"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 80 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29659 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27113 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ішкі құжаттаманы осы қаулыға сәйкес келтірсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп (А.С. Касенов) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Респуликасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 80 Қаулыға
қосымша
  Қаулымен
бекітілді

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабының 3-2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда көрсетілген мәндерінде пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуге жататын операция (мәміле);

      2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      клиенттің – заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      3) бөлінген байланыс арнасы – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның платформасында тіркеу арқылы ұйымның электрондық өзара іс-қимыл тәсілі;

      4) біржолғы операция (мәміле) – клиенттің айырбастау пункті арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы, сатуы немесе айырбастауы түрінде ұйымның көрсетілетін қызметтерді ұсынуы жөніндегі қарым-қатынастар;

      5) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдері – ұйымды қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату), терроризмдi қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) процестеріне немесе өзге қылмыстық қызметке қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, оларға мониторинг жасау, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шараларының жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты);

      7) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      8) шекті операция – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингі жүргізілуге жататын және КЖ/ТҚҚ туралы заңмен белгіленген шекті сомаға тең не одан асатын операция;

      9) іскерлік қарым-қатынастар – клиенттің айырбастау пункті арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы, сатуы немесе айырбастауы жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жазбаша нысанда жасалған шарт негізінде ұйымның клиентке қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы бойынша қарым-қатынастар.

      3. Ұйым қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ ЖҚҚТҚ) мақсатында ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит, КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалау жүргізуге уәкілетті өзге органының тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда, ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы тәуелсіз аудит жүргізуге қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды ұйым Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымда ішкі бақылау қағидаларын сақтауға мониторингті жүзеге асыру үшін жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ ішкі бақылау ережелерін іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлері, немесе құзыретіне КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мәселелері кіретін ұйымның бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. Мыналар жауапты қызметкерге қойылатын талаптар болып табылады:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы (техникалық немесе көмекші қызметкер қызметтеріндегі жұмыс тәжірибесін қоспағанда);

      3) мінсіз іскерлік беделінің болуы.

      7. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жөніндегі бөлімшенің функцияларын, оның ішінде КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және қызметкерлерімен, филиалдарымен өзара әрекет ету тәртібін, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара әрекет ету тәртібін сипаттауды;

      2) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру және бөлінген байланыс арналары бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтерді, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтерді;

      3) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қол жетімді болуы үшін оларды сотта дәлел ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін;

      4) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды тұлғаларын өздеріне белгілі болған ұйым қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібін;

      5) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ бойынша талаптарды сипаттауды (бар болса);

      6) ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және ұйымның уәкілетті органдарына және лауазымды тұлғаларына ұсыну тәртібін;

      7) жауапты қызметкердің, ұйымның уәкілетті органдарының және (немесе) лауазымды тұлғаларының клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы, КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібін;

      8) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту тәртібін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      8. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функцияларына:

      1) ұйымда әзірленген және ұйымның атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуына бақылау жасау;

      3) клиенттерге және өзге тұлғаларға хабарламай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен немесе ұйымның лауазымды тұлғасымен келісу;

      6) ұйымның атқарушы органына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) ұйымның уәкілетті органдарын немесе лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымның уәкілетті органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      10. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 8-тармағында8-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелері бөлігінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиент түрі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), сондай-ақ ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылау көзделетін клиенттердің тәуекелдерін және ұйым өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін беру тәртібі, қайта қарау мерзімдері мен негіздері.

      13. Ұйым кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны беру тәсілінің тәуекелін, ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау есебін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жыл сайынғы негізде (бұдан әрі – Жыл сайынғы бағалау) жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      Жыл сайынғы бағалаудың қорытындылары (нәтижелері) ұйымның ішкі құжаттары мен рәсімдеріне сәйкес құжатталады және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың жазбаша сұратуы бойынша жіберіледі.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіне ұшырағыш клиенттердің типтеріне:

      1) шетелдіктер;

      2) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары, сондай-ақ олардың өкілдері;

      3) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін төмендететін контрагенттердің типтеріне:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері – екінші деңгейдегі банктер кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызметтерді (өнімдерді) көрсетуге және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.

      Жасалған операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мыналар болып табылады:

      1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) оларға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) мынадай оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттер және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктері:

      Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);

      Андорра Князьдігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдары Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Князьдігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл Аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтік Республикасы;

      Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      Сейшел Аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга Корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралы аумақтары бөлігінде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      17. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған ұйымның қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері айырбастау пункттері арқылы 2 000 000 теңгеден асатын сомаға не 2 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату, айырбастау бойынша операцияларды қамтиды (шектелмей).

      18. Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарларының саны;

      2) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен шекті операциялары туралы жіберген хабарларының саны.

      19. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерін бағалау) бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу бойынша іс-шаралар шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағаланады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      20. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Талаптарда көзделген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты ұйым жүргізетін іс-шаралардың дәрежесі Талаптарға қосымшаға сәйкес жүргізілетін клиентті, бенефициарлық меншік иесін стандартты, жеңілдетілген не күшейтілген сәйкестендіруде көрсетіледі.

      21. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, ұйым клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, сондай-ақ мынадай:

      1) клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатқан;

      2) клиент 500 000 теңгеден асатын сомаға не 500 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға, оның ішінде күнтізбелік бір күнде қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алу, сату немесе айырбастау түрінде бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен бір жолғы операция (мәміле) жасаған;

      3) клиент шекті операцияны (мәмілені) жасаған;

      4) клиенттің күдікті операциясы (мәмілесі) анықталған;

      5) жеке және заңды тұлғалар туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмән туғызатын негіздемелер болған жағдайларда іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілейді.

      Клиент орнатылған іскерлік қарым-қатынастар шеңберінде операциялар жүргізген кезде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қарым-қатынастар орнатылған, сондай-ақ бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес қосымша мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      22. Талаптардың 21-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді ұйым клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар аяқталғаннан күннен бастап не бір жолғы операцияны (мәмілені) жасағаннан кейін кем дегенде бес жыл ұйымда сақталады.

      Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ұйым жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ клиенттердің өзге топтары бойынша досьелер жүргізеді.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингі жасалуы тиіс операциялар, күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелерін ұйымдар операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтауға тиіс.

      23. Ұйым жеңілдетілген сәйкестендіруді мынадай:

      1) клиент-жеке тұлға қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алуды, сатуды немесе айырбастауды жүргізген кезде, егер мұндай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан асатын болса;

      2) мынадай:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      акциялары Қазақстан Республикасының қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар сияқты клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнатқан жағдайларда жүргізеді.

      3) клиентке КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің төмендетілген деңгейін беру кезінде жүргізеді.

      4) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне күдік болған кезде ұйым оңайлатылған сәйкестендіруді қолданбайды.

      24. Ұйым мынадай:

      1) клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалған;

      2) күшейтілген сәйкестендіру қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай операция туралы хабарламаның жіберілуі туралы оның абайсызда хабардар болуына апаратын жағдайларды қоспағанда, мониторинг жүргізу және клиенттің операцияларын зерделеу барысында күдікті операцияны (мәмілені) не оны жасау әрекетін анықтаған;

      3) клиент ұсынған мәліметтердің дәйектілігінде күмән болған;

      4) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша;

      5) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингпен не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалармен іскерлік қатынастар орнату кезінде күшейтілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      25. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-1-бабына сәйкес алынатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.

      Шетелдіктерге, ұйымда шет мемлекеті азаматтығының болуы туралы мәліметтер болған өзге де адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға, оның зайыбына (жұбайына) және жақын туыстарына жататынын тексереді.

      26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тексеріледі.

      27. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар:

      1) іскерлік қарым-қатынастар белгілеуге және (немесе) операциялар жүргізуге, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатуға арналған тәртіпті және негіздемелерді қоса алғанда, қызмет көрсетуге клиенттер қабылдау тәртібі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 6-бабына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде жеңілдетілген және күшейтілген сәйкестендіру рәсімдерінің ерекшеліктері;

      3) қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың арасында жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайы-зайыптарын және жақын туыстарын анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдауға бағытталған шаралардың сипаттамасы (КЖ/ТҚҚ туралы заңның 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымның лауазымды тұлғаларының жазбаша рұқсатымен);

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қарым-қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ұйымды (бар болса) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ бойынша талаптарды орындау аясында сәйкестендіру барысында алынған мәліметтермен алмасу ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың сипаттамасы;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйекті болуын тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізудің, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартудың нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар;

      10) ұйым қызметкерлерінің сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа рұқсат беруін қамтамасыз ету тәртібі;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасы

      28. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      29. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиент операцияларын зерделеудің жиілігі, тереңдігі және қарқындылығы клиент тәуекелінің деңгейін ескере отырып, клиент қызметінің мөлшері, маңыздылығы, сипаты, ауқымы мен күрделілігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды қаржыландыру көзі және (немесе) клиент пайдаланатын қызметтердің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияларды (операцияларды) жасауы (жасауға әрекет жасауы), сондай-ақ ұйымда бар КЖ/ТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) ерекше және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып анықталады.

      Ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу нәтижелерін ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдерінің деңгейін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 22-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не бір жолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      30. Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін белгілейді.

      Талаптардың 24-тармағында көзделген жағдайларда, ұйым клиентке күшейтілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне қосу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесі мен ЖҚҚТҚ тізбесіне (ТҚ тізбесін және ЖҚҚТҚ тізбесін жаңарту) өзгерістер енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.

      31. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген белгілердің негізінде жасалатын әдеттегіден тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) ұйым бөлімшелерінің шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтаған кезде өзара әрекет ету тетіктерін сипаттауды;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) бөлімшелердің (қызметкерлердің) клиент операциясын жүргізуден бас тарту жөніндегі (клиент, бенефициарлық меншік иесі ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде тұруына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату жөніндегі шешімді қабылдау бойынша өзара әрекет ету тәртібін;

      7) ТҚ тізбесіндегі және ЖҚҚТҚ тізбесіндегі клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерге қызмет көрсету операциялар жүргізуден бас тарту не олармен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату бойынша өзара әрекет ету тәртібін;

      8) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар жөніндегі мәліметтерді (оның ішінде операция сомасы) тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібін;

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін;

      10) ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды тұлғаларын шекті және күдікті операциялар анықталғаны жөнінде хабарлау (қажеттілігіне қарай) тәртібін;

      11) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты қабылданатын шараларды қабылдау тәртібін және сипаттауды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      32. Шекті, әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған кезде, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан не бір жолғы операцияны (мәмілені) жасаған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      33. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қызметкерлерді даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Қаулыға
қосымша
  Қызметін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
арналған лицензиясы негізінде
тек қана айырбастау пункттері
арқылы жүзеге асыратын
заңды тұлғаларға қылмыстық
жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға)
терроризмді қаржыландыруға
және жаппай қырып-жою
қаруын таратуды
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жасау мақсатында
ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
қосымша

Жеке тұлға - клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер

Сәйкестендіру түрі

Стандартты

Жеңілдетілген

Күшейтілген

1. Жеке тұлға туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жұмыс орны, лауазымы


Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)


2. Жеке тұлға - дара кәсіпкер туралы қосымша мәліметтер

Дара кәсіпкер ретінде, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының басшысы ретінде жеке тұлғаның тіркелуін растайтын құжат нөмірі, берілген күні


Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓


✓✓

Кәсіпкерлік қызметінің түрі


Лицензияның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)


✓✓

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жерінің мекенжайы (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)


✓✓

3. Жеке тұлға шетелдік туралы қосымша мәліметтер

Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін)

✓✓

✓✓

✓✓

Жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайлары, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)

4. Жеке тұлғаның өкілі туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жеке тұлғаның атынан заңдық мәні бар іс-әрекеттер (оның ішінде шот ашу, шотты басқару) жасауға құжаттың (сенімхаттың, шарттың, қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің, өзге де құжаттың) нөмірі, берілген (қол қойылған) күні, қолданылу мерзімі (ол бар болса) не заң бойынша өкілдікті жүзеге асыру туралы белгі

✓✓


✓✓

Клиент өкіліне берілген сенімхатқа клиенттің қолын куәландыратын нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензияның нөмірі және берілген күні не құжатты берген органның атауы


Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

5. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Мүддесі үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), не іскерлік қарым-қатынастар орнатқан (операциялар жасайтын) жеке тұлға өз атынан өзінің мүддесі үшін әрекет ететіні туралы белгі


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (бар болса)


Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайлары, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)


6. Жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер

Жеке тұлға кірістерінің, жасалатын операциялардың қаржыландыру көздері (жалақы, дивидендтер, кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер және өзгелер)


✓✓

Басқа да банктерде/қаржы ұйымдарындағы шоттар (бар болса) (шоты бар банктің / қаржы ұйымының атауы)


Қаржылық жай-күйінің сипаттамасы (жылжымайтын мүлік, құндылықтар, капиталдағы үлесі/басқа да заңды тұлғаның акциялар пайызы)



7. Операциялар мониторингінің нәтижелері және қызметтік ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы туралы белгі

Жеке тұлғаның ұйымда пайдаланатын қызметтері (жасалған шарттар)


Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің шынайылығын тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Клиент туралы мәліметтерді алу (жаңарту) күні

      Ескертпе:

      ✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓- тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың шынайылығын тексеру қажеттілігі

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға негіз болатын жеке басты куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариалды куәландырылған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, рұқсат етілген дереккөздермен (дерекқормен) салыстыру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру бойынша дәйектілігін тексеру шеңберінде, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған суретті көзбен салыстыру жүргізіледі.

      3. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады