақпарат"
нысанына қосымша

"Интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлігінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлігінде жүзеге асырылған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат" нысаны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 22) тармақшасына және 24-1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. 1-бағанда - реттік нөмірі көрсетіледі;

      3. 2-бағанда - шетелдік коипанияның төлемдері және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданатын мерчент ID деректері көрсетіледі;

      4. 3-бағанда - 2-бағанда көрсетілген шетелдік компанияның пайдасына жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жиынтық сомасы көрсетіледі;

      5. 4-бағанда - 2-бағанда көрсетілген шетелдік компанияның пайдасына жүзеге асырылған төлем және (немесе) ақша аударымы валютасының коды көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 408 Бұйрыққа
3-қосымша

      нысаны

Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтер

Интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың атауы

Банктер мен ұйымдарға төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын мерчент ID деректері

1

2

3

2



3



  "Төлемдерді және (немесе) ақша
аударымдарын қабылдау үшін
қолданылатын деректемелер
тізбесі, оның ішінде мерчент ID
деректері бойынша мәліметтер"
нысанына қосымша

"Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын деректемелер тізбесі, оның ішінде мерчент ID деректері бойынша мәліметтер" нысаны "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 22) тармақшасына және 24-1-бабына сәйкес әзірленді.

      2. 1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі;

      3. 2-бағанда – интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда жүзеге асырылатын және (немесе) электрондық нысанда қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың атауы көрсетіледі;

      4. 3-бағанда – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын мерчент ID деректері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады