Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 2022 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері:
құжаттарды қабылдау: академиялық оқу үшін – 2022 жылғы 23 мамыр мен 14 қазан аралығы; тағылымдама өту үшін – 2022 жылғы 5 қыркүйек пен 14 қазан аралығы;
конкурсты өткізу – 2022 жылғы 30 мамыр мен 30 қараша аралығы;
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2022 жылға "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 197 бұйрығына қосымша |
2022 жылға "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі
I. Академиялық оқу үшін мамандықтар | II. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары | ||
№ | № | Мамандықтар атауы | |
1. Инновациялар мен жаңа технологиялар | |||
1 | 1 | Цифрлық экономика. Цифрлық Маркетинг |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
2 | 2 | Инновациялық менеджмент. Технологиялар менеджменті. |
Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. |
3 | 3 | Үлкен деректер аналитикасы. Салалар бойынша предиктивті аналитика | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. |
4 | 4 | Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік және криптография |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
5 | 5 | Кәсіпкерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлік | Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару |
6 | 6 | Робот техникасы |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. |
7 | 7 | Медиа технологии. Цифрлық медиа. Сервистік платформаларды әзірлеу. Визуалды мәнмәтін дизайны |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. |
8 | 8 | Қаржы технологиялары |
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық. |
9 | 9 | Қашықтан басқару жүйесі | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. |
10 | 10 | Жаңа материалдар технологиясы | Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары. Физика ғылымдары. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. |
11 | 11 | Наноматериалдар мен нанотехнологиялар |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: физикалық және химиялық ғылымдар. Физикалық ғылымдар. |
2. Индустриялық инженерия | |||
12 | 1 | Авиация және аэроғарыш техникасы. Әуе қозғалыстарын басқару |
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. |
13 | 2 | Урбанистика. Сәулет. Қалаларды басқару. Тұрақты қалалар. Ақылды қала жүйесі. Жобалау | Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Сәулет және құрылыс. Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. |
14 | 3 | Атом өнеркәсібі. Ядролық инженерия. |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары. |
15 | 4 | Инженелік жүйелер мен желілер | Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Сәулет және құрылыс. Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. |
16 | 5 | Машина жасау | Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. |
17 | 6 | Химиялық инженерия |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Физика және химия ғылымдары. |
18 | 7 | Мұнай-газ инжинирингі |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Геология. |
19 | 8 | Электроника және телекоммуникациялық жүйелер |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. |
20 | 9 | Стандарттау, сертификаттау және метрология |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Математика және статистика. Геология. |
21 | 10 | Құрылыс инженериясы | Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Сәулет және құрылыс. Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. |
22 | 11 | Азық-түлік өнімдерінің технологиясы. Тамақ қауіпсіздігі. Тамақ өнімдері өнеркәсібінің технологиясы (зоотехния). Ет өңдеу технологиясы. |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. |
23 | 12 | Көлік технологиялары. Көлік инженериясы. Логистика |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. |
24 | 13 | Инженерлік экономика |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
25 | 14 | Энергетикалық технологиялар мен жүйелер | Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: Инженерия және инженерлік іс. Өндірістік және өңдеу салалары. Тау-кен ісі. Су шаруашылығы. |
26 | 15 | Ақпараттық технологиялар мен жүйелер | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Телекоммуникациялар. |
27 | 16 | Биотехнология. Биоинженерия. Биомедицина. Биохимия |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Математика және статистика. |
28 | 17 | Орман ресурстары және орман шаруашылығы |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. |
29 | 18 | Аграрлық технологиялар |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. |
30 | 19 | Гидрология, су ресурстары және суды пайдалану. Мелиорация |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. |
3. Жаратылыстану ғылымдары | |||
31 | 1 | Геология. Тау-кен ісі. Геодезия. Геофизика |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. Физика ғылымдары. Геология. География. |
32 | 2 | Математика. Математикалық моделдеу. Қолданбалы математика. Статистикалық талдау | Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
33 | 3 | Физика |
Педагогикалық ғылымдар: Жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша мүғалімдер даярлау. |
34 | 4 | Химия |
Педагогикалық ғылымдар: Жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша мүғалімдер даярлау. |
35 | 5 | Тұрақты даму. Жасыл технологиялар. Экология. Экотехнология. Сейсмология. Қоршаған ортаны қорғау |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. Физика және химия ғылымдары. |
4. Әлеуметтік ғылымдар | |||
36 | 1 | Археология және этнология |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Пәндік мамандандырусыз педагогтарды даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау. Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
37 | 2 | Тарих. Мәдениеттану. Өнертану |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Пәндік мамандандырусыз педагогтарды даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау. Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
38 | 3 | Әдебиет |

39 | 4 | Философия. Дінтану. Теология |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Пәндік мамандандырусыз педагогтарды даярлау. Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар мұғалімдерді даярлау. Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау. Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау. Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
40 | 5 | Шетел филологиясы |

41 | 6 | Аударма ісі |

42 | 7 | Қолданбалы лингвистика |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
43 | 8 | Саясаттану |
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық. |
44 | 9 | Әлеуметтану | Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат. |
45 | 10 | Мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, әлеуметтік саясат |
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық. |
46 | 11 | Журналистика | Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. Журналистика және ақпарат. |
47 | 12 | Конфликтология |
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық. |
48 | 13 | Тәуекел менеджменті |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
49 | 14 | Жобаларды басқару | Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. |
50 | 15 | Адам ресурстарын басқару \ HR-менеджмент |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. |
51 | 16 | Экономика |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
52 | 17 | Қаржы. Инвестициялар |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Математика және статистика. |
53 | 18 | Құқық. Халықаралық құқық және қауіпсіздік. Заңтану. Зияткерлік меншік |
Бизнес, басқару және құқық: Бизнес және басқару. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: Әлеуметтік ғылымдар. |
54 | 19 | Туризм. Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі | Қызметтер: Қызмет көрсету саласы. |
55 | 20 | Дене шынықтыру және спорт. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушысы | Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. |
5. Білім беру | |||
56 | 1 | STEM білім беру |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
57 | 2 | Инклюзивті білім беру |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
58 | 3 | Қашықтан оқыту әдіснамасы және әдістемесі. Педагогикалық платформаларды әзірлеу |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
59 | 4 | Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі. Оқыту бағдарламаларын әзірлеу |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
60 | 5 | Білім және ғылым саласындағы басқару |
Педагогикалық ғылымдар: Педагогика және психология. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы. |
6. Медицина | |||
61 | 1 | Анестезиология және реаниматология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
62 | 2 | Вирусология. Инфекциялық (жұқпалы) аурулар. Эпидемиология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
63 | 3 | Дерматология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
64 | 4 | Кардиология. Кардиохирургия | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
65 | 5 | Сәулелі диагностика. Сәулелі терапия | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
66 | 6 | Медициналық генетика | Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
67 | 7 | Неврология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
68 | 8 | Неонатология. Педиатрия | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
69 | 9 | Қоғамдық денсаулық сақтау | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
70 | 10 | Онкология және гематология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
71 | 11 | Отоларингология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
72 | 12 | Офтальмология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
73 | 13 | Патологиялық анатомия (цитопатология) |
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. |
74 | 14 | Психиатрия (наркология және психотерапия) | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
75 | 15 | Пульмонология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
76 | 16 | Сот-медициналық сараптамасы | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
77 | 17 | Спорт медицинасы | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
78 | 18 | Трансплантология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
79 | 19 | Денсаулық сақтау саласындағы басқару/менеджмент | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
80 | 20 | Хирургия (нейрохирургия, абдоминалды, ангиохирургия, торакальная хирургия, көмей хирургиясы, микрохирургия, онкохирургия; бас-жақ-бетсүйек пластикалық хирургиясы, реконструктивті, эстетикалық хирургия) | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
81 | 21 | Эндокринология | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
82 | 22 | Эндоскопия және ультрадыбыстық диагностика | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
83 | 23 | Ветеринарлық медицина. Ветеринарлық генетика | Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: Биология және аралас ғылымдары. Қоршаған орта. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар: Мал шаруашылығы. Балық шаруашылығы. Ветеринария: Ветеринария. Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
84 | 24 | Фармацевтика. Фармацевтикалық құқық. Фармакоэкономика. Клиникалық фармация. | Денсаулық сақтау: Денсаулық сақтау. |
* Осы тізбе "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер ұсынатын дипломда көрсетілген мамандықтың, шетелде оқу үшін таңдалған мамандықтың мәндестігін айқындау үшін қолданылады.