"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28535 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17060 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт және (немесе) лицензия бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларда:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілікті, өзге де құжаттар мен мәліметтерді талдау, оның ішінде мыналарды:

      1) ұсынылған есептілікте олардың орындалғаны туралы мәліметтермен бірге лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің мазмұнын, мөлшерін және талаптарын;

      2) жобалық құжаттардың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің және Кодекске сәйкес талап етілетін, олар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын құжаттардың мазмұны, болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен бірге ұсынылған есептіліктен алынған мәліметтерді;

      3) осындай растау Кодекске сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда, шығыстар туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын аудиторлардың есептерімен бірге есептілікте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді;

      4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны (жалдау төлемдерін) және қол қойылатын бонусты, салық (сұрау салу бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың шарттары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақыны төлеу туралы мәліметтерді;

      5) жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар мен лицензиялардың талаптары бойынша міндеттемелері бар, "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есептілік бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның мәліметтерін;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша алынған, өзге де мемлекеттік органдардан және көздерден алынған, ұсынылған есептілік және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптары жөніндегі мәліметтермен бірге мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады