"Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27845 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
С. Кожаниязов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 138
Кәдеге жарату төлемін есептеу
әдістемесіне
4-қосымша

Автокөлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық ставкасы және коэффициенттері

Көлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері және санаттары

Базалық мөлшерлеме

Коэффициент

1. М1 санаттағы, оның ішінде өтімділігі жоғары G санаттағы көлік құралдары, сондай-ақ квадроциклдерді, қарбалшықтажүргіш, қар жүргіштерді, мотовездеходтарды және трициклдерді қоспағанда, СЭҚ ТН 8703 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары

Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар

50 АЕК

0

Қозғалтқыштың жұмыс көлемімен:

1 000 см3-қа дейін

50 АЕК

1,5

1 001 см3-тан 2 000 см3-қа дейін

50 АЕК

3,5

2 001 см3-тан 3 000 см3-қа дейін

50 АЕК

5

3 001 см3-тан жоғары

50 АЕК

11,5

2. N1, N2, N3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтарының топтарына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары ("X" санатындағы коммуналдық-жинау машиналарын қоспағанда)

Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар

50 АЕК

0

Толық (техникалық рұқсат етілген ең жоғары) массасы:

2,5 тоннаға дейін

50 АЕК

3,5

2,501 тоннадан 3,5 тоннаға дейін

50 АЕК

7,5

3,501 тоннадан 5 тоннаға дейін

50 АЕК

7,5

5,01 тоннадан 8 тоннаға дейін

50 АЕК

8

8,01 тоннадан 12 тоннаға дейін

50 АЕК

9,5

Ершікті тартқыштардан басқа, 12,01 тоннадан 20 тоннаға дейін

50 АЕК

10,5

Ершікті тартқыштардан басқа, 20,01 тоннадан 50 тоннаға дейін

50 АЕК

20,5

Ершікті тартқыштар
12 тоннадан 50 тоннаға дейін*

50 АЕК

11

3. М2, М3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8702 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары

Гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар

50 АЕК

0

Қозғалтқыштың жұмыс көлемімен:

2 500 см3-қа дейін

50 АЕК

4

2 501 см3-тан 5 000 см3-қа дейін

50 АЕК

8

5 001 см3-тан 10 000 см3-қа дейін

50 АЕК

10,5

10 001 см3-тан жоғары

50 АЕК

13,5

4. Тракторлар

Қозғалтқыштың номиналды қуатымен:

60 а.к.-ге дейін

50 АЕК

2

61 а.к.-дан 130 а.к.-ге дейін

50 АЕК

5,5

131 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін

50 АЕК

17

221 а.к.-дан 340 а.к.-ге дейін

50 АЕК

29

341 а.к.-дан 380 а.к.-ге дейін

50 АЕК

29

380 а.к.-дан жоғары

50 АЕК

40

5. Астық жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын комбайндар

Қозғалтқыштың номиналды қуатымен:

160 а.к.-ге дейін

50 АЕК

9

161 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін

50 АЕК

23

221 а.к.-дан 255 а.к.-ге дейін

50 АЕК

32

256 а.к.-дан 325 а.к.-ге дейін

50 АЕК

38

326 а.к.-дан 400 а.к.-ге дейін

50 АЕК

38

400 а.к.-дан жоғары

50 АЕК

45

      Ескертпе: * автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган берген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған кезде көлік компаниялары импорттайтын халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын ершікті тартқыштарға қатысты 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 0 коэффициенті қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады