Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 827 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29797 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 139) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 27 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18216 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 827 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыруды нақтылайды.

      2. Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – Орталық);

      2) әскери басқару органдары, әскери бөлімдер мен мекемелер жүзеге асырады.

2-тарау. Әскери қызметшілердің зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін жеке істерін ресімдеу

      3. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін әскери қызметшінің жеке ісі қызметтен шығаруға дейін 6 ай бұрын қызмет өткергенін растағаннан кейін Орталыққа жолданады.

      4. Әскери бөлімде (мекемеде) қызмет өткеретін әскери қызметшілердің қызмет өткеруін растауды офицер құрамына – кадр органының (персоналмен жұмыс бөлімшесінің) бастығы, қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне – штаб бастығы жүргізеді.

      Жеке істі жолдау алдында қызметтік тізімде көрсетілген барлық әскери қызмет кезеңі, сондай-ақ зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік шартында есептеу бойынша жазбалар тексеріледі және аттестаттау және қосымша құжаттар деректерімен салыстырылады және бұйрықтармен расталады.

      5. Қызмет өткергенін растау үшін жеке істің қызметтік тізімінде жазба жасалады, ол басқару органы уәкілетті лауазымды адамының қолтаңбасымен, расталған күнін көрсетіп елтаңбалы мөрмен расталады. Бұл жазбада қызметтің барлық күнтізбелік кезеңі, сондай-ақ жеңілдік шартында есептелетін кезең көрсетіледі.

      Қызмет өткергенін растау туралы жазба мынадай тәртіппен жасалады:

      "____ жылғы "___" бастап Қарулы Күштер қатарында қызмет өткергенін растаймын:

      Кеңес Армиясы қатарында ____ жылғы "___" бастап ____ жылғы "___" дейін;

      шетел Қарулы Күштер қатарында____ жылғы "___" бастап ____ жылғы "___" дейін;

      Қазақстан Республикасының әлеуетті құрылымдары қатарында ____ жылғы "____" бастап __ жылғы "____" дейін;

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында ____ жылғы "____" бастап ____ жылғы "____" дейін;

      оның ішінде жеңілдікпен есептеумен ____ жылғы "____" бастап ____ жылғы "____" дейін;

      ____ жылғы "____" бастап ____ жылғы "____" дейін;

      ____ жылғы "____" бастап ____ жылғы "____" дейін".

      6. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу мынадай құжаттардан тұратын жеке істің бірінші данасы бойынша жүзеге асырылады:

      1) қызметтік тізім;

      2) бөлімше басшыларының бұйрығынан үзінді не қызмет, оның ішінде жеңілдік шартында, өткергенін растайтын архивтік анықтамалар;

      3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билет түпнұсқасы және/немесе көшірмесі немесе жергілікті әскери басқару органынан анықтама);

      4) басқа мемлекеттік органда немесе басқа елдің Қарулы Күштерінде, оның ішінде жеңілдік шартында қызмет өткергенін растайтын құжаттар;

      5) еңбек кітапшасының түпнұсқасы және оның көшірмесі (еңбек өтілі болғанда), диплом, білімі туралы аттестат және куәлік, балалардың туу туралы куәлігі (әскери қызметші әйелдер үшін) көшірмесі және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар;

      6) 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек өтілі болғанда міндетті зейнетақы жарнасының аударылғанын растайтын құжаттар.

      7. Әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік шартын ескеріп, есептеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) шалғай жерде, сондай-ақ климаттық жағдайы ауыр жерде – әскери қызметшінің осы жергілікті жерге келуі және одан кетуі туралы бұйрықтан үзінді;

      2) биік таулы жерде – жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігін көрсетіп, бұйрықтан үзінді не геодезия және картография саласындағы уәкілетті органның жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі туралы анықтамасы;

      3) авиациядағы ұшу жұмысында – "Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 383 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11901 болып тіркелген) бекітілген ұшу жұмысында ұшу уақытының нормаларын орындау туралы бұйрықтан үзінді;

      4) міндеттерді орындау парашютпен жүйелі секіруге байланысты лауазымда – парашютпен секіру нормаларын орындау туралы бұйрықтан үзінді.

      8. Биік таулы жерде қызмет өткеретін (өткерген) әскери қызметшінің жеке істегі бұйрықтан үзіндіде әскери қызметші қызмет өткеретін (өткерген) бөлімшенің теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқанын көрсететін жазба жүргізіледі.

      9. Бұйрықтан үзінді болмаған жағдайда әскери қызметшінің қызмет өткеру кезеңі "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысына сәйкес архивтік анықтамамен расталады.

      10. Құжаттардың көшірмесі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

3-тарау. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын және еңбек өтілін есептеу тәртібі

      11. Орталық әскери бөлімнен (мекемеден) әскери қызметшінің жеке ісін алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеміне оның еңбек сіңірген жылдарын есептейді және Орталық зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі бекітілгеннен және "Еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығында жүргізілді" деген мөртабан қойылғаннан кейін жеке істі әскери қызметші әскери қызмет өткеретін бөлімшеге қайтарады.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеміне құқықты айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарын, оның ішінде еңбек өтілін ескеріп есептеу қызметтен шығарылуына байланысты бөлім тізімінен шығарылған күні жасалады.

      12. Келіп түскен жеке іс толық жинақталмаған жағдайда Орталық бөлімшені 1 жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы көрсетіп ол туралы хабардар етеді. Бөлімше 3 жұмыс күні ішінде Орталыққа хабарламада көрсетілген қажетті құжаттарды жолдайды.

      13. Еңбек сіңірген жылдарын (жұмыс өтілін) есептеу кезінде есептелетін кезең басталатын күн нақты басталған күнге сәйкес, ал аяқталатын күн – есептелетін кезең аяқталған күннен кейінгі күнге сәйкес көрсетіледі. Бұл ретте зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезең жиынтығы осы жылдағы нақты күндер санына қарамастан, бір жылда – 365 күн, ал бір айда – 30 күн.

      14. Запастан әскерге шақыру бойынша қызметке айқындалған офицердің қызмет мерзімінің басталуы жергілікті әскери басқару органының қызметке шақыру туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап не офицер нұсқама бойынша қызмет орнына кеткен күннен бастап белгіленеді.

      15. Есепте әскери қызметтің барлық күнтізбелік кезеңі және жеңілдік шартында еңбек сіңірген жылдарына есептелетін кезең, сондай-ақ зейнетақыға жалпы еңбек сіңірген жылдары бөлек көрсетіледі.

      16. Әскери қызметшіде зейнетақы төлеміне еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде еңбек сіңірген жылдары және/немесе жалпы еңбек өтілі 25 жылдан аз болған жағдайда есептеуде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығының болмауы туралы жазба жасалады.

      Есептеуде еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін құжаттарға қатысты жазба жасалады.

      17. Еңбек сіңірген жылдарының есебіне Орталықтың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, реттік нөмірін беріп, Орталықтың елтаңбалы мөрімен расталады.

      Әскери қызметші қызметтен шығарылған кезде бөлім тізімінен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдарының түпкілікті есебі жүргізіледі. Қорытынды есептің артқы парағында "20__ жылғы "___" ______ жағдай бойынша жалпы еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды, олардың ішінде: еңбек сіңірген жылдары – ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде күнтізбелік есептеумен – ___ жыл ___ ай ___ күнді, еңбек өтілі – ___ жыл ___ ай ___ күнді, оның ішінде: күнтізбелік есептеумен – ___ жыл ___ ай ___ күнді құрайды" деген мөртабан қоюмен шығарылады.

      18. Қызметті жеңілдікпен есептеуді ескеріп, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      19. Еңбек өтілін ескеріп, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      20. Еңбек өтілін, оның ішінде жеңілдік шартын ескеріп, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      21. Қызметті жеңілдікпен есептеуді және еңбек өтілін ескеріп, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      22. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істі есепке алу кітабында тіркеледі.

      Бір данада жасалатын еңбек сіңірген жылдарының есебі жоғалған кезде Орталық жеке іс және лауазымды адамның есепті жоғалту фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалы негізінде еңбек сіңірген жылдары есебінің телнұсқасын береді.

      23. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеміне еңбек сіңірген жылдарының бекітілген есебі ол жасалған күннен бастап 3 жыл ішінде жарамды, тек әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарына ықпал ететін жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда қайта қаралуға тиіс. Әскери қызметтен шығару туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығаратын кадр органы бекітілген еңбек сіңірген жылдарының есебі негізінде әскери қызметшінің қызметтен шығарылған айдың 1-і күніне күнтізбелік қызмет мерзімінің есебін шығарады.

      24. Жеке іс бөлімшеге түскеннен кейін жауапты лауазымды адам әскери қызметшіні қол қойдырумен оның еңбек сіңірген жылдарының есебімен таныстырады. Әскери қызметші еңбек сіңірген жылдарының есебімен келіспеген жағдайда осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес есепті қайта жасатады.

      25. Егер әскери қызметшінің үздіксіз еңбек сіңірген жылы 12 жыл 6 айдан аз болған жағдайда еңбек сіңірген жылдарының есебі қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептемей жүргізіледі.

      Жеке іс еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін қайта түскен жағдайда бұрын жасалған есеп жеке іске тіркелген жаңадан жасалған есеппен ауыстырылады және қызметтік тізімнің бірінші парағында қайта есептелген күн туралы жазба жасалады және оған Орталықтың уәкілетті адамы қол қояды.

      26. Әскери қызметшінің қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек өтілін есептеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

      1) еңбек кітапшасының төлнұсқасы және оның көшірмесі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек қызметі бар болғанда), диплом, білімі туралы аттестат, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі, сот шешімінің не еңбек қызметін растайтын архивтік анықтама.

      Әскери қызметке шақырылғанға дейінгі еңбек қызметі туралы мәлімет жеке іс қызметтік тізімінің тиісті бөлігінің деректеріне сәйкес болуға тиіс;

      2) міндетті зейнетақы жарнасының аударылғанын растайтын салымшының транзиттік шоты бойынша айналым ведомосы (1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болғанда).

      1998 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек қызметі бар болғанда міндетті зейнетақы жарнасының аударылғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда еңбек өтілін растайтын құжаттарға қосымша тиісті органдардан жұмыс берушінің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама ұсынылады.

      27. Еңбек өтілін есептеу үшін әскери қызметке шақырылғанға дейін дипломда немесе білімі туралы куәлікте оқуды бастаған күн көрсетілмеген жағдайда оқу жылы басталған күн 1 қыркүйек болып белгіленеді.

      28. Әскери қызметші ұжымдық шаруашылықта мүшелікте болған жағдайда оның еңбек өтілі ұжымдық шаруашылық басқармасы белгілеген еңбекке араласуының жылдық нормасын (еңбек ету күні) орындауға тікелей байланысты айқындалады. Бұл ретте еңбек күнінің жылдық нормасы орындалмаған жағдайда еңбек өтілі осы норманы орындаудың пайыздық қатынасын айқындау және бір жыл ішіндегі күн санына (365 күн) сүйеніп, еңбек өтілі күнінің санын шығару арқылы есептеледі.

      29. Әскери қызметші (мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкін болмаған жерде бірге тұрған кезеңі мынадай құжаттармен расталады:

      1) отбасы құрамы туралы анықтама;

      2) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлімнен (мекемеден) осы елді мекенде жұбайымен (зайыбымен) бірге тұрғаны және жұмысқа орналасу мүмкін болмау туралы анықтама;

      3) Халықты жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені және көрсетілген жергілікті жерде көрсетілген мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкін болмау туралы анықтама.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

Қызметті жеңілдікпен есептеуді ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)

 
Туған айы, күні және жылы

жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

1) Қарулы Күштер қатарындағы қызмет

Жиыны:




2) Қызметтің бірайы үшін екі ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















2) өзге әлеуетті құрылымдардағы қызмет

Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




3) қызметтің бір айы үшін біржарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
























1) қызметтің бір айы үшін үш ай









Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім








Барлығы:




Жалпы еңбек сіңірген жылдарының ЖИЫНЫ





Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Зейнетақыға толық жылдар саны











      20 _ жылғы "__"___________

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      ________________________________

      Қызмет маманы ____________________________________

      Қызмет бастығы _______________________

      Есеппен таныстым __________________ (келісемін, келіспеймін)

      қолы керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Еңбек өтілін ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)

 
Туған айы, күні және жылы

жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

1.Күнтізбелік қызмет мерзімі

1) Қарулы Күштер қатарындағы қызмет

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















2) өзге әлеуетті құрылымдардағы қызмет

Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Жиыны:




2.Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




1) қызметтің бір айы үшін бір жарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңірген жылдары




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы "__"___________

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      ________________________________

      Қызмет маманы ____________________________________

      Қызмет бастығы _______________________

      Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін)

      қолы керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

Еңбек, оның ішінде жеңілдік шарттарындағыны өтілін ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)


жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

Туған айы, күні және жылы

1.Күнтізбелік қызмет мерзімі

1) Қарулы Күштер қатарындағы қызмет

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















2) өзге әлеуетті құрылымдардағы қызмет

Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2.Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




3.Жеңілдік шарттарында есептелінетін еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:










1) Қызметтің бір айы үшін бір жарым ай







Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Жеңілдік шарттарында есептелетін еңбек өтілі







Барлық еңбек өтілі




Барлығы:




Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңіргенжылдары




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы "__"___________

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      ________________________________

      Қызмет маманы _____________________________________

      Қызмет бастығы _______________________

      Есеппен таныстым __________________ (келісемін, келіспеймін)

      қолы керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша
  Нысан

Қызметті және еңбек өтілін жеңілдікпен есептеуді ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі

Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)


жылдар

айлар

күндер


жылдар

айлар

күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі

1) Қарулы Күштер қатарындағы қызмет

Жиыны:




3. Еңбек өтілі

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
























2) өзге әлеуетті құрылымдардағы қызмет

Жиыны:




Жиыны:
































Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:




Жиыны:
















Барлығы:




Барлығы:




2. Жеңілдіктер шарттарында есептелінетін қызмет кезеңдері

Жиыны:




2) Қызметтің бір айы үшін бір жарым ай

Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:




1) Қызметтің бір айы үшін үш ай













Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Жиыны:
















Жиыны:




Барлығы:







Еңбек сіңірген жылдарына есептелінетін мерзім








Барлығы:




Жалпы еңбек сіңірген жылдарының жиыны





Еңбек сіңірген жылдарына есептелінетін мерзім




Зейнетақыға толық жылдар саны


      20 _ жылғы "__"___________

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      ________________________________

      Қызмет маманы _____________________________________

      Қызмет бастығы_______________________

      Есеппен таныстым __________________(келісемін, келіспеймін)

      қолы керек емесін сызу керек

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан

      ______ жылға дейін _____ жыл сақталсын

      ______________________________

      №_____________-тармағы

      Мүк. №_____________

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарын есептеуге келіп түскен жеке істерді есепке алу КІТАБЫ (______ бастап______дейін, _____том )

  20___жылғы "__"______ басталды
  20___жылғы "_"_______ аяқталды

Реттік саны

Іс қайдан келіп түсті

Келіп түскен күн

Әскери атағы





























































































































































































Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

Іс қайдан келіп түсті

Келіп түскен күн

Әскери атағы

Ескертпе
























































































































































































































  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдарын есептеуді
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
6-қосымша
  Нысан

      Әскери бөлімнің

      (мекеменің)

      бұрыштық мөртаңбасы

АНЫҚТАМА

      ___________________________________________________________________ берілді

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      ол ________ жылғы ___________ бастап _______ жылғы _____________ дейінгі кезеңде

      ____________________________________ қызмет еткен зайыбымен (жұбайымен) бірге

      (әскери бөлім (мекеме) жергілікті жерді көрсетіп

      тұрғандығы және оның осы гарнизонда ________________________________________

      (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкін болмағандығы туралы берілді.

      Әскери бөлім командирі (мекеме бастығы) _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады