Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27836 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілеп отырған Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. "Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14927 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржы нарықтары және өзге салалар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 12
бұйрығымен бекітілген

Қаржы қызметтері нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негізгі ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді және қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу рәсімін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде Кодексте және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы басқа да заңдарында айқындалған ұғымдар пайдаланылады.

      3. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйін талдау (бұдан әрі – Талдау) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында, оның ішінде мынадай:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарындағы экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін қарау кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектісінің үстем үлесін айқындау жағдайларында жүргізіледі.

      Талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.

      4. Талдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметті және қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзара алмастырылуын айқындау;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының шекараларын айқындау;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің құрамын айқындау;

      5) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының көлемін және қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің үлестерін есептеу;

      6) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;

      7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілерін айқындау;

      8) қорытындыда көрсетілетін, жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар.

      Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде Талдау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдерінің белгілерін қарау кезінде Талдау жүргізу талап етілмейді.

2-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметті және қаржылық көрсетілетін қызметтердің өзара алмастырылуын айқындау

      5. Бір нарықта қаржылық көрсетілетін қызметтерді айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметті алдын ала айқындау;

      2) тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтердің және осы қаржылық көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті бірін-бірі алмастыратын болып табылатын көрсетілетін қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін анықтау;

      3) бірін-бірі алмастыратын көрсетілетін қызметтерді айқындау.

      6. Қаржылық көрсетілетін қызметті алдын ала айқындау:

      1) нысанасы қаралатын қызмет болып табылатын қаржылық көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары;

      2) лицензиялар беру туралы шешімдер және лицензияның болуын растайтын рұқсат беру құжаттары;

      3) тиісті қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

      4) өнімдердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық сыныптауыштары;

      5) осы бағытқа сәйкес келетін қаржылық сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттер;

      6) қаржы ұйымдары қауымдастықтарының (қоғамдық бірлестіктерінің) қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

      7. Тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтің тұтынушылық қасиеттері анықталған кезде:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтің нысаналы мақсаты және қолданылуы, оның ішінде тұтыну мақсаты және оның негізгі тұтынушылық қасиеттері;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтің бағасы (тиімді сыйақы мөлшерлемесі, тариф, комиссия);

      3) қызметтерді іске асыру шарттары мен тәсілдері талданады.

      Тұтынушының таңдауын айқындайтын қаржылық көрсетілетін қызметтің тұтынушылық қасиеттерінің құрамы және қаржылық көрсетілетін қызметтің сипаттамасын нақтылаудың қажетті дәрежесі жүргізілетін зерттеудің мақсаттарына, сондай-ақ талданатын нарықтың ерекшеліктеріне байланысты болады.

      8. Осы қаржылық көрсетілетін қызмет үшін әлеуетті бірін-бірі алмастыратын болып табылатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді анықтау, оның ішінде қаралатын қаржылық көрсетілетін қызметпен экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық сыныптауыштарының бір сыныптауышына кіретін көрсетілетін қызметтердің елеулі қасиеттері бойынша салыстырылатын талдау арқылы жүзеге асырылады.

      Осы қызметке сәйкес келетін нақты сыныптау позициясын белгілеу мүмкін болмаған кезде сыныптау позицияларының топтамасы қаралады.

      9. Өзара алмастырылатын қаржылық көрсетілетін қызметтерді айқындау тұтынушының көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде ауыстыруына немесе тұтынушының функционалдық мақсатын, қолданылуын, сапалық сипаттамаларын, бағасын және параметрлерін ескере отырып, тұтыну процесінде бір қаржылық көрсетілетін қызметті басқасымен ауыстыруға дайындығына негізделеді.

      Егер тұтыну процесінде қаржылық көрсетілетін қызметті басқа көрсетілетін қызметтермен ауыстыру үшін қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушы елеулі шығындарға (көрсетілетін қызмет бағасының он пайызынан асатын) ие болса, онда мұндай көрсетілетін қызметтер бірін-бірі алмастыратын көрсетілетін қызметтерге жатпайды.

      10. Бірін-бірі алмастыратын қаржылық көрсетінетін қызметтерді анықтаған кезде тұтынушылардың әртүрлі топтарының пікірлерінің сәйкес келмеу мүмкіндігі ескеріледі.

      Тұтынушылардың топтары:

      1) қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы бойынша;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметті алу орны бойынша;

      3) қаржылық көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар бойынша ерекшеленеді.

      11. Талдау жүргізу кезінде Талдау жүргізу кезеңінде қалыптасқан нарықтық бағалар қолданылады, сондай-ақ тиісті қаржылық көрсетінетін қызметтер нарығында операцияларды жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қызметтері ескеріледі.

3-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығыныңшекараларын айқындау

      12. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының шекаралары, егер оны осы аумақтың шегінен тыс жерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа да себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушылар қаржылық көрсетілетін қызметті немесе бірін-бірі алмастыратын көрсетілетін қызметті сатып алатын аумақты айқындайды.

      13. Талдау жүргізу кезінде нарық шекаралары болып Қазақстан Республикасының аумағы белгіленеді.

      14. Бұл ретте қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы мынадай негізгі секторларға бөлінеді:

      1) екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы;

      2) сақтандыру ұйымдары көрсететін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы;

      3) бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы.

4-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау

      15. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеу мақсатына, нарықтың ерекшеліктеріне және ақпараттың қолжетімділігіне байланысты айқындалады.

      16. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын зерделеу кезінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты өтініште жазылған оқиғаның (фактінің) не осындай бұзушылық туралы мәліметтер алынған күннің алдындағы кезеңді айқындау ұсынылады.

      Қаржы ұйымының үстем немесе монополиялық жағдайын белгілеу мақсатында талдаудың ең аз уақыт аралығы бір жылды немесе егер ол бір жылдан аз уақытты құраса, қаржы қызметтері нарығының жұмыс істеу мерзімін құрайды.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының барлық сипаттамалары факт бойынша бір уақыт аралығы үшін анықталады. Сол сияқты, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту перспективаларын зерделеу кезінде барлық сипаттамалар бір болашақ уақыт аралығы үшін анықталады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу кезінде нақты уақыт аралығына қатысты деректер пайдаланылады.

      17. Осы Әдістеменің 3-тармағының 1) тармақшасы бойынша қаралатын нарықта Талдау, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жасалғаннан кейін бәсекелестіктің жай-күйін ескеретін талдау жүргізіледі.

      18. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының барлық сипаттамалары белгіленген уақыт аралығы шегінде айқындалады.

5-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің құрамын айқындау

      19. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің құрамына оның шекараларында белгілі бір уақыт аралығы шегінде қызмет көрсететін нарықтың барлық субъектілері енгізіледі.

      20. Тұлғалар тобын құрайтын қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының субъектілері қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының бір субъектісі ретінде қаралады.

      21. Зерттеудің уақыт аралығын, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының шекаралары шеңберіндегі өзара алмасушылықты айқындау кезінде алынған ақпараттың негізінде қаралатын нарықта жұмыс істейтін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының субъектілері айқындалады, олар үшін оларды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мынадай деректер белгіленеді:

      1) толық атауы (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып);

      2) мекенжайы (орналасқан жері);

      3) тұлғалар тобына тиесілігі;

      4) талданатын қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын тұтынушылар не бірін-бірі алмастыратын қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығын тұтынушылар.

      22. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің құрамын айқындау кезінде, оның ішінде қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін өнім берушілерден көрсетілетін қызметті сатып алатын тұтынушылар топтарының құрамы (саны) нақтыланады.

      Егер қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында негізгі тұтынушылардың аз саны (он бестен кем) жұмыс істейтін болса, онда тұтынушылардың негізгі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен бір тұлғалар тобына кіретіні анықталады.

      23. Егер қаржылық көрсетілетін қызметтер субъектісі қаржы нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірнеше лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асырса, онда Талдау кезінде ол ең алдымен өзі негізгі қызметті жүзеге асыратын сектордың (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар) субъектісі ретінде қаралады.

      Бұл ретте, егер әртүрлі секторлардың субъектілері бірдей қызметті, мысалы, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті – банктер және брокерлер және (немесе) банктер болып табылмайтын дилерлер жүзеге асыратын болса, онда тиісті көрсетілетін қызметтер нарықтары қаржылық көрсетілетін қызметтердің жекелеген нарықтары ретінде қаралады, тиісінше қаржылық көрсетілетін қызметтердің бір нарығындағы көрсеткіштер (көлемдер, бағалар және басқа да көрсеткіштер) қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа нарығын талдау кезінде ескерілмейді.

      24. Қаржылық көрсетілетін қызметтер құрылымы және қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының шекаралары шегінде айқындалады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде өз филиалдары арқылы қызмет көрсететін қаржы ұйымдары анықталады.

      Қажеттілік құрылымын саралау негізінде нақты қаржы ұйымынан қызметті сатып алатын клиенттердің (тұтынушылардың) негізгі топтары айқындалады.

      Егер зерттеу міндетіне қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының даму перспективаларын айқындау кіретін болса, қаржы ұйымдары мен олардың клиенттерінің саны мен құрамының ықтимал өзгеруін ескеру қажет.

      Нарықтың осы шекарасында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының белгілі бір қаржылық қызмет көрсетуге әлеуетті мүмкіндіктері анықталады. Осы нарыққа басқа қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың кіруінің әлеуетті мүмкіндігі айқындалады.

      Әлеуетті бәсекелестерге мыналар жатады:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының қаралып отырған шекараларында жұмыс істейтін қаржы ұйымдары;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар, қаржы қызметтері нарығының қаралып отырған шекараларында жұмыс істейтін қаржы ұйымдары.

6-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының көлемін және қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің үлестерін есептеу

      25. Қаржы қызметтерін көрсету нарығының сыйымдылығы және қаржы ұйымының үлесі қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының шекаралары, клиенттер (тұтынушылар) және бәсекелестер құрамдары шеңберінде нақты бір көрсетілетін қаржы қызметінде белгілі бір уақыт кезеңі үшін айқындалады.

      Қаржы нарығының сыйымдылығы белгілі бір кезеңде барлық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын қаржылық көрсетілетін қызметте көлемінің сомасы ретінде айқындалады:




      мұндағы:

      Vfr – қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының сыйымдылығы;

      SUM –қаржылық көрсетілетін қызметтер көлемінің сомасы;

      Vi – i-ші қаржы ұйымының қаржылық көрсетілетін қызметтерінің көлемі;

      i = 1, 2,..., n – қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының саны.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының сыйымдылығын есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер заттай да, құндық та мәнде өлшенеді.

      26. Қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы қаржы ұйымының үлесі ол көрсеткен белгілі бір қаржы қызметі түрінің белгілі бір кезеңде көрсетілетін қызметтердің белгілі түрі нарығының жалпы сыйымдылығына пайыздық арақатынасы ретінде айқындалады:




      мұндағы:

      Di – қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы қаржы ұйымының үлесі;

      Vi – i-ші қаржы ұйымының қаржылық көрсетілетін қызметтерінің көлемі;

      Vfr – қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының сыйымдылығы .

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектісінің үлесін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер қаржы нарығы сыйымдылығын есептеудегі өлшем бірліктерінде келтіріледі.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының көлемін айқындау кезінде талданып отырған нарық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар топтары бойынша да бөлінеді.

      Банк секторының көрсетілетін қызметтерін зерттеу кезінде кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын клиенттер мынадай топтар бойынша жіктеледі: шағын, орта және ірі бизнес субъектілері.

      27. Бір адамдар тобына кіретін, нақ сол бір қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының нарықтағы үлесі адамдар тобы үшін жиынтығында айқындалады. Осылайша, шешімдер қабылдауда тәуелсіз, дербес қаржы ұйымдарының құрамын айқындау кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының жалпы саны азаяды және біріктірілген қатысушылар пайда болады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының тәуелсіз қатысушыларының белгілі бір санына сүйене отырып, нарықтың шоғырлану көрсеткіштерін есептеу қажет.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектісінің (адамдар тобының) үлесі белгіленген уақыт аралығына, қаралып отырған қаржы қызметтерін көрсету нарығының шекараларына қатысты айқындалады.

      28. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтердің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады:

      1) банктік қарыз операциялары: баға көрсеткіші – сыйақының жылдық орташа тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – СЖТМ), көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – құндық мәнде берілген кредиттер көлемі және жасалған шарттар саны;

      2) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау: баға көрсеткіші – тарифтерге сәйкес төлемдерді жүзеге асыру және ақша аударымдары құны, көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – аударымдар сомалары және операциялар саны.

      Егер банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызмет тұтынушы үшін өзара алмастырылатын болып табылса, онда мұндай қызмет біртұтас нарық ретінде айқындалады.

      29. Сақтандыру ұйымдары көрсететін сақтандыру қызметтерінің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады:

      1) баға көрсеткіші – сақтандыру тарифтері (сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру сомасына арақатынасы), көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – сақтандыру сыйлықақыларының көлемі;

      2) сақтандырудың бірнеше сыныптарын біріктіретін сақтандыру өнімдері қаржы қызметтерін көрсету нарықтарында сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша ескеріледі.

      Міндетті сақтандыру қызметтерін көрсетуді (оның ішінде олардың баға белгілеуін) нақты регламенттелгенін және уәкілетті мемлекеттік органдар реттейтінін ескере отырып, монополияға қарсы орган мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаны есептеуді жүргізбейді.

      Сақтандыру қызметтері нарығын талдау сақтандыру сыныптары және (немесе) салалары бөлінісінде егжей-тегжейлі жүргізіледі.

      Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің көрсетілетін қызметтері жеке нарық ретінде қаралады.

      30. Бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қызметтердің негізгі түрлері көлемін есептеуде мынадай шарттар қабылданады:

      1) брокерлер қызметтері үшін – баға көрсеткіші – жасалған мәмілелерден комиссиялар; көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – жасалған мәмілелердің көлемі.

      Дилерлік операциялар тек қана өз есебінен және өз мүддесінде жүзеге асырылатынын ескере отырып, монополияға қарсы орган мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаны есептеуді жүргізбейді;

      2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушылардың көрсететін қызметтері үшін – баға көрсеткіші – активтерді басқарудан алынатын комиссиялар (тарифтер); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) - басқарудағы активтердің көлемі;

      3) кастодиандардың қызметтері үшін – баға көрсеткіші – операциялардан алынатын комиссия (тарифтер); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) - кастодиандық қызмет көрсетуге берілген активтердің көлемі;

      4) трансфер-агенттер көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – құжаттарды (ақпаратты) кабылдау-тапсыру комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – трансфер-агенттік қызмет көрсетуге жасалған шарттар саны;

      5) қор биржасы көрсететін қызметтер үшін - баға көрсеткіші - жасалған мәмілелер комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi)- сауда-саттықтар (жасалған мәмілелер) көлемі және қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар эминенттерінің саны;

      6) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельдерді басқарушылардың қызметтері үшін (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) – баға көрсеткіші – активтерді басқарудан алынатын комиссиялар (тарифтер); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны және зейнетақы жинақтарының көлемі.

      Бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша сегменттеледі.

      31. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтау кезінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының жалпы көлемі оның ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және (немесе) статистика органдарынан алынған деректерден айқындалады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының жалпы көлемін, оның ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) статистика органдарының деректері негізінде айқындау мүмкін болмаған кезде, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының көлемін есептеу осы Әдістеменің 26-тармағына сәйкес жүргізіледі.

7-тарау. Қаржылық қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау

      32. Нарықтың шоғырлану деңгейін айқындау үшін:

      1) нарықтық шоғырлану коэффициенті (CR) пайдаланылады. Ірі өнім берушілердің белгілі бір санының көрсетілетін қызметті өткізуі (беруі) көлемінің аталған нарықтағы барлық өнім берушілердің қызметті өткізуінің (беруінің) жалпы көлеміне пайыздық арақатынасы ретінде есептеледі.

      Үш (CR–3) ірі өнім берушінің шоғырлану деңгейін пайдалану ұсынылады.

      2) Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (НН) нарықта жұмыс істеп тұрған барлық өнім берушілер иеленетін үлестердің квадраттарының сомасы ретінде есептеледі.

      33. Герфиндаль – Гиршман шоғырлану коэффициенттері мен индекстерінің түрлі мәндеріне сәйкес нарықтың үш типі бөлінеді:

      1-тип – жоғары шоғырланған нарықтар:


немесе НН = 10 000 мәндер саласын қамтиды.

      Бұл нарықтар бәсекелестігі дамымаған немесе бәсекелестігі жоқ нарықтар ретінде сипатталады, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайы орын алады. Нарықтың монополиялану дәрежесі жоғары.

      2-тип – орташа шоғырланған нарықтар:



      Нарықта бәсекелестік бар, бірақ ол жеткіліксіз дамыған, онда қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің біркелкі болмауы орын алады.

      3-тип – төмен шоғырланған нарықтар:



      Егер нарықта, әдетте, үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілері болмаса, аталған нарықтар бәсекелестік дамыған нарықтар ретінде сипатталады. Нарықтың монополиялану дәрежесі төмен.

      Осылайша, нарықтың шоғырлану көрсеткіштері нарықтың монополиялану дәрежесін, онда қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің болуының біркелкілігін (немесе әркелкілігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында түрлі ауқымды қызмет көрсететін өнім берушілер неғұрлым көп болса, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым аз болады.

      Бір адамдар тобына кіретін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің үлестері қосылады және бір қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектісінің үлесі ретінде есептеледі.

      34. Нарықтың нарықтық шоғырлануын айқындау кезінде тиісті қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы адамдар тобын, атап айтқанда оларға қатысты Кодексте көзделген шарттар орындалатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығын белгілеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

      35. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау:

      1) қаралып отырған нарықтың қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының қай түріне: бәсекелестігі дамыған нарыққа, бәсекелестігі жеткіліксіз дамыған нарыққа немесе бәсекелестігі дамымаған нарыққа жататындығы туралы қорытындыны;

      2) қаралып отырған нарықта бәсекелес ортаның өзгеру перспективаларының бағасын (осы Әдістеменің 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда) қамтиды.

      36. Қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының қаржылық көрсетілетін қызметтер нарықтарының қай түріне жататыны туралы қорытынды нарықтың шоғырлану деңгейінің көрсеткіштері, нарыққа кіру кедергілерінің болуы мен еңсерілуінің негізінде беріледі.

      37. Қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің мінез-құлықтарын талдау:

      1) өнім берушілердің инновациялық қызметі мен маркетингтік стратегиясын зерделеуді;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының бәсекелесетін субъектілерінің өзара тәуелділік дәрежесін анықтауды;

      3) өнім берушілердің жекелеген тұтынушыларға (тұтынушылар тобына) жеңілдіктер беру фактілерін белгілеуді;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің келісімдерін анықтауды қамтиды.

      38. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау қажет болған кезде, шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалау, оның ішінде:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілері үшін талданып отырған қаржылық көрсетілетін қызмет бойынша пайда мен шығасылар мөлшерінің арақатынасы;

      2) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бағалар серпіні;

      3) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының көлемі мен сұраныстың серпіні;

      4) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының ашықтығы;

      5) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында жаңа өнім берушілердің пайда болу жиілігі;

      6) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің техникалық даму деңгейі қаралады.

      39. Нақты талданып отырған нарықта бәсекелестіктің жай-күйінің өзгеру мүмкіндігін талдау кезінде, егер оларды жасау нәтижесінде:

      1) Кодексте белгіленген тыйым салуларды бұзу үшін жағдайлар жасалады;

      2) қаралып отырған нарықтың шоғырлану деңгейі орташадан жоғары деңгейге көтерілсе;

      3) шоғырлану деңгейі жоғары немесе орташа қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілері еңсерілмейтін болса;

      4) қаралып отырған қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру үшін қолайлы алғышарттар жасалса;

      5) аталған көрсетілетін қызметтердің шектеулі ұсынылуы кезінде тұтынушының (тұтынушылардың) бір көрсетілетін қызметті басқаларымен (өзара алмастырылатын қызметтер тобынан) алмастыру мүмкіндігі төмендесе, мәмілелер және іс-әрекеттер бәсекелестікті шектейді деп танылады.

      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты мәмілелер мен әрекеттерге қолданылмайды.

      40. Жасалып отырған мәмілелердің оң әсерін айқындау кезінде мынадай өзгерістер де қаралады:

      1) аталған қаржылық көрсетілетін қызметтер пайдасы мен шығасылары (тиімділік, рентабельділік көрсеткіштері);

      2) аталған көрсетілетін қызметті іске асырудың көлемі;

      3) сұраныстың қамтамасыз етілуі;

      4) аталған көрсетілетін қызметті берушілердің техникалық және ұйымдастырушылық даму деңгейі;

      5) аталған көрсетілетін қызметтің сапасы;

      6) қаралып отырған нарықта аталған қызметті берушілер саны;

      7) аталған қызметті көрсету кезіндегі жұмыс орындарының саны қаралады.

      Жасалып жатқан мәмілелердің оң әсері ұзақ мерзімді (екі жылдан кем емес) сипатқа ие және мәміле жасалған кезден бастап бір жыл ішінде алынды.

      Жасалып жатқан мәмілелердің оң әсері тұтынушыларға ішінара пікіртерімдер жүргізудің және сараптамалық бағалаулардың негізінде айқындалады.

      Әрбір нақты жағдайда бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау рәсімі қаржы нарығының ерекшеліктеріне, талдау мақсаттарына байланысты түрлі көлемде және реттілікте де жүзеге асырылады. Сондай-ақ жекелеген кезеңдерді өткізіп жіберу көзделеді (егер қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының өзара алмастырылу өлшемшарттары және шекаралары айқындалған болса).

      Әрбір кезеңнен өткеннен кейін, қажет болған жағдайда алдыңғы кезеңде айқындалған көрсеткіштерді түзету жүзеге асырылады.

      Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша нарықтың құрылымы туралы, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестіктің дамығандығы немесе дамымағандығы, монополияға қарсы органның жағдайдың өзгеруіне әсер етуінің орындылығы мен нысандары туралы тұжырымдар жасалады.

8-тарау. Бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын растайтын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілерін айқындау

      41. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық көрсетілетін қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты емес қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының құрылымын сипаттайтын сапалық көрсеткіштер мыналар:

      1) әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа кіру кедергілерінің болуы (немесе болмауы);

      2) нарықта жұмыс істейтін бәсекелестер үшін нарықтан шығу кедергілерінің болуы (немесе болмауы);

      3) қаржы ұйымдары мен клиенттердің (тұтынушылардың) деңгейлес және сатылас интеграциясы, қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына қатысушылардың үлестес болуы;

      4) ақпараттың обьективтілігі (ақпараттық қолжетімділік дәрежесі, ақпарат көздері) болып табылады.

      42. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілеріне қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында қызметін бастауға кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайларды немесе іс-қимылдарды айқындау рәсімі:

      1) қаралып отырған қызметтер көрсету нарығына кіру кедергілерінің болуын (немесе болмауын) анықтауды;

      2) қаралып отырған қызметтер көрсету нарығына кірудің анықталған кедергілерінің еңсерілуін айқындауды қамтиды.

      43. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілеріне Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты емес сапалық көрсеткіштер:

      1) аталған нарықтың құрылымдық ерекшеліктері (бастапқы және ағымдағы шығындар, сұраныс көлемі, нарықтың дамығандығы, бәсекелестіктің типі);

      2) мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттері (лицензиялау, салық салу және мемлекеттік билік органдарының басқа да әрекеттері);

      3) нарықта жұмыс істеп тұрған ұйымдар тарапынан келісімдер мен іс-әрекеттер жатады.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының құрылымдық ерекшеліктеріне және мемлекеттік реттеу процесіндегі мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттеріне негізделген кедергілер:

      1) нарықтың сыйымдылығын шектеу - нарықтың жоғары толықтырылуын да, тұтынушының төмен төлеу қабілеттілігін де көрсететін сұранысты қанағаттандырудың жоғары дәрежесі, нарықты әлеуетті бәсекелестердің игеруі үшін едәуір кедергі болып табылады және жаңа қаржы ұйымдары үшін осы нарықтың тартымдылығын төмендетеді;

      2) бастапқы шығындардың жоғары дәрежесі – нарыққа кіру мүмкіндігінің шешуші шектеулерінің бірі;

      3) шығындар деңгейіндегі артықшылық - қаржы ұйымдары нарығына жаңадан кірген ұйымдарға қарағанда, жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының қаржылық көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындары:

      нарықта бастапқы шарттардың теңсіздігі;

      нарықта жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының әлеуетті бәсекелестер алдында технологиялық артықшылығы;

      жарнамаға шығындар және филиал желісін дамыту;

      ауқым әсері – егер осы нарықта қызметтің ең жоғары тиімді ауқымы жоғары болса, онда нарыққа жаңадан кірген қаржы ұйымдарының бастапқы кезеңде нарықта жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарына қарағанда, елеулі, неғұрлым жоғары үлестік шығындары болады және тиісінше бәсекеге қабілеттілігі төмен болады;

      нарықта жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының деңгейлес және сатылас интеграциясы. Сатылас немесе деңгейлес құрылымдарға интеграцияланған қаржы ұйымдары жиынтық инвестициялық, қаржы және ақпарат ресурстарына қолжетімділік түрінде ішкі корпоративтік байланыстың барлық артықшылықтарын қолданады;

      4) экономикалық және ұйымдық шектеулер - мемлекеттің инвестициялық, кредиттік, салықтық, бағалық, кедендік саясаты.

      Салық салу қағидалары тұтынушының түрлі қаржы ұйымдарының салыстырмалы артықшылықтарына әсер ете отырып, тұтынушы (клиент) үшін түрлі қаржылық көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы тиімділігіне әсер етеді;

      5) әкімшілік шектеулерге қаржы ұйымдарын лицензиялау да (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін шектеулер мен қағидалар) жатады.

      Тауар нарықтарымен салыстырғанда реттеуші органдар қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында сұранысқа және бәсекелестер санына елеулі әсер етеді. Қаржы ұйымдарына қойылатын лицензиялық талаптар нарықтың шоғырлану деңгейі мен қатысушылар құрамына әсер ете отырып, қаржы нарықтарына кіру кедергілерінің биіктігін көрсетеді.

      44. Нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының қызметіне негізделген, оған жаңа бәсекелестердің кіруінің алдын алу бойынша кедергілер, оның ішінде:

      1) нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымының жаңа бәсекелестің пайда болуына жауап ретінде қабылдайтын шаралар, мысалы пайыз мөлшерлемелері саясатындағы өзгерістер;

      2) қаржы ұйымдарының бәсекелестікке қарсы келісімдері және келісілген әрекеттер, оның ішінде мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іс-қимылдары.

      45. Аталған қаржы нарығына кіру кедергілерін анықтау процесінде талданатын факторлар тізбесі қаржы ұйымдары қызметінің негізгі түрлерінің ерекшеліктеріне және өңірдің өзгешелігіне байланысты санамаланғаннан кеңдеу (немесе тарлау) болуы, ерекшеленуі мүмкін.

      46. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілерінің еңсерілуі осындай кедергілерді еңсеру мерзімдері мен оған жұмсалған шығындар шамасы негізінде бағаланады.

      Егер қаралып отырған нарыққа кіру кедергілерін еңсеру шығындары қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында қызмет көрсетуді жоспарлап отырған нарықтың әлеуетті субъектісі алатын (алуды болжайтын) кірістермен (артықшылықтармен) экономикалық түрде ақталса, нарыққа кіру кедергілері еңсерілетін деп есептеледі.

      47. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығына кіру кедергілерінің еңсерілу дәрежесін бағалау кезінде әрбір қаржы ұйымы үшін кедергінің әртүрлілігін, оның уақытша немесе тұрақты сипатын ескеру қажет.

      48. Талдау жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарының нарықтан шығу кедергілерін талдауды, оның ішінде:

      1) нарықта сұранысты қанағаттандыру және қаржы ұйымын сақтау қажеттілігіне байланысты;

      2) қызметті тоқтату немесе оның бағытын өзгерту үшін елеулі қаржы ресурстарын тарту қажеттілігімен байланысты кедергілерді талдауды қамтиды.

      49. Қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың сатылас және деңгейлес интеграциясын анықтау нарыққа қатысушылардың үлестес тұлғаларын талдауға негізделген.

      Үлестестікті талдау Кодекстің 165-бабына сәйкес айқындалған тұлғалардың қызметіне қандай да бір дәрежеде әсер ететін экономикалық айналым субъектілері арасындағы мүліктік және басқарушылық тәуелділікті анықтауды болжайды.

      Қаржы ұйымдарының үлестес болуын, адамдар тобын сәйкестендіруді талдау негізінде қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы шоғырлану көрсеткіштерінің есебі нақтыланады, қаржы ұйымының әлеуеті негізделеді.

9-тарау. Қорытындыда көрсетілетін жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша қорытындылар

      50. Жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) зерттеудің уақыт аралығы;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметті айқындау және көрсетілетін қызметтің өзара алмастырылуы;

      3) нарық шекаралары;

      4) қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің құрамы;

      5) нарықтың көлемі және қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің үлесі;

      6) нарықтың шоғырлану деңгейі;

      7) нарыққа кіру кедергілері;

      8) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі.

      51. Егер Талдау жүргізу кезінде жекелеген кезеңдер жүргізілмесе, онда талдау қорытындылары бойынша тұжырымдар тиісті бөлімдерге енгізілмейді.

      52. Жүргізілген Талдау нәтижелері бойынша, оның ішінде талдаудың жекелеген кезеңдерінің құрамында нарықтың жай-күйі мен ондағы бәсекелестікті дамытудың қысқаша сипаттамасы (қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне шолу) жасалады.

      53. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі зерделенетін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығы нарықтық құрылымдардың қандай типіне жататынын айқындауға, осы нарықтағы бәсекелестіктің даму (дамымау) дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының сандық және сапалық сипаттамаларын салыстыруды және талдауды қамтиды.

      Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының алынған сипаттамалары негізінде бәсекелестікті дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы қорытындылар жасалады.

      54. Қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы шоғырлану деңгейіне байланысты монополияға қарсы органның әртүрлі нарықтарға және оларда жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қатысты іс-әрекеттері сараланады.

      Жоғары шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар орынды:

      1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық мінез-құлқын бақылау;

      2) қаржылық қызметтер көрсету нарығына кіру кедергілерін азайту жөніндегі, қызметке тең жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылдар;

      3) қаржы ұйымының үстем жағдайды теріс пайдалануының алдын алу және жолын кесу болып табылады;

      4) қаржы ұйымдарының қосылуына, қосылуына және қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы акциялардың (үлестердің) бұғаттайтын және бақылау пакеттерін сатып алуға тыйым салу болып табылады.

      Орташа шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар орынды:

      1) шоғырлану көрсеткіштерінің серпінін бақылау. Шоғырлану процесі күшейген кезде жоғары шоғырланған нарықтар үшін көзделген шараларға көшу қажет;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық мінез-құлқын бақылауды қамтиды.

      55. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды лауазымды адам жоғарыда көрсетілген дәйектілікпен қалыптастырады, оған талдау жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      Талдау жөніндегі қорытындыға қаралатын нарықтың сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылған құжаттар тізбесі қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады