Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 және "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28988 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      261-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "261. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша газбен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішке:

      1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, заңды тұлғалар үшін – дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалды түрде расталған келісімі (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға жергілікті атқарушы органдардан өтініш осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша;

      3) жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда) немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

      5) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ дайындауға, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға шикі газды тұтынуға арналған гидравликалық есептемелер қоса беріледі.

      Табиғи монополия субъектісінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге өтініш берген кезде тұтынушы салыстырып тексеру үшін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2) "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке:

      1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, заңды тұлғалар үшін – дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда) не жылжымайтын мүлік иесінің объектіні газдандыруға нотариалды түрде расталған келісімі (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға жергілікті атқарушы органдардан өтініш Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша;

      3) жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;

      4) газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (реттеліп көрсетілетін қызметке құрылысы аяқталған объект қосылған жағдайда) немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;

      5) заңды тұлғалар үшін – көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ дайындауға, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға шикі газды тұтынуға арналған гидравликалық есептеулер қоса беріледі.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 53 Бұйрыққа қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
1-нысан
Тұтынушы:
____________________________
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы
Тұтынушының
мекенжайы, телефоны, факс
және электрондық поштасы:
_________________________
_________________________
(қолы)
20__ жылғы "_____" ________

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері, қосылу орны)

      ____________________________________________________________________

      Техникалық шарттарды беру қажеттілігі (қажеттісін белгілеу):

      уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңіне), тұрақты негізде электрмен жабдықтауға)

      Мәлімделген қуат: ______________________ килоВатт (бұдан әрі – кВт)

      Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі)

      _________________________________________________________________ Квт

      Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3)

      Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының сипаттамалары:

      ______________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

  2-нысан
  Тұтынушы:
  ____________________________
  жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
  Тұтынушының
  мекенжайы, телефоны, факс
  және электрондық поштасы:
  _________________________
  _________________________
  (қолы)
  20__ жылғы "_____" ________

Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемалары

      1) электрмен жабдықтаудың қазіргі жай-күйіне және үш, бес-он жылға арналған даму перспективасына шолу;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды өтеу көздері;

      3) қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (қазіргі жай-күйі мен үш, бес-он жылға арналған перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) сыртқы электрмен жабдықтаудың ұсынылатын схемасының негіздемесі;

      6) қаралып отырған ауданның іргелес электр желілерімен бірге электр режимдерін (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер) есептеу;

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу;

      8) релелік қорғау мен автоматиканы, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу (есепке алу аспаптары);

      11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша жоспарланған іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнының ірілендірілген есебі;

      13) тұжырымдар;

      14) сызбалар: қағидаттық схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электр режимдерін есептеу нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын орналастырудың қағидаттық схемасы.

  3-нысан
  Тұтынушы:
  ____________________________
  жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
  Тұтынушының
  мекенжайы, телефоны, факс
  және электрондық поштасы:
  _________________________
  _________________________
  (қолы)
  20__ жылғы "_____" ________

Жылумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің (жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы, оның мекенжайы, орналасқан жері,
қосылу орны ______________________________ _________________________________________________
Тұратындар саны, ыстық сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының саны (тұрмыстық тұтынушылар
үшін) ____________________________________________

      Техникалық шарттарды алу үшін негіз (қажеттісін белгілеу):

      жаңадан іске қосылатын объектілерді жылу желілеріне қосу;

      тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты және
қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес келмейтін тұтынылатын жылу энергиясының санын
(немесе жылу жеткізгіш параметрлерін) өзгерту;

      бұрын қосылмаған объектіні жылу желілеріне қосу;

      сыртқы жылумен жабдықтау схемасын өзгерту.

      Жоба болған жағдайда: жобаланатын объектіні сипаттайтын деректер, оны салудың нормативтік
мерзімдері және объектіні пайдалануға берудің белгіленген мерзімдері, ең жоғары қосылатын жүктемелер:

      технологиялық мұқтаждар, жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау________________________
___________________________________

      Тұтыну түрлері бойынша жылу жүктемелерінің сипаттамалары (жылу энергиясын тұрмыстық тұтыну
үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін, техникалық паспорт) және жылу техникалық есеп
______________________________
________________________________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі:

      ________________________________________________________________________________

  4-нысан
  Тұтынушы:
  ____________________________
  жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
  Тұтынушының
  мекенжайы, телефоны, факс
  және электрондық поштасы:
  _________________________
  _________________________
  (қолы)
  20__ жылғы "_____" ________

Газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      Объектінің толық атауы: (тұрғын үй, дәмхана, дүкен және өзге де), көрсетілетін қызметке
қосылатын объектінің мекенжайы _____________________________________________
________________________________________________________________________________
Мынадай газ тұтыну жабдығын пайдалану үшін:
1. жылу беру қазандығы___________________________________________________
саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)
2. газ плитасы ___________________________________________________________
саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      3. ағынды су жылытқыш __________________________________________________
саны (дана) (маркасы/моделі/өндіруші/қажетті газ тұтыну қуаты)

      4. өзге де________________________________________________________________
Газды ең көп сағаттық тұтынудың болжамды шығысымен ______________________
___________________________________________________________________________

      Мыналар қоса беріледі: __________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

  5-нысан
  Тұтынушы:
  ____________________________
  жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
  (болған жағдайда), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
  Тұтынушының
  мекенжайы, телефоны, факс
  және электрондық поштасы:
  _________________________
  _________________________
  (қолы)
  20__ жылғы "_____" ________

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруге арналған өтініш

      1. Объектінің (жобаланатын, жұмыс істеп тұрған, реконструкцияланатын) толық атауы және мекенжайы:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Объектінің мақсаты____________________________________________

      3. Ғимараттың биіктігі, қабаты, пәтер саны__________________________

1. Сумен жабдықтау

      1. Суға қажеттілік: су сапасы м3/тәулігіне м3/ең көп сағат оның ішінде:

      1) шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне ______ м3/тәулік, ____ м3/ ең көп сағат

      2) өндірістік қажеттіліктерге ___________ м3/тәулік, __________м3/ ең көп сағат техникалық м3/тәулік м3/ ең көп сағат

      оның ішінде:

      3) өндірістік қажеттіліктерге _________ м3/тәулік, _________ м3/ ең көп сағат

      б) суаруға _______________ м3/тәулік, _________________м3/ ең көп сағат

      2. Өрт сөндіруге қажетті шығыс л /сек.

2. Су бұру

      1. Ағынды сулардың жалпы мөлшері м3/ тәулік, м3/ ең көп сағат оның ішінде:
1) фекальды ______________ м3/ тәулік, ___________м3 ең көп сағат
2) өндірістік-ластанған ___________м3/ тәулік, _________м3/ ең көп сағат
3) шартты-таза __________ м3/ тәулік, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағатын
____________ м3/ ең көп сағат.
2. Өндірістік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамасы (тазартылған
ағынды суларды су объектісіне тастаудың бекітілген шекті жол берілетін төгінділер (ШЖБТ)
тізбесіне сәйкес ластаушы заттардың концентрациясы, РН, қышқылдардың, сілтілердің,
жарылғыш, тұтанатын радиоактивті және басқа да заттардың концентрациясы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Есепке алу аспабы ____________________________________________
Қосымшалар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

  6-нысан
  Табиғи монополиялар субъектілеріне
  (тізім бойынша)

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

      инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағын жолдайды.

      Қосымша:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар үшін сауалнама парағы.

      20__ жылғы "_____" ________

  7-нысан

Жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға арналған №____өтініш
________________________________________________________________________________
(қорытындыны берген мемлекеттік органның атауы) (ұйымдар, кәсіпорындар)

      Жылжымайтын мүлік объектісін зерттеу жүргізді және мынаны анықтады:

      ________________________________________________________________________

      1) Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
____________________________________________________________________
2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері (мекенжайы)
_______________________________________________________________________
3) жылжымайтын мүлік объектісінің нысаналы мақсаты
________________________________________________________________________
4) жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
________________________________________________________________
Азаматтың өтініші негізінде _________________ мекенжайы бойынша орналасқан
объектіні газдандыруға ________________, осы объектіні орталықтандырылған газбен
жабдықтау жүйесіне қосуды сұраймыз. Бұл ретте, абонент жылжымайтын мүлік объектісінің
өрт қауіпсіздігі талаптарына, құрылыс нормаларына және Қазақстан Республикасы қағидаларына
сәйкес келеді және газ тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алу үшін жауапты болады.

      Ескертпе: Қорытынды ілеспе хат болған кезде жарамды.    

      Басшы __________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)

      Абонент________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)

      Күні 20___жылғы "_______"_______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады