"Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28437 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тілінде өзгертіледі;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға жатады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;

      2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:

      1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қолжетімділікті шектеуді қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1.Мемлекеттік кіріс органдары ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қол жеткізуді шектеуді қолданғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді:

      1) ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не қолжетімділікті осындай шектеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы құлақтандыру;

      2) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушінің "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына хабарлама.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-де бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не кіруге шектеуді қолдануды жояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады