"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28690 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарында:

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 238 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Лауазым атауы Біліктілігі
1 2

Қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасарлары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару аппаратының немесе өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*

Қарауыл бастығы (ауысым бастығы)

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу аға нұсқаушысы

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу нұсқаушысы

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар.

Бөлімше командирі

Орта білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (аға жүргізуші)

Орта білім, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі осы санат бойынша кемінде 1 жыл автомобиль жүргізу тәжірибесімен, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Радиотелефонист (байланыс бекетінің диспетчері)

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

      *мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады