"Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 сәуірде № 27750 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16966 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 4-тармағына және 179-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 4-тармағына және 179-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін осы тізілімге (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектер және уран өндіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тізілімді көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      7. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган Тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарламаны электрондық түрде жібереді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірушілері туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Бейрезиденттер сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады.

      10. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:

      1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келуін тексереді;

      2) жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келуін тексереді;

      3) өндіруші осы Қағидалардың 11-тармағында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда, өндірушіні Тізілімге енгізеді.".

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган өндірушіні Тізілімнен алып тастауды мынадай:

      1) өндіруші таратылған;

      2) өндірушінің бастамасы бойынша;

      3) өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмеуіне әкелетін, өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген жағдайда жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша Тізілімнен алып тастау үшін өндіруші көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға оны Тізілімнен алып тастау туралы өтінішті еркін нысанда ұсынады.

      Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган Тізілімнен алып тастау туралы өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағидалардың 12-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде үш жұмыс күні ішінде өндірушіні Тізілімнен алып тастайды.";

      Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 7 наурыздан бастап туындайтын құқық қатынастарына қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
     
      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 137 бұйрығына
1-қосымша
Көмірсутектер және уран өндіру
бойынша жер қойнауын
пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын
тауарлардың, жұмыстардың
және көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің
тізілімін, осы тізілімге енгізу
үшін оларды бағалау
өлшемшарттарын қоса
алғанда, қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі

№ р/с

Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды мен атауы

Тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің қосымша сипаттамасы

СТ-KZ* сертификатының бар болуы (тауарларды тіркеу кезінде)





      *СT-KZ - Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың шығу тегі туралы куәландыратын құжат

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 137 бұйрығына
2-қосымша
Көмірсутектер және уран өндіру
бойынша жер қойнауын
пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын
тауарлардың, жұмыстардың
және көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің
тізілімін, осы тізілімге енгізу
үшін оларды бағалау
өлшемшарттарын қоса алғанда,
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі

№ р/с

Өндіруші атауы

Облыс, қала (елді мекен), мекенжайы

Телефон, электрондық мекенжай, интернет-ресурс

Персоналдың жалпы саны

Қазақстан Республикасының резиденті

СТ-KZ* сертификатының бар болуы (тауарларды тіркеу кезінде)

Тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің атауы және Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы бойынша коды

      *СT-KZ - Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың шығу тегі туралы куәландыратын құжат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады