БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтер қорын пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтер қорын пайдалану тәртібін айқындайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Пестицидтер қорын жаңарту Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламадағы шығыстар бағыты бойынша сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтер көлемінен жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі
Р/с № | Аса қауіпті зиянды организмнің атауы | Болжамды алаңдағы қор пайызы, дейін |
1 | 2 | 3 |
1 | Шегіртке тектестер (азиялық, марокколық және италиялық прус) | 75 |