"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29784 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының 8-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының 8-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі әр жыл үшін ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:



      мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшері;

      n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;

      (n + x) – ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.

      Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

      Егер заңды тұлға 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кейін банкрот деп танылса, ЕТЖжинақ мәні 1-ге тең.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Айлық есептік көрсеткіштің (АЕКжинақ) өсімінің жинақталған деңгейін есептеу ай сайынғы төлемдер (қайта есептеу) түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген жылға дейінгі әрбір жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінің өсу коэффициенттерін көбейту жолымен жүргізіледі.

      Айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерінің өсу коэффициентін есептеу тиісті қаржы жылының Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшерін қаржы жылының алдындағы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне бөлу арқылы жүргізіледі.

      Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ) түріндегі әлеуметтік көмек ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа және АЕКжинаққа көбейту арқылы айқындалады:

      АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ*АЕКжинақ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін жыл сайын арттыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу кезінде:

      ЕТЖжинақ есебі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Қағидалардың 4-тармағына сәйкес;

      АЕКжинақ есебі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады