Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) келесі өзгеріс бекітілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшерінде:
5-қосымшасы осы қаулысының қосымшасының редакциясымен мазмұндалсын.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесі
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесі пайызбен |
I топ | ||
1. | Қолма-қол теңге | 0 |
2. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы | 0 |
3. | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар | 0 |
5. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 0 |
6. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар | 0 |
7. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 0 |
8. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 0 |
9. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген қарыздар | 0 |
10. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзге де талаптар | 0 |
11. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
12. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен салымдар | 0 |
13. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
14. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша дебиторлық берешегі | 0 |
15. | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
16. | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
17. | Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен номинирленген бағалы қағаздар | 0 |
18. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар | 0 |
19. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 0 |
20. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
21. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
22. | Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ | ||
23. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы | 20 |
24. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 20 |
25. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 20 |
26. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 20 |
27. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарына берілген қарыздар | 20 |
28. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 20 |
29. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 20 |
30. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
31. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
32. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
33. | Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының дебиторлық берешегі | 20 |
34. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
35. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 20 |
36. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
37. | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар | 20 |
38. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
39. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
40. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-тен "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-тен "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
41. | Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ | ||
42. | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
43. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 50 |
44. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 50 |
45. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 50 |
46. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 50 |
47. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"- тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
48. | Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды | 35 |
49. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаның сатып алу үшін белгіленген талаптарына сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар | 35 |
50. | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлғаға қайта берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талаптар | 35 |
51. | Мынадай талаптарға сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейін қоса алғандағы шекте болады | 50 |
52. | Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 77, 79 және 80 - жолдарында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген қарыздарды қоспағанда | 100 |
53. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80 -жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 100 |
54. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан көп және 50 (елу) пайыздан аз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 75 |
55. | Олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 50 (елу) пайыздан көп провизиялар (резервтер) қалыптастырылған Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 76, 77, 78, 79 және 80-жолдарында көрсетілген, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 50 |
56. |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыздар: |
2022 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 30 маусым аралығын қоса алғанда - 50 |
57. | Синдикатталған қаржыландыру шеңберінде заңды тұлғаларға теңгемен берілген қарыздар | 2021 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығын қоса алғанда - 50 |
58. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
59. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
60. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
61. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-дан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
62. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 50 |
63. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
64. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
65. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А"+-тан "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
66. |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "негізгі" немесе "баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар: | 50 |
67. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzА+"-тен "kzА-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
68. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар | 50 |
69. | "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар | 50 |
70. | Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы (осы кестенің 49 және 50-жолдарында көрсетілген активтер бойынша есептелген сыйақыны қоспағанда) | 50 |
IV топ | ||
71. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 100 |
72. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 100 |
73. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 100 |
74. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 100 |
75. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар | 100 |
76. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарына және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар | 200 |
77. | Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар | 100 |
78. | Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылғандарды қоспағанда және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдарымен өтелмеген жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар | 200 |
79. |
Банк есептейтін төмендегі өлшемшарттардың біріне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар: | 150 |
80. | 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық қарыздар (осы кестенің 79-жолында көрсетілген жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, қарыздарды және Нормативтерге 5-1-қосымшада көрсетілген кепілсіз тұтынушылық қарыздарды қоспағанда) | 100 |
81. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
82. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
83. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар | 100 |
84. | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі | 100 |
85. | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі | 100 |
86. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар | 100 |
87. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
88. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
89. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
90. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
91. | "Стресстік активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар | 100 |
92. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 100 |
93. | ІV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
94. | Төлемдер бойынша есептеулер | 100 |
95. | Негізгі құрал-жабдықтар | 100 |
96. | Материалдық қорлар | 100 |
97. | Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу | 100 |
V топ | ||
98. | Банктің қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне), мерзімсіз қаржы құралдарына, реттелген борышына банктің инвестициялары | 100 |
99. | Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы | 100 |
100. | Банк шығарылған акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы және Нормативтердің 10-тармағында көрсетілген реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін банктің негізгі капиталы айырмасының және Нормативтердің 11-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген негізгі капиталдан шегерілуі тиіс соманың жиынтығында 17,65 (он жеті бүтін жүзден алпыс бес) пайызынан аспайтын шегерілетін уақыт айырмаларына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігі бар қаржы ұйымының жай акцияларына банктің инвестицияларының сомасы | 250 |
101. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар | 150 |
102. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар | 150 |
103. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 150 |
104. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 150 |
105. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берілген қарыздар | 150 |
106. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарыздар | 200 |
107. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларға немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: | 150 |
108. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
109. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
110. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар | 150 |
111. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: | 150 |
112. | Standard & Poor’s агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі | 150 |
113. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі: | 150 |
114. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар | 150 |
115. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
116. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
117. | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
118. |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: | 150 |
119. | Банк баланста ұстап тұратын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
120. | V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне қосымша |
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.
2. Банкте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының қайтарып алынбайтын және сөзсіз кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түрінде қамтамасыз етуі бар, сомасы көрсетілген қарыздар көлемінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын қарыздар қамтамасыз етудің түзетілген құны шегеріле отырып тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің есебіне енгізіледі.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарының кепілдігі, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарты түріндегі қамтамасыз етудің түзетілген құны кепілдік, сақтандыру шарты сомасының 95 (тоқсан бес) пайызына тең болады.
3. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
4. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне осы Түсіндірменің (бұдан әрі - Түсіндірме) 1-тармағында көрсетілген, мынадай:
1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) офшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаға тәуелді немесе офшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;
3) офшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Түсіндірмелердің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
5. Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:
1) офшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар;
2) офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, офшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді немесе офшорлық аймақтың аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес борыштық рейтингі немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне борыштық рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне ұсынылған салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
6. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:
ипотекалық тұрғын үй қарызы деп жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз түсініледі;
тұтынушылық қарыз деп жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
7. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
8. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша өлшенеді.
9. 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алған кезең ішінде Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақтың мемлекеттері тарапынан санкциялық шектеулер енгізу себебінен борыштық немесе тәуелсіз рейтингі төмендетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы салымдар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарына берілген қарыздар, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары түріндегі активтер қайта қаралған борыштық немесе тәуелсіз рейтингтерді ескерумен кредиттік тәуекел дәрежесін қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтердің Кестеге сәйкес санатына дейін тең үлестермен көтерумен 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Standard & Poor ' s агенттігі (стандарт энд Пурс) немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірі берген борыштық немесе тәуелсіз рейтингтер негізінде Кестеге сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер есебіне енгізіледі.
10. Борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Кестеге немесе Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесін мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес қарыз бойынша кредит тәуекелінің дәрежесі Нормативтерге 5-1-қосымшаға (бұдан әрі - Мәндер) сәйкес егер осындай қарызға қатысты қарыз алушы-жеке тұлға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларының 19-тармағына сәйкес жасалған оңалту жоспарын орындауды жүзеге асырса, екі есе азайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оңалту жоспарын қарыз алушы-жеке тұлға орындамаған жағдайда, қарыз Кестеге немесе Мәндерге сәйкес кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
11. Нормативтердің 21-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелер валюталарды айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген шартты және ықтимал міндеттемелерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.