"Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда № 29295 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 477 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24567 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекіту туралы"

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидалары бекітілсін."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларында:

      қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-2-бабының 14-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді (бұдан әрі – көтергіш платформалар) қауіпсіз пайдалану тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көтергіш платформаларды монтаждау, техникалық қызмет көрсету, техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеуді Заңның 72-бабына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді монтаждау, техникалық қызмет көрсету, техникалық диагностикалау, техникалық куәландыру және жөндеу жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдар орындайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көтергіш платформаны пайдаланатын ұйым қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды және жөндеуді ұйымдастыру жолымен оның жұмысқа қабілетті жағдайда болуын және қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

      Техникалық куәландыруды Заңның 72-бабында көзделген мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді техникалық куәландырудан өткізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестат болған кезде көтергіш платформаның иесі жүргізеді.

      Заңның 72-бабына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді техникалық куәландыруды жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдардың шарт негізінде көтергіш платформаны техникалық куәландыруды жүргізуіне жол беріледі.

      Көтергіш платформаны пайдалану немесе оны техникалық куәландыру процесінде қолданылатын бақылау және диагностикалау әдістері көтергіш платформаны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Көтергіш платформаларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді электр механик және оператор пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа немесе көтергіш платформаларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.

      Заңның 72-бабына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдардың шарт негізінде көтергіш платформаларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізуіне жол беріледі.";

      1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға
(мүгедектігі бар адамдарға)
арналған көтергіштерді
қауіпсіз пайдалану
қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға
(мүгедектігі бар адамдарға)
арналған көтергіштерді
қауіпсіз пайдалану
қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы

  Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 43 Бұйрыққа
қосымша
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға
(мүгедектігі бар адамдарға)
арналған көтергіштерді қауіпсіз
пайдалану қағидаларына
3-қосымша.
Нысан

Көтергішті пайдалануға беру мүмкіндігі туралы акт

      Қала ________________ "__" _____________ 20__ ж.

      Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия мүшелері: көтергіш иесінің

      уәкілетті өкілі-комиссия төрағасы

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      пайдаланушы ұйымның уәкілетті өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      іске қосу-жөндеу ұйымының уәкілетті өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      көтергішті монтаждауды (қайта жаңартуды) орындаған ұйымның уәкілетті өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      құрылыс-монтаждау ұйымының уәкілетті өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      көтергішті дайындаушы ұйымның уәкілетті өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның өкілі

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ұсынылған құжаттаманың қаралғандығы, көтергішті және оның құрамдас бөліктерін

      дайындаушы ұйымның техникалық құжаттамасында және "Азаматтық қорғау туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңы 12-2-бабының 14-7) тармақшасына сәйкес бекітілген

      Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді

      қауіпсіз пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген көлемде қарап

      тексеру және тексеру жүргізілгені туралы осы актіні жасадық. Көтергіш мына

      мекен-жай бойынша орнатылды:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қарап тексеру мен тексеруде мыналар анықталды: құрылыс, монтаждау және жөндеу

      жұмыстары

      ____________________________________________________________________

      (техникалық шартты белгілеу) техникалық жұмыс құжаттамасына, орнату

      сызбаларына және Қағидаларына сәйкес орындалған; көтергіш паспорт

      деректеріне және Қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді;

      көтергіш оның мақсаты бойынша қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін

      жарамды күйде; пайдалануды ұйымдастыру Қағидалар талаптарына сәйкес келеді.


      Көтергішті иесі қабылдады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады