"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28172 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17226 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ҚР ҚК-да мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі:

      1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жерүсті авиациялық мамандарынан басқа):

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)";

      2) ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "ұшқыш (штурман) – мерген";

      3) авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандары лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "тәлімгер (шебер)";

      4) әскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне және ҚР ҚК қатарында қатардағы жауынгерлер, сержанттар құрамы лауазымдарында әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге "3-сыныпты маман".";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қызмет міндеттерін орындаудан ішінара босатылуға мұқтаж әскери қызметші әйелдер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес "дене шынықтыру дайындығы", "саптық даярлық", "оқ ату даярлығы" оқыту пәндері бойынша қорытынды тексеруді тапсыру кезінде бағаланбайды.

      Сыныптық біліктілікті растау осы Қағидаларда белгіленген қалған оқыту пәндерінің нәтижесі бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады