"Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29257 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіндегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш беру жолымен жүгінеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға:";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау кезінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштегі деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген жазбаша өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметкер 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
1-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Жергілікті атқарушы органның
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысы
____________________________
____________________________
(жергілікті атқарушы орган
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
___________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылғы "___" ________ № ___ берілді

      Тіркелген жері ________________________________________________

      Тұрғылықты жері _____________________________________________

      Туған жері ____________________________________________________

      Туған жылы "___" _________ _____ жыл

      Жәрдемақы түрі мен мөлшері _____________________________________

      Мүгедектік санаты _______________________________________________

      Заңды өкілдерінің болуы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі,туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

      Туыстарының болуы (еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы))

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (қажетінің асты сызылсын) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _______________________ 2) _________________________

      3) _______________________ 4) _________________________

      5) _______________________ 6) _________________________

      7) _______________________ 8) _________________________

      9) _______________________ 10) ________________________

      Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

      Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Стационарлық үлгідегі ұйымды қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру және шығару шарттарымен таныстым.

      20___ жылғы "___" ___________

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдады ________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
2-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Жергілікті атқарушы органның
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның басшысы
____________________________
____________________________
(жергілікті атқарушы орган
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
___________________________

ӨТІНІШ

      _______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "___" ___________ ______ жылы туған,

      _________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға күндізгі болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) _______________________ 2) _________________________

      3) _______________________ 4) _________________________

      5) _______________________ 6) _________________________

      7) _______________________ 8) _________________________

      9) _______________________ 10) ________________________

      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес келісім беремін.

      Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру шарттарымен таныстым.

      20___жылғы "___" __________

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      Құжаттарды қабылдады ___________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
3-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету және көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (ішінара автоматтындырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртібінде, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқалы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша медициналық карта.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектік болған кезде қарттар үшін), мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) әзірлеген іс-шаралар туралы (қарттар үшін ОЖБ болған кезде), психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (ОЖБ болған жағдайда), зейнеткерлік жас, Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесінің болуы туралы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы
29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мүгедектігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде; 2) Мемлекеттік корпорацияның – www. gov4c. kz;
3) www. egov. kz порталы интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", Бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
4-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1 баптарының, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар

      қалалардың жергілікті атқарушы органдары; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)

      Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________ .

      ұсынуыңызға / көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_____________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Телефон: ________________________________________________________

      Алдым: _________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ____________.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
5-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      ____________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________

      Үйінің мекенжайы ____________________________________________________

      Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,

      азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      психиатр ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      дерматовенеролог ___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті) ___________________

      ___________________________________________________________________

      терапевт/педиатр____________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ___________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):

      эндокринолог _______________________________________________________

      кардиолог __________________________________________________________

      ортопед ____________________________________________________________

      нарколог ___________________________________________________________

      онколог ____________________________________________________________

      гинеколог (уролог) ___________________________________________________

      хирург______________________________________________________________

      окулист_____________________________________________________________

      отоларинголог_______________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы

      анализі ____________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      АИТВ инфекциясына қанның анализі ___________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      сифилиске қанның анализі ___________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі _______________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

      __________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу (мерзімі, нәтижесі)

      менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу

      ___________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

      әйелдердің қынап жағындысы _________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      ерлердің уретральды жағындысы ______________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөр орны.

      Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
6-қосымша
  "Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде (ұйымдарда)
арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      ____________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күні 20 ___ жылғы "____" _________

      Үйінің мекенжайы ____________________________________________________

      Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,

      азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      психиатр ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      дерматовенеролог ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      фтизиатр (флюрография мәліметтерінің болуы міндетті) ___________________

      ____________________________________________________________________

      терапевт/педиатр_____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________

      ____________________________________________________________________

      Көрсетілімдер бойынша (диспансерлік есепке алу кезінде):

      эндокринолог ________________________________________________________

      кардиолог ___________________________________________________________

      ортопед _____________________________________________________________

      нарколог ____________________________________________________________

      онколог _____________________________________________________________

      гинеколог (уролог) ____________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі_________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      АИТВ инфекциясына қанның анализі ____________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      сифилиске қанның анализі ____________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі ________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

      ____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу

      (мерзімі, нәтижесі)

      менингококк инфекциясына зертқаналық зерттеу

      ____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

      әйелдердің қынап жағындысы __________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      ерлердің уретральды жағындысы _______________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөр орыны.

      Медициналық ұйымның басшысы: _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" __________.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 290 Бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 197 бұйрығына
2-қосымша

"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіндегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру жолымен жүгінеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      5. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнін құрайды.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

      порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының дайын құжаттарын беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адам нотариаттық куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Өтініш берушінің (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң сұранымсыз құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдау кезінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, порталмен байланысқан кезде, өтінішіндегі деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-не беріледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер "Е-Собес" ААЖ-дан мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған режимде түседі.

      11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін:

      әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді және тиісті қорытынды дайындайды;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамның, қарт адамның тұрғылықты жеріне барады және тексеру жүргізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қорытындысын және тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында үйде қызмет көрсету ұйымын авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді (http://aleumet.egov.kz).

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді.

      16. Шешім теріс шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат немесе дәлелді бас тарту береді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мелекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тірклген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Жергілікті атқарушы органның
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйымның
басшысына
____________________________
____________________________
(жергілікті атқарушы орган
немесе жергілікті атқарушы
орган уәкілеттік берген
мемлекеттік ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Бизнес-сәйкестендiру нөмірі:
___________________________

ӨТІНІШ

      ___________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын бар болса) көрсету)

      үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуды сұраймын.

      Туған жылы _____________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________

      Телефон номері (үй, ұялы) _________________________________________

      Мүгедектік санаты (болған жағдайда) _______________________________

      Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстығын көрсету): _______________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасыны Заңның 8-бабына сәйкес келісім беремін.

      Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.

      Осымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы(зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен таныстым.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы _____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Күні 20__ жылғы "___" ___________

      Өтінішті қабылдады __________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және лауазымын көрсету)

      Қолы _________ күні 20__жылғы "___" __________.

  "Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттiк қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 14 (он төрт) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

4

Көрсету нысаны және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

Электрондық (ішінара автоматтындырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртібінде, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
4) балалар үшін – психологиялық медициналық педогогикалық кеңес қорытыңдысының көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, мүгедектікті белгілеу туралы (мүгедектік болған жағдайда қарттар үшін), мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) әзірлеген іс-шаралар туралы (қарттар үшін ОЖБ болған жағдайда), психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамды сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (ОЖБ болған жағдайда), зейнеткерлік жас, Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мәртебесінің болуы туралы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәліметтер көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мыналар:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы
29 тамыздағы № 379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мүгедекттігі бар адамға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz;
3) www. egov. kz порталы интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1 баптарының, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,

      ____________________________________________________________________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; "Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)

      Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________ .

      ұсынуыңызға/ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:_____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, облыстық маңызы бар қала,

      ауыл, кент, ауыл округі әкімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Телефон: _______________________________

      Алдым: ________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Қызмет алушының немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      "___" ____________ 20___ жыл.

  "Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Тұрғын үй және тұрмыстық жағдайды зерттеу * № _______ АКТІСІ

      1. Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Туған күні ______ жылғы "___" ___________

      3. Мекенжайы _____________________________________________________________

      4. Телефон нөмері __________________________________________________________

      5. Жәрдемақы түрі мен мөлшері (зейнетақы)____________________________________

      6. Отбасылық жағдайы ______________________________________________________

      7. Соңғы жұмыс орны _______________________________________________________

      8. Балалар мен жақын туыстары туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұратын жері, жұмыс орны, байланыс телефондары):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Тұру шарттары: __________________________________________________________

      (жайлы / қолайсыз тұрғын үй)

      __________________________________________________________________________

      (пәтер, жеке үй, жатақхана және басқалар)

      __________________________________________________________________________

      (еденді, нөмірлер санын, ванна бөлмесінің болуы, орталық жылыту, лифт

      және тағы басқаларды көрсетіңіз)

      __________________________________________________________________________

      (басқа шарттар)

      10. Үй жанындағы учаскенің болуы____________________________________________

      Актіні жасаған адам ___________ _____________________________________________

      (Қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Күні 20___ жылғы "___" _________

      Ескерту: мүгедектігі бар адамдар мен қарттар үшін толтырылады.

  "Үйде күтім көрсету
жағдайында арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге құжаттар
ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

      __________________________________________________________________

      (медициналық ұйымның атауы)

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________

      Туған күні жыл _____ "____" _________

      Үйінің мекенжайы __________________________________________________

      Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,

      азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа):

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын,

      бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет):

      невропатолог ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      психиатр ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      дерматовенеролог ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      фтизиатр (флюорография мәліметтерінің болуы міндетті) __________________

      ___________________________________________________________________

      терапевт/педиатр_____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________

      ____________________________________________________________________

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

      қанның жалпы анализі_________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      зәрдің жалпы анализі ________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу

      ____________________________________________________________________

      (мерзімі, нәтижесі)

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (үйде қызмет көрсету ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

      Мөр орыны.

      Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады