Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 40/501 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28238 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 40/48 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 16.09.2024 № 40/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Референдум комиссиялары республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылармен жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Н. Абдиров

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 40/501 қаулысымен
бекітілген

Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидалары "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар республикалық референдум өткізілетін күні дауыс беруге арналған учаскелерде қатыса алады.

2-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің өкілеттіктерін куәландыру

      3. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған учаскеге өкілдерді жіберетін қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелуге тиіс.

      4. Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ғана қоғамдық бірлестіктің өкілі бола алады.

      5. Қоғамдық бірлестік өкілінің өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылады. Бұл құжат өкілін жіберген қоғамдық бірлестіктің мөрімен расталады.

      6. Өкілеттіктері туралы құжат учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға қоғамдық бірлестік өкілінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.

      7. Бір қоғамдық бірлестіктен бір мезгілде дауыс беруге арналған учаскеде бір өкіл болуы мүмкін.

3-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру

      8. Шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының өкілеттіктері Орталық референдум комиссиясы берген аккредиттеу куәлігімен куәландырылады.

      9. Аккредиттеу куәлігі учаскелік референдум комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға шет мемлекет пен халықаралық ұйымнан байқаушының жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы тіркеу үшін ұсынылады.

4-тарау. Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру учаскесінде тіркеудің күшін жою

      10. Қоғамдық бірлестіктің өкілі, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушы учаскелік референдум комиссиясының жұмысына араласқан, учаскелік референдум комиссиясы белгілейтін дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп қағидаларын бұзған жағдайда тиісті учаскелік референдум комиссиясы дауыс беруге арналған учаскеде қоғамдық бірлестіктің өкілін, шет мемлекеттен және халықаралық ұйымнан байқаушыны тіркеудің күшін жояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады