Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27837 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативті құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 454 Бұйрыққа қосымша

Камералдық бақылау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) камералдық бақылау – ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бармай жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны;

      2) камералдық бақылау тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі – тәуекел бейіні) – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен айқындалған және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау шарттарының жиынтығы;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      4) тәуекел – қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатын ұрлауға (ысырап етуге) және мемлекетке экономикалық залал келтіруге әкеп соғатын мүмкін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамау, оқиғаның немесе іс-қимылдың объектіге және мемлекеттік аудит нысанасына және нысанасына қолайсыз әсер ету ықтималдығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарында және стратегиялық жоспарларында көзделген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу немесе толық көлемде орындамау ықтималдығы;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесі – тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және мемлекеттік аудит жүргізуді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де қызметін қамтамасыз ететін, мемлекеттік аудиттің неғұрлым басым бағыттарына ресурстарды іріктеу, оңтайлы бөлу қағидаттарына негізделетін, қолда бар тәуекелдер жиынтығын жан-жақты талдауды, оларды сәйкестендіру мен бағалауды, ден қою шараларын әзірлеу мен қабылдауды, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділігіне мониторингті қамтитын әкімшілендіру жүйесі;

      6) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді заңнамада көзделген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      7) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын 2 тармағында көрсетілмеген ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.

      4. Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісін беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

2-тарау. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі

      5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Заңның 14-бабы 3)-тармақшасының және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) 16-бабы 5)-тармақшасының негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.

      6. Камералдық бақылауды жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Камералдық бақылаудың ден қою шаралары Заңның 30-бабының 4-тармағында көзделген.

      8. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғаннан кейін бұзушылықтар анықталған кезде Заңның 17-бабының 6-тармағына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит немесе Заңның 18-бабы 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізіледі.

      10. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде аумақтық бөлімше анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) рәсімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді.

      11. Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

      12. Хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      13. Хабарламада көрсетілген мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      Хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты (қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып) мемлекеттік аудит объектісі хабарламаны жіберген аумақтық бөлімшеге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы ұсынады.

      14. Мемлекеттік сатып алудың уақтылы және толық орналастыру жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын камералдық бақылау тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

      15. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер веб-порталға орналастырылған күннен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жүргізіледі.

      16. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен және (немесе) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      17. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

      1) бірінші бағыт:

      конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін;

      конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;

      2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;

      3) үшінші бағыт – веб-порталда алдын ала рұқсат хаттамасы орналастырылған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде;

      4) төртінші бағыт, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде камералдық бақылау жүргізу кезінде – Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының 5-тармағында көзделген шағымдар бойынша – Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

      18. Қағидалардың 17-тармағының 4)-тармақшасы шеңберінде камералдық бақылау жүргізу кезінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 5-тармағына сәйкес түскен шағымдарға жауап жобасын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің/мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың қатысуымен алдын ала талқылау үшін хабарлама жобасын орналастырады.

      Орындаушының және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның бұзушылықтардың жоқтығы туралы белгісі веб-порталда камералдық бақылаудың аяқталуы болып танылады.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.

      19. Камералдық бақылау жүргізу кезінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес тиісті бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу кезеңінде шағым берген тұлғаның дәлелдері ескеріледі.

      Камералдық бақылау жүргізу кезінде алдыңғы бағыттар бойынша шағымның дәлелдері қаралмайды. Мұндай шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

      20. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабына сәйкес беріледі.

      21. Осы Қағидалардың 17-тармағының 4)-тармақшасының үшінші абзацта көрсетілген шағымдар Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 5-тармағында белгіленген аумақтық бөлімшемен шағымдарды қарау тәртібінде қаралады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.

      Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына әлеуетті өнім берушілердің шағымдары, оның ішінде оларда көрсетілген Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулер берілмеген біліктілік талаптары қарауға жатпайды.

      22. Аумақтық бөлімшенің шағымды қарау нәтижелері бойынша жауап жобасымен және (немесе) хабарлама жобасымен келіспеген кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (кейін – ӘРПК) 73-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші/ұйымдастырушы шағымға жауап жобасы және (немесе) хабарлама жобасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйелер арқылы келіспеу туралы ұстанымын білдіреді.

      23. Тыңдау рәсімі Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 47-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен қаралған шағымға жауап жобасы (бұдан әрі –шағымдарға жауаптар) мен ӘРПК 73-бабымен сәйкес хабарлама жобасы орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүргізіледі.

      24. Аумақтық бөлімше тыңдау рәсімінің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген мерзімнің соңғы жұмыс күнінде веб-порталда осы Қағидалардың 22-тармақта көзделген позициялары туралы ақпаратты және аумақтық бөлімшенің ұсынылған ұстанымдары бойынша егжей-тегжейлі негіздемесін қамтитын тыңдау хаттамасын орналастырады.

      Келіспеушілік туралы айқын ұстанымдар болмаған кезде, веб-порталда жарияланған хабарламалар мен жауаптар мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға бағытталады.

      Келіспеушіліктерді қарастыру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) шағымдар/хабарламалар жауаптарының жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) себебін көрсете отырып, келіп түскен ұстанымдарды қабылдамайды.

      Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар осы тармақта көрсетілген, қабылданған шешімдер туралы веб-портал арқылы автоматты түрде хабардар етіледі.

3-тарау. Камералдық бақылаудың сапасын бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау

      25. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 32-тармағының 1-абзацында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баяндалған талаптар мен дәлелдерді ескере отырып, осы Қағидалардың 32-тармағының шеңберінде камералдық бақылаудың сапасын бақылауды және шағымдарды қарау сапасын бақылауды жүзеге асырады.

      Сапаны бақылау жүргізілген жағдайда хабарламаны орындау мерзімі, сондай-ақ шарт жасасу мерзімі ол аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      26. Жүргізілген сапаны бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы сапаны бақылау қорытындысын шығарады, ол автоматты түрде веб-портал арқылы тіркеледі және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мекенжайына жіберіледі.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі сапаны бақылау қорытындысына сәйкес осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде:

      1) хабарламаның күшін жояды;

      2) сапаны бақылау қорытындысына сәйкес хабарлама жібереді;

      3) хабарламаға өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы осы тармақта көзделген мерзімде сапа бақылауының шығарылған қорытындысы болмаған жағдайда, ведомствоның аумақтық бөлімшесі камералдық бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді сапа бақылауынан өтті деп таниды.

      27. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі веб-портал арқылы Заңның 11-1–тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға қарсылықты уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға (бұдан әрі – апелляция комиссиясы) береді.

      Аудит объектісі қарсылық дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін веб-портал арқылы ұсынады.

4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      28. Қарсылық Заңның 11-1-тарауында және Заңның 58-1-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімде қаралады, 2020 жылдың 20 наурызынан № 302 Қазақстан Респбуликасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы" бұйрығымен (2020 жылдың 26 наурызынан нормативтік құқықтық актлерінде мемлекттік тіркеу тізілімінде № 20171 болып тіркелді).

      29. Хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      30. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссиямен мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) мемлекеттік аудит объектісі шағымданатын барлық мәселелер қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты қанағаттандыру туралы;

      2) мемлекеттік аудит объектісі дауланатын мәселелерді ішінара қанағаттандырған жағдайда – қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;

      3) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер Заңның 58-5-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қанағаттандырылмаған жағдайларда – осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қарсылықты қарау нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытындымен (бұдан әрі – қорытынды) ресімделеді.

      Қорытынды автоматты түрде тіркеледі және мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал арқылы жіберіледі.

      31. Осы Қағидалардың 30-тармағының 1)-тармақшасында көзделген хабарлама:

      1) хабарламада көрсетілген барлық бұзушылықтар дауланған жағдайда күші жойылды;

      2) хабарламада көрсетілген, қарсылықпен дауланбайтын бұзушылықтарды жою бөлігінде орындалған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

      Осы Қағидалардың 30-тармағының 2)-тармақшасында көзделген хабарлама қарсылықтың қанағаттандырылмаған дәлелдері бойынша бұзушылықтарды жою бөлігінде орындалуға жатады.

      Осы Қағидалардың 30-тармағының 3)-тармақшасында көзделген хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі толық көлемде орындауға тиіс.

      Хабарламаға ішінара қарсылық болған кезде дауланбаған хабарлама бұзушылықтары жойылуға жатады.

      Осы Қағидалардың 30-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау кезінде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің осы Қағидалардың 26-тармағы екінші абзацының 1) тармақшасында көзделген әрекетінің күші жойылады, ал хабарлама осы Қағидалардың осы тармағына сәйкес орындалуға жатады.

      32. Осы Қағидалардың 17-тармағының 4)-тармақшасында көзделген шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімше жіберген хабарламамен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер, оның ішінде веб-портал арқылы аумақтық бөлімшенің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) 7-қосымша нысаны бойынша шағым мемлекеттік аудит объектісі хабарлама алған күннен бастап не шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіммен және (немесе) аумақтық бөлімше жіберген хабарламамен келіспеген кезде шағым осы-тармақтың 1-абзацында көзделген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Осы-тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін келіп түскен шағымдар ӘРПК 14-тарауына сәйкес қаралады.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атына сапаны бақылау қорытындысы жіберіледі.

      Қағидалардың 22-тармағында айқындалған тәртіппен жауап жобасына келіспеу туралы бұрын ұстанымдар білдірілмеген аумақтық бөлімшенің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) әлеуетті өнім берушілердің шағымдары қарауға жатпайды.

      Хабарламаны орындау мерзімі, сондай-ақ шарт жасасу мерзімі Қағидалардың 17-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған/шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы мынадай:

      1) шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы. Шағым ішінара қанағаттандырылған кезде, қабылданған шешімге дәйектеме беріледі;

      2) мұндай шешім қабылдауды негіздей отырып, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      33. Уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-абзацының 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бөлімшенің хабардар етумен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі қажет болған кезде жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.

5-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      34. Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген шығыс операцияларын қоспағанда мемлекеттік аудит объектілерінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      35. Тиісті аумақтық бөлімше Заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзімде хабарламалардың орындалмауының белгіленген фактілері туралы жазбаша хабарлайды.

      36. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру туралы өкім (бұдан әрі – Өкім) хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмау фактілері расталған жағдайда осы Қағидалардың 35-тармағымен көзделген хат алынған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.

      37. Өкім "Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 596 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша енгізіледі (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12606 болып тіркелген).

      38. Өкім бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге немесе ұйымдарға қағаз тасығышта немесе электрондық түрде оны қалыптастыру күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық коммуникациялық желі бойынша беру арқылы жіберіледі.

      Өкім мынадай мәліметтерді: реттік нөмірі, өкімнің нөмірі, өкімнің күні, өкімнің мәртебесі, жөнелту тәсілі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің немесе ұйымның атауы, қабылдамау/бас тарту себебі, қабылдамау/бас тарту күні, қабылдамау себебі, қабылдамау нөмірі, қабылдамау күні, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдамау мәртебесін қамтитын өкімдер тіркеу журналында тіркелуі тиіс.

      39. Өкім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің немесе ұйымдардың орындалуына жатады.

      40. Өкім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерін жою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге немесе ұйымдарға Өкімнің күшін жою туралы құжатты жіберу жолымен уәкілетті орган күшін жояды.

      Өкімнің күшін жою туралы құжат мыналарды қамтиды: осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Уәкілетті орган ведомствосының атауы мен БСН, мемлекеттік аудит объектісінің атауы мен ЖСН/БСН, өкімнің нөмірі мен күні, шығыс операцияларын қайта бастау қажет мемлекеттік аудит объектісінің коды мен шоттарының нөмірі, уәкілетті орган басшысының не оның орнындағы адамның мөрімен куәландырылған қолтаңбасы.

      41. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоты жабылған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым уәкілетті органның ведомствосына өкімді қайтарады.

6-тарау. Есепке алу және есептілік

      42. Есепке алу мен есептілікті жүргізу мақсатында, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану үшін шағымдар мен қарсылықтарды қарау туралы камералдық бақылау мәліметтері мен материалдары веб-порталда жинақталады.

      43. Уәкілетті органның ведомствосы камералдық бақылау нәтижелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі

№ р/с

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің атауы

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің деректерін таңдау шарттары

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің бұзылуы

1.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұза отырып көрсетуі.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды;
3) әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғады, оның ішінде: - әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеу; - тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың, сондай - ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын сипаттамалардың мазмұны, - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу. Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.

2.

Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.

1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерден тұрады.
3. Бекітілген конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы белгіленген.

Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі. Шешім қабылдамау не Заңның 22-бабының 2-тармағын бұза отырып қабылдау.

3.

Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы

1. Нысанасы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері болып табылатын мемлекеттік сатып алу.
2. Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылады.

Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы

4.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Заңның 20-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның 20-бабын бұза отырып, лоттарға бөлмеуі.

5.

Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соққан шешім қабылдау.

1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33- баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 238 және 55-тармақтарын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамауы.

6.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген конкурс/аукцион тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін (аукциондық өтінімін) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағидалардың 238 тармағын және 55-тармағын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтініміне рұқсат беруі.

7.

Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану.

1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген, бұл ретте олар өтті деп танылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
2. Конкурстық комиссияның өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдануының не қолданбауының негізділігі.

Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді Заңның 21-бабын, сондай-ақ Қағидалардың 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 279, 280, 281, 282, 285, 286, 287, 288 және 289-тармақтарын бұза отырып, заңсыз қолдануы не қолданбауы.

8.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу.

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Қалыптастырылған және жарияланған алдын ала рұқсат беру хаттамасында:
1) қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
2) веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру және ұсыну қажет құжаттардың тізбесі қамтылмайды..

Алдын ала рұқсат беру хаттамасы:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталарын;
2) Заңның 27-бабын, сондай-ақ Ереженің 222-тармағын бұза отырып, веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру және ұсыну қажет құжаттардың тізбесін қамтымайды.

9.

Күнтізбелік он бес күннен аз, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі.

1. Заңның 13-бабы 1-тармағында көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен аз, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болып айқындалған.

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңның 43-бабының 22-тармағы бұзылып өткізілді.

10.

Ұйымдасытырылуы мен өткізілуін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу.

Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

11.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу.

Веб-порталда орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық емес және/немесе Заңның 38-бабы 1-тармағында көзделген мерзімдер бұзылған.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпараттың толық орналастырылмауы, сондай-ақ Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің бұзылуы

12.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 37-бабын бұза отырып лоттарға бөлмеуі.

13.

Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар қамтылады.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады.

Заңның 38-бабының 2-тармағын бұза отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады.

14.

Мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу – мемлекеттік сатып алудың тәсілін заңсыз қолдану.

1. Тапсырыс беруші тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберді.
2. Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін негіздеме Заңның 39-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.

Заңның 39-бабының 3-тармағын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін заңсыз таңдау.

15.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз таңдау.

1. Тауар биржалары арқылы өткізілген тауарларды мемлекеттік сатып алу.
2. сатып алынатын тауарлардың Биржалық тауарлар тізбесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылы 31 наурызда № 10587 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес болуы.

Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алу Заңның 42-бабын бұза отырып жүзеге асырылды.

16.

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіруге құқық бермейтін негіздер бойынша заңсыз қабылдамау.

1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделген конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру құқығын ұсынбай әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін Заңның 27-бабын, сондай-ақ Қағиданың 221-тармағын бұза отырып қабылдамауы.

17.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген жағдайда не техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) болған кезде конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасына сәйкес конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулер бар.
3. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұза отырып, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қорытындылары бойынша біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада):
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын;
3) әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге, оның ішінде: - әлеуеттік өнім берушілерге қандай болмасын санмен өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге; - тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын қамтуға әкеп соғатын;
4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзатын біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі. Заңның 9 және 21-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.

18.

Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сатып алу сомасы.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 37-бабының 1-тармағын бұза отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.

19.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі заңсыз талаптар.

1. Жарияланған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) Заңның 9-бабының 2-тармағын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде біліктілік талаптарын белгілеу.

20.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру күнін тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген күнмен салыстыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау.

21.

Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бекіту (нақтылау).

22.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):
1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлем (аванс) көрсетпеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмаған.

23.

Мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарға енгізу

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу.

24.

Демпингтік баға есебін заңсыз қолдану/қолданбау.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Ұйымдастырушылардың конкурстық құжаттамада демпинг белгісін және демпингтік бағаны есептеу сомасын анықтамауы не дұрыс анықтамауы.

Заңның 26-бабын және Қағидалардың 73, 74, 75, 76, 78 және 79-тармақтарын бұзушылық.

25

Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның талаптарын бұза отырып, жүзеге асыру

1. Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 31-бабы 1-тармағын бұза отырып өткізіледі.

Олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала білікті іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның 31-бабы 1-тармағының талаптарын бұза отырып жүзеге асыру

26

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып жіберу туралы шешім қабылдау, қабылдамауға және өлшемшарттар бойынша балдарды есептеуді қолданбауға немесе заңсыз қолдануға әкеп соқтырған әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып шешім қабылдау

1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу тәсілімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделді.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.
3. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына Қағидалардың 411-тармағында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген балдардың санына қарай бағаны шартты түрде азайтуды қолдануының не қолданбауының негізділігі.

1. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімін Қағидалардың 413-тармағын бұза отырып қабылдамауы немесе жіберуі.
2. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына Қағидалардың 411-тармағында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген балдардың санына қарай бағаны шартты түрде азайтуды заңсыз қолдануы не қолданбауы.

27

Ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу.

1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда орналастырылған ақпарат.
3. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттар көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген.

Заңның 21, 32, 38-баптарына сәйкес техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу.

28

"Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкімінде (бұдан әрі – Өкім) және "квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысында (бұдан әрі – Қаулы) көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда орналастырылған ақпарат.

Өкімінде және Қаулысында көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

29

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстар енгізу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша келісім жобасы.

Өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістері және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстары бар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосымша келісім жасасу.

30

2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары" қаулысына (бұдан әрі-дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары) сәйкес қабылдамауға немесе жіберуге әкелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған шешім қабылдау.

Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендерлік (аукциондық) өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендерге (аукционға) қатысуға өтінімін тендерлік (аукциондық) комиссияның Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 222, 223-тармақтарын бұза отырып қабылдамауы. Тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 14-тармағын бұза отырып жіберуі.

31

Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына немесе жіберілуіне әкеп соқтыратын шешім қабылдау.

1. Қорытындылардың хаттамасы ресімделген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес не сәйкес емес деп тану туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының (2018 жылдың 14 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актлерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17948 болып тіркелген) Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының (бұдан әрі – тамақтандыруды ұйымдастыру кағидалары) 72, 180, 270, 360-тармақтарын бұзып, әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып шешім қабылдау.

32

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтердің өнім берушісін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды қолданбау немесе заңсыз қолдану

1. Қорытындылардың хаттамасы ресімделген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу
2. Комиссияның өнім берушінің баға ұсынысына Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдануының не қолданбауының негізділігі

2. Тамақтандыруды ұйымдастыру кағидаларын 64, 172, 262, 352-тармақтарын бұза отырып, Комиссияның әлеуетті өнім берушіге балдарды заңсыз қолдануы не қолданбауы.

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20___ жылғы "___" __________                                    № _____

      ____________________________________________________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы) "Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы
4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы. Заңның
31-бабының 2-тармағына сәйкес Сізге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы осы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ол тапсырылған
(алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет.
Қарсылықтарды қарау нәтижелері ескеріле отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтар
жойылған кезде хабарлама орындалды деп танылады. Бұзушылықтарды жою туралы
ақпаратты (қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды) камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4–қосымшаға сәйкес хабарламаны жіберген уәкілетті
органға веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісі ұсынады. Осы Қағидалардың
27-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда,
мемлекеттік аудит объектісі қажет болған кезде ол веб-портал арқылы тапсырылған
(алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға қарсылық жібереді. Қажет болған жағдайда
қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит
объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк
шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата
тұруға, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа
тартуға әкеп соғады. Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым
жасалуы мүмкін. Анықталған бұзушылықтар сипатталған қосымша ___ парақта. Ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган аумақтық ведомствосының басшысы
_____________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

  Камералдық бақылау
нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламаға
қосымша

      Мен,_________________________________________________________
(Лауазымы, уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
30-бабына сәйкес камералдық бақылау жүргіздім
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Бақылау нысанасы)
________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(Өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, тәуекелдерді басқару
жүйелері/шағымдар)
_________________________________________________________________
____________________________________________________________арқылы
(Ақпараттық жүйенің атауы)
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылық (-тар) анықталды:

Бұзушылық тармағының нөмірі

Тәуекел бейіні

Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары

1–тармақ




2–тармақ







      (Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете
отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен
тармақшаларына сілтеме жасап, бұзушылық сипатын сипаттай отырып, толассыз тәртіппен
нөмірленеді. Бұзушылық сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың
деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады.)

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде анықталған бұзушылықтар Камералдық бақылау
жүргізу қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жойылуға жатады.

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері бұзушылықтарды жою тәсілдері

Камералдық бақылау бағыттары

Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары

Тәуекелдер бейіні

Камералдық бақылау

Бірінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, егер мынадай талаптар бар болса (жеке-жеке):
1) мемлекеттік сатып алу сомасы екі миллион теңгеден асады;
2) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бір тармағы бар;
3) олар бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу Тауар биржалары арқылы жоспарланған мемлекеттік сатып алу

№ 1-бейін – Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі

1–нұсқа. Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу) *

2–нұсқа. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау кезінде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою жүзеге асырылмайды *

№ 3-бейін – Басқа әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (№ 434-V ЗРК "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабының талаптарын бұза отырып)

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 4-бейін – Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою*

№ 9-бейін – Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою*

№ 10-бейін – Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою*

№ 14-бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін заңсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу *

№ 15-бейін – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа заңсыз таңдау.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

№ 24-бейін – Демпингтік бағаны есептеуді заңсыз қолдану/қолданбау

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою*

№ 25-бейін – Заңның талаптарын бұза отырып, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою*



№ 27 бейін - Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде ұлттық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу.

Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу*



№ 28 бейін - "Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 108 өкімінде және "квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 қаулысында көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*



№ 29-бейін - Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) Мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстар енгізу.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*

Екінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

№ 2-бейін – Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) заңды бұза отырып бекітуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 17-бейін – Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген кезде не конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) қамтылған кезде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

Үшінші бағыт

Үш жүз миллион теңге сомасынан асатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу

№ 5-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 6-бейін – Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 8-бейін – Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу.

1–нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

2-нұсқа. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген кезде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою*

№ 16-бейін – Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіру құқығын бермейтін негіздер бойынша заңсыз қабылдамау

1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

2-нұсқа. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген кезде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою *

Төртінші бағыт

Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде шағымдар келіп түскен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, жіберу туралы шешім қабылдау, әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға және қолданбауға немесе өлшемшарттар бойынша баллдарды есептеуді заңсыз қолдануға әкеп соққан шешім қабылдау.
"Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысына сәйкес әлеуетті өнім берушінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде оның қабылданбауына немесе жіберілуіне әкеп соққан құқықтары мен заңды мүдделері бұзыла отырып шешім қабылдау.
73, 181, 271 және 361-тармақтар шеңберінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу, Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді (2018 жылдың 1 желтоқсанында нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу тізілімнде тіркелген) (бұдан әрі – Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары).

№ 5-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға әкеп соққан шешім қабылдау.

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 6-бейін – Әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жіберу туралы шешім қабылдау

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 7 бейін – Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану.

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

№ 26 бейін. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу тәсілімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделді.
2. Қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес комиссия әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурстық өтінімін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады.
3. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 411-тармағында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдардың санына байланысты бағаларды шартты түрде азайтуды қолданудың не қолданбауының негізділігі

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

30-бейін – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендерге (аукционға) қатысуға өтінімін тендерлік (аукциондық) комиссияның Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 222, 223-тармақтарын бұза отырып қабылдамауы
Тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 14-тармағын бұза отырып жіберуі

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

31-бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға немесе жіберуге әкеп соққан шешім қабылдау.

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

32-бейін – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша өлшемшарттарды қолданбау немесе заңсыз қолдану

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*

 
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

 
Лот сомасы екі миллион теңгеден асатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға олар бойынша шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу

№ 3 бейін – Өзге әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды (Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып) жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 9 бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен аз.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 10 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 12 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 13 бейін – Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар қамтылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 18 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 19 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 28 бейін - 2020 жылдың 25 мамырдағы № 108 Қазақстан Республикасы Президентінің "Орталық, жергілікті мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" өкімінде және 2020 жылғы 29 шілдедегі № 475 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "квазимемлекеттік сектор субъектілерінде шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" қаулысында көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*


Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

№ 20 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру*

№ 21 бейін – Мемлекеттік сатып алу көлемдерінің сәйкестігі.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

№ 22 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Егер мынадай шарттар (жеке-жеке):
1) мемлекеттік сатып алу сомасы екі миллион теңгеден асса;
2) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бір тармағынан артық болса әлеуетті өнім берушіге қол қоюға тапсырыс беруші жіберген тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы

№ 14 бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін заңсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілі.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*


Тауар биржалары арқылы тәсілмен жоспарланған мемлекеттік сатып алу

№ 15 бейін – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

Ескертпе:
* Хабарлама тапсырылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, бұзушылық осындай шартты бұзу (қорытындыларды жою арқылы) арқылы жойылады.

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
_______________________
(Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
атауы

Хабарламаның орындалуы туралы ақпарат

      20___ жылғы "___" __________ № _____
Осымен________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
20__ жылғы "__" _________ № ____________________________________
________________________________________________________________
хабарламаны қарап, _____________________________________________
_______________________________________________________________
(Хабарлама жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)
20__ жылғы "__" _________ бастап № _________, хабарламаның орындалуы туралы
ақпаратты, оның ішінде қарсылықты қарау нәтижелерін ескере отырып жібереді
(Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша 20__ "__" _______ № ____ қорытынды):

Бұзушылық пунктінің нөмірі

Тәуекел бейіні

Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Жою тәсілі/ қарсылық қабылданды

растайтын құжаттың № және күні

1-тармақ





2-тармақ









      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы ________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
__________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
атауы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық

      20___ жылғы "___" ________________ №______________________
Осымен___________________________________________________
__________________________________________________________
(Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
20__ жылғы "__" _________ № _________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
хабарламаны қарап __________________________________________
___________________________________________________________
(Хабарлама жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы) мынадай:
___________________________________________________ _______________
бұзушылықтармен келіспейтіні туралы хабарлайды

Мемлекеттік аудит объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық пунктінің нөмірі

Тәуекел бейіні

Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуге мемлекеттік аудит объектісінің негіздемесі

Қоса берілген құжаттардың тізбесі
















      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы ________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
__________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның атауы

Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды

      20___ жылғы "___"________________ №__________________________
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 29-тармағына сәйкес қарсылықты қарау
нәтижелері бойынша
______________________________________________________________
( Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_______________хабарламаға,____________________________________
______________________________________________________________
20__ жылғы "__" _________ № ___________________________________
_______________________________________________________________
(Хабарлама жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі органның атауы)
мынаны анықтады:

Мемлекеттік аудит объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық пунктінің нөмірі

Тәуекел бейіні

Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуге мемлекеттік аудит объектісінің негіздемесі

Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын қарау нәтижелері (қарсылық қабылданды/қарсылық қабылданған жоқ)

Қабылданған шешімнің негіздемесі













      Мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған мәселелер шегінде қарсылықты қарау
нәтижелері бойынша мынадай: ______________________________________
_______________________________________________________________________
(қарсылықты толық қанағаттандыру туралы/қарсылықты ішінара қанағаттандыру
туралы/қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы). шешім қабылданды.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамы / ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының басшысы*
_____________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Ескертпе: * 1 миллиард теңгеден астам мемлекеттік сатып алу

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
7-қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе ведомствосының және оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым

      20___жылғы "___"__________                          № _____

      Осымен ___________________________________________________________
(Өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), өтініш берушінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Шағым жасалатын құжаттың атауы, нөмірі, күні)
мынадай:__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
негіздер бойынша келіспейтіні туралы хабарлайды Баяндалғанның негізінде:
_______________________________________________________________________
_________________________________ _____________________________________
__________________________________________________________________ сұраймын
Өтініш беруші __________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
8-қосымша

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді тіркеу журналы

Өкім нөмірі

Өкім күні

Объет облысы

Мемлекеттік сатып алудың нөмірі және атауы

Хабарлама күні

Хабарлама нөмірі

Тәуекел профилі

Өкім мәртебесі

Жіберу тәсілі

Объектінің бизнес сәйкестіндіру нөмірі

Объектінің атауы

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы

Бас тарту күні және себебі

Күшін жою себебі

Күшін жою нөмірі

Күшін жою күні

Күшін жою мәртебесі




















































  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
9-қосымша

Өкімнің күшін жою туралы құжат

  ________________________
(Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның, банктің
немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның атауы)
________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
(бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30
қарашадағы № 598 "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен
(2015 жылдың 29 желтоқсанында нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 12599 болып тіркелген) бекітілген Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларының 40-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік
аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Комитеттің
___________________________________________ (өкімнің күні мен нөмірі) Өкімнің күші
жойылғанын хабарлайды және ____________________________________________________________ (аудит объектісінің атауы, оның бизнес сәйкестіндіру нөмірі және банктік деректемелері) шығыс операцияларын жүргізуді қайта бастауды сұраймыз.

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының басшысы

      Мөр орны ______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ( Қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады