ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығына қосымша |
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық инспекторлардың куәліктерін жеке тұлғаларға беру тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор (бұдан әрі – қоғамдық инспектор) – осы Қағидаларға сәйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау объектілерінің шектеусіз адамдар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекеттерін (әрекетсіздігін) талдауға және бағалауға, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған қоғамдық мониторинг нысанында жүзеге асырылатын қызметі;
4) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, олар бойынша жануарларды, оқиғалар мен іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы.
3. Осы Қағидаларда көзделген қоғамдық бақылау субъектілері жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттер деректер базасында тіркеледі, оған қол жеткізу Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамдық бақылау субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
2-тарау. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы --қоғамдық бақылауды жүргізу тәртібі
4. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар және жарғысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру көзделген коммерциялық емес ұйымдар Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
5. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау субъектілеріне (бұдан әрі - қоғамдық бақылау субъектілері) мыналар жатады:
1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар;
2) коммерциялық емес ұйымдар.
6. Қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдар деректер базасында тіркеуден өтеді.
7. Жеке және заңды тұлғалардың жануарларды ұстау жөніндегі қызметі – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау объектісі (бұдан әрі – қоғамдық бақылау объектілері) болып табылады.
8. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
9. Он сегіз жасқа толған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмаған және қылмыстық жауапкершілікке және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған Қазақстан Республикасының азаматы қоғамдық инспектор бола алады.
10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, ауданның, облыстың, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ халықтың жануарларға адамгершілік және мейірімділік көзқарасын тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдем көрсету мақсатында қоғамдық инспекторлар келесі қоғамдық бақылау объектілерінде:
1) жануарларды оңалту орталықтарында;
2) аулау қызметтерінде;
3) контактілі зоопаркте;
4) жануарларға арналған панажайларда;
5) зоологиялық питомниктерде;
6) зоологиялық жатынжайда;
7) жануарларды уақытша ұстау пункттерінде;
8) жылжымалы хайуанаттар бақтарында;
9) цирктерде;
10) хайуанаттар бағында қоғамдық бақылауды жүргізеді.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған панажайдың және жануарларға жауапкершілікпен қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың аумағына және ғимаратына кіру қамтамасыз етіледі.
11. Қоғамдық бақылау объектісінің аумағында болған кезде барлық келушілер үшін белгіленген талаптар қоғамдық инспекторға да қолданылады.
12. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдар:
1) мемлекеттік органдардан өздерінің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат алуға;
2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
3) жануарлардың қажеттеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
3-тарау. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлардың жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
13. Қоғамдық инспекторлар:
1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері;
2) жергілікті атқарушы органымен өзара байланыс жасайды.
14. Қоғамдық инспекторлар қоғамдық бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың уәкілеттілігін жүзеге асыра алмайды.
15. Қоғамдық инспекторлар Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау жолымен азаматтардың өтініштері бойынша тексеруді жүзеге асыру барысында уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және жергілікті атқарушы органдарға жәрдем көрсетеді.
16. Қоғамдық бақылау субъектілері және қоғамдық инспектор куәлігін алмаған жеке тұлғалар, тіркеген фактілер, оның ішінде фото- және бейнетүсірілім көмегімен, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын материалдарды, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және жергілікті атқарушы органдарға шешім қабылдау үшін өтініш нысанында деректер базасы арқылы жібереді.
4-тарау. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторларға куәлік беру тәртібі
17. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және жергілікті атқарушы органдарға қоғамдық инспектор ретінде жәрдем көрсетуге ниет білдірген жеке тұлға деректер базасы арқылы қалыптастырылатын, берілетін және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын қоғамдық инспектор куәлігін (бұдан әрі – куәлік) беру туралы электрондық өтініш береді.
18. Өтініште мыналар көрсетіледі:
1) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
2) тұрғылықты мекенжайы;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі;
4) байланыс телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы (бар болса).
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
5) жеке куәлік көшірмесі;
6) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтаманың көшірмесі;
7) 3х4 сантиметр фотосуреттің электрондық нұсқасы;
8) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың көшірмесі.
19. Жергілікті атқарушы органмен өтініштің толық толтырылмаған және (немесе) онда көрсетілген мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, тиісті негіздемесін көрсете отырып өтінішті қабылдаудан бас тартады.
20. Куәлік QR-кодты міндетті түрде көрсете отырып және куәлікті берген жергілікті атқарушы органының атауын, тіркеу нөмірін, берілген күнін (қайта тіркелген) және 1 (бір) жыл қолданылу мерзімін көрсете отырып, деректер базасында электрондық түрде қалыптастырылады.
21. Куәлік қоғамдық инспекторға деректер базасында куәліктерінің тізіліміндегі жеке кабинетінде қолжетімді.
22. Куәлік деректер базасында тіркелген күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң электрондық өтініш беру арқылы деректер базасында қайта тіркелуге жатады.
23. Тіркелмеген және (немесе) қайта тіркеуден өтпеген куәліктер жарамсыз деп есептеледі.
24. Қоғамдық инспектор деректер базасында электрондық өтініш беру арқылы қоғамдық инспектордың өкілеттіктерін тоқтату жөнінде қабылданған шешім туралы жергілікті атқарушы органды хабардар етеді.
25. Қоғамдық инспектордың өкілеттіктері тоқтатылғаны туралы электрондық өтініш берілген күннен бастап деректер базасында тоқтатылды деп есептеледі.
26. Жергілікті атқарушы органы деректер базасында қоғамдық инспекторлардың куәліктерінің тізілімін қалыптастырады, жүргізеді және сүйемелдейді.