2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 шiлдеде № 28926 болып тіркелді

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 2 қаулысының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім Министрі
С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы 26 шілдедегі
№ 12 бұйрығына
қосымша

2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атаулары

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

1.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

100

2.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

290

3.

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

70

4.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

380

5.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

250

6.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

7.

"Павлодар университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

80

8.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

9.

"А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

Барлығы

1300

Тілдік дайындығын күшейту үшін

1.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

2.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

3.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10

4.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

5.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10

6.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

80

Барлығы

200

Шетел азаматтары

1

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25

2

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25

Барлығы

50

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

1

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

200

Барлығы

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады