БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24428 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларында:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Тестілеудің қорытындысы бойынша емтихан тапсырушыға дұрыс жауаптардың санына қарай мынадай балл:
75-тен 89-ға дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 4 деген баға;
90-нан 100-ге дейінгі дұрыс жауаптары үшін – 5 деген баға қойылады.
4-тен төмен баға алған тұлға емтиханның (тестілеу) бірінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша 4 және одан жоғары баға алған тұлға кейсті шешуге жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы |
Ж. АСАНОВ |