"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды қоса қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 124/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 сәуірде № 27749 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды қоса қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 682 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17575 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады