БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2022 жылғы 8 тамыздағы № 655 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3503 болып тіркелді):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әкімшілік қадағалау рецидивті қылмыстың алдын алудың нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде іске асырылады және ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде заңнамада белгіленген шектеулерді сот қаулысы негізінде жүзеге асырады.
Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Қадағалауға алынған адам осы қағидаларды немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының дәлелді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен – әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауы тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады. Осыған байланысты әкімшілік қадағалауды ұзарту мерзімі судьяның әкімшілік қадағалауды ұзарту туралы қаулысы шыққан кезден бастап есептеледі.
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ішкі істер органдары қадағалаушыларға және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарға қатысты қажетті профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Учаскелік инспектор Заңның 2-бабының в) тармағы бойынша әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулыны алған сәттен бастап тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін тапсырма жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырады және "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастығына жолдайды.
Таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен және қадағалаудағыны есепке қойғаннан кейін учаскелік инспектор оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және олардың сот белгілеген шектеуді сақтауын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі – Т-АІК) көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді, Заңның 7-бабында көзделген шектеулерді орнату туралы өз ұсыныстарын ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баяндайды, қадағалаудағы адамға байланыс сызбасын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырады.
Қадағаланушының сырт пішінінің өзгеруі (татуировкалар), тұрғылықты жерінің, жұмысқа орналасуының өзгеруі туралы ақпарат түзету парағына енгізіледі және ақпараттық-аналитикалық орталықтың бөлімшелеріне (бұдан әрі - ААО) бір тәулік ішінде жіберіледі. Сол сияқты қадағаланушыға байланысты барлық өзгерістер ААО түзету парағымен хабардар етіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қадағаланушыға шектеу орнату туралы қаулы әкімшілік қадағалау ісіне тігіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Бақылау ісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес құжаттар мен материалдар тігіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қадағаланушыға қадағалау ісі соттылығын өтеу мерзімінің өтуі немесе алып тасталуы бойынша тоқтатылады.";
18-тармақты алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдар құқық бұзушылық жасағандары туралы ақпаратты уақытылы алу мақсатында учаскелік инспектор олардың мінез-құлықтарын тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған дерекқорлары бойынша тексеруге міндетті. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес іс-шаралар парағында көрсетіледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Учаскелік инспектор қадағалау ісінің барлық материалдары тігілетін әкімшілік қадағалау ісін ресімдейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Заңның 16-бабына сәйкес қадағалауға алынған адамға ішкі істер органының учаскелік полиция пунктіне тіркелу үшін келу түріндегі міндет белгіленген жағдайда, онда мұндай тіркеуді учаскелік инспектор жүзеге асырады, бұл туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бақылау парағында белгі қойылады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қадағаланушылардың келуін тіркеу белгіленген шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады және оның таңдап алған тұрғылықты жері бойынша тұруын бақылау үшін, сондай-ақ профилактикалық сипаттағы әңгімелер өткізу мақсатында пайдаланылады.
Бұл ретте белгіленген келу уақыты қадағаланушылардың жұмысы мен оқуына әсер етпеуі тиіс. Әңгіме қадағаланушылармен тоқсанына бір рет өткізіледі, ол туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес бақылау парағына белгі қойылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Осы қағидаларды немесе белгіленген шектеулерді бұзу фактісі бойынша ішкі органның қызметкері қадағаланушыны тиісті жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қадағаланушы басқа ішкі істер органы қызмет көрсету аумағына келгеннен кейін жергілікті полиция қызметінің уәкілетті қызметкері немесе осы адам тұратын қызмет көрсету аумағындағы учаскелік инспектор қадағаланушының келгені және кеткені туралы бағыттық парағына белгі енгізеді, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртабанымен) растайды.";
44-тармақты алып тасталсын;
Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидасына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидасына 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидасына 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидасына 10-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидасына 6, 11 және 12-қосымшалары алып тасталсын.
2. "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектігі № 622 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның ішкі істер органына келуін тіркеу ҚАІІО жергілікті полиция қызметі бөліністерінде не учаскелік полиция пункттерінде жүзеге асырылады, бұл туралы арнайы бақылау парағына осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгі қойылады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам басқа ішкі істер органы қызмет көрсететін аумаққа келісімен, жергілікті полиция қызметі бөлінісінің қызметкері немесе УПИ оның бағыттық парағына тиісті белгілер қойып, оларды ішкі істер органының мөрімен (мөртаңбасымен) куәландырады.";
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасына 2, 3 және 8-қосымшалары алып тасталсын.
3. "Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13046 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ережесінің 15-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
14-тармақ алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік қадағалау ісі № ___
____________________________________________________________________
қадағаланушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
Әкімшілік қадағалауды ___________________________________________
ішкі істер органының атауы
учаскелік полиция инспекторы _________________________________________
учаскелік полиция инспекторының атағы, тегі және аты-жөні
________________________ _____________________________ жүзеге асырады.
Әкімшілік қадағалау
20__жылғы "__" ___________ орнатылды.
Әкімшілік қадағалау
20__жылғы "__" ___________ тоқтатылды.
Іс 20__жылғы "___" _____________ дейін мұрағатта сақталсын.
(әкімшілік қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)
Әкімшілік қадағалау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі
1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі;
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі;
3. Қадағаланушының байланыстар сызбасы;
4. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы (іс жүргізілген кезде, содан кейін ҚСжАЕК деректеріндегі ақпарат өзгерген жағдайда ғана арнайы тексерудің көшірмесі міндетті түрде тігіледі. Ақпарат өзгермеген жағдайда, қосымша көшірмелер тігілмейді.);
5. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме);
6. Ішкі істер органдарының бастамасы бойынша әкімшілік қадағалауды орнату үшін негіз болған материалдар;
7. Әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынымхаттың көшірмесі;
8. Әкімшілік қадағалау орнату туралы соттың қаулысы;
9. Қадағаланушыға шектеулер орнату туралы соттың қаулысы;
10. Әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері;
11. Қадағаланушыны әкімшілік жауапқа тарту туралы сот қаулысы;
21. Әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту (шектеулерді өзгерту) туралы ұсынымхаттардың көшірмелері;
13. Әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту (шектеулерді өзгерту) туралы сот қаулысы;
14. Қадағаланушылардың әкімшілік қадағалау ережелері мен белгіленген шектеулерді сақтауын бақылау парағы;
15. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары;
16. Ішкі істер органдарына жіберілетін хабарламалардың (түзету парақшаларының), "Бүркіт" БАЖ-ға енгізу туралы тапсырма-жоспардың көшірмелері;
17. Әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы ұсынымхаттың көшірмесі;
18. Әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидаларына 4-қосымша |
Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды есепке алу іс-шаралар парағы
Тегі ____________________________________________ Аты ____________________________ | ||||||
№ | Бақылау түрі (тексеру/тіркеу) | Қызметкер лауазымы, атағы, тегі (тексеруді/тіркеуді жүзеге асыратын) |
Күні |
Тексеру | Есептегі адамның қолы |
Белгіленген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидаларына 7-қосымша |
Қадағалау ісі № ___
____________________________________________________________________
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
Қадағалауды ____________________________________________________
ішкі істер органының атауы,
учаскелік полиция инспекторы _________________________________________
атағы, тегі және аты-жөні жүзеге асырады.
20 __ жылғы "__" ___________ басталды
20 __ жылғы "__"___________ аяқталды
Іс 20__жылғы "__" __________ дейін мұрағатта сақталсын.
(қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)
Қадағалау ісіндегі құжаттардың тізбесі:
1. Істегі құжаттардың тізімдемесі;
2. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді);
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесі;
4. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы (іс жүргізілген кезде, содан кейін ҚСжАЕК деректеріндегі ақпарат өзгерген жағдайда ғана арнайы тексерудің көшірмесі міндетті түрде тігіледі. Ақпарат өзгермеген жағдайда, қосымша көшірмелер тігілмейді.);
5. Заңының ықпалына формальды түрде түсетін адамның байланыстар сызбасы;
6. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың көшірмелері;
7. Ішкі істер органдарына жіберілетін хабарламалардың (түзету парақшаларының) көшірмелері.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу қағидаларына 10-қосымша |
Қадағаланушыға қатысты белгіленген шектеулердің сақталуын бақылау парағы
Тегі ____________________________________________ Аты ____________________________ | ||||||
№ р\с | Бақылау түрі (тексеру/тіркеу) | Қызметкер лауазымы, атағы, тегі (тексеруді/тіркеуді жүзеге асыратын) | Күні және уақыты тексеру / тіркеу (дерекқорлыр бойынша, тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны бойынша) | Тексеру нәтижелері (үйінде болды, болған жоқ, бұзушылықтар анықталды) | Есептегі адамның қолы | Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін қадағаланушыға қолданылған шаралар |
Тексеру | ||||||
Тіркеу |
№_________бақылау ісі
____________________________________________________________________
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
____________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы
Бақылауды _____________________________________________________
ҚАПб(Б)-ның атауы
учаскелік полиция инспекторы_________________________________________
учаскелік полиция инспекторының атағы,
______________________________________________________ жүзеге асырады
тегі және аты-жөні
Басталған күні:
20___жылғы" "____" _________________
Жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінің аяқталу күні:
20___ жылғы "____" __________________
Әкімшілік қадағалау туралы Заңның қолданысына түсетін адамдар санатына өткізу күні
20___жылғы "____" ________________
Бақылау ісін жүргізудің аяқталған күні:
20___ жылғы "____" ________________
Іс 20____ жылғы "____" _____________ дейін мұрағатта сақталсын.
(есепке алу-қадағалау ісі мұқабасының ішкі жағына жазылады)
Бақылау ісіне тігілетін құжаттардың тізбесі
1. Іске тігілген құжаттардың тізімдемесі.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтаманың көшірмесі.
3. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының көшірмесі.
4. Өмірбаяны.
5. Соттылығы туралы түсініктер.
6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның байланыстар сызбасы.
7. Есепке алынған адамды ҚСжАЕК-нің деректері бойынша арнайы тексерудің талабы (іс жүргізілген кезде, содан кейін ҚСжАЕК деректеріндегі ақпарат өзгерген жағдайда ғана арнайы тексерудің көшірмесі міндетті түрде тігіледі. Ақпарат өзгермеген жағдайда, қосымша көшірмелер тігілмейді.).
8. Соңғы соттылығы бойынша аудандық (қалалық, облыстық) сот үкімінің көшірмесі (үкімнен үзінді көшірме).
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанға міндеттерді белгілеу туралы сотқа жолданған хабарламаның көшірмесі.
10. Міндеттерді белгілеу туралы соттың қаулысы.
11. Әкімшілік құқық бұзушылық және сот жүктеген міндеттерді бұзу туралы хаттамалардың көшірмелері.
12. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда әкімшілік жауапқа тарту туралы ҚАПб(Б) және соттың қаулылары (оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы түбіртек көшірмелері).
13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға сот белгілеген міндеттердің сақталуын бақылау парағы.
14. Бағыттық және бақылау парақтарының түбіршектері, бағыттық және бақылау парақтары.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты белгіленген міндеттердің сақталуын бақылау парағы
Тегі ____________________________________________ Аты ____________________________ | ||||||
№ р\с | Бақылау түрі (тексеру/тіркеу) | Қызметкер лауазымы, атағы, тегі (тексеруді/тіркеуді жүзеге асыратын) | Күні және уақыты тексеру / тіркеу (дерекқорлыр бойынша, тұрғылықты жері, жұмыс, оқу орны бойынша) | Тексеру нәтижелері (үйінде болды, болған жоқ, бұзушылықтар анықталды) | Есептегі адамның қолы | Белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамға қолданылған шаралар |
Тексеру | ||||||
Тіркеу |