"Өндірістік объектілерді шикi мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикi мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28990 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірістік объектілерді шикi мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикi мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1 және 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) алушы – өнімді тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарттың талаптарына сәйкес өнім қабылдауды жүзеге асыратын тұлға;

      2) жөнелтуші – өнім өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;

      3) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      4) тұтынушыға беруге дайындалған шикі мұнай және газ конденсаты – "Мұнай. Жалпы техникалық шарттар" ҚР СТ 1347–2005 (МЕМСТ Р 51858– 2002, MOD) талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған тауарлық мұнай (мұнай);

      5) шикі мұнай және газ конденсатының айналымы – дайындау, тасымалдау, сақтау, тиеу, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету;

      6) шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) – шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      7) шикі мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі – белгіленген тәртіппен қабылданған қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған айналымдағы шикі мұнайдың және газ конденсатының саны туралы деректерді тәулік сайын автоматтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналған жүйе;

      8) шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдары (бұдан әрі – ЕАҚ) – шикі мұнай және газ конденсаты айналымы жөніндегі операцияларды өлшеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылуға рұқсат етілген, сондай-ақ мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына тәулік сайын ақпарат жіберуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз етудің техникалық құрылғылар кешені.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      11-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. А. Магауов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады