БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген"; |
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы);
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Неке және отбасы туралы кодекс);
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң);
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Тіл туралы заң);
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заң);
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заң);
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Баланың құқықтары туралы заң);
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заң);
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң);
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң);
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң);
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң);
балаларға, мүгедектігі бар балаларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ұйымының бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;
социология, психопатология негіздерін, балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға көмектің психологиялық-әлеуметтік аспектілерін;
психопрофилактика негіздерін;
әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибені;
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін;
ақпарат жинау және талдау тәсілдерін;
экстремалды ахуалдарды анықтау әдістерін;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын (бұдан әрі - Өрт қауiпсiздiгi қағидалары)";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс);
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін ( бұдан әрі – Қылмыстық кодекс);
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң);
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң);
әлеуметтік жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсіптік бағдарлау негіздерін;
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін, Орталықтың бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;
кәсіптік оқыту және қайта оқыту, еңбек терапиясы мен жұмыспен қамту терапиясының әдіснамасын;
әлеуметтік бейімдеу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені;
қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;
ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын;
экономика, есепке алу және қаржылық талдау негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Халықтың көші-қоны туралы заң);
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң);
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Халықты жұмыспен қамту туралы заңды;
ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін; шаруашылық инфрақұрылымын;
демографиялық ахуалын;
өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін;
өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін;
еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды және олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу тәртібін;
қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;
салық заңнаманың негіздерін;
еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін;
экономика негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ұйымның қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;
ұйым бейіні мен ерекшеліктерін;
әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, геронтология негіздерін;
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін;
ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексін;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
әлеуметтік гигиена негіздерін;
клиникалық, инструменталдық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістерін;
емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін;
халық денсаулығы статистикасын;
денсаулық сақтау өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;
емдеу және диагностикалау саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ұйымның барлық бөлімшелерінің мүгедектігі бар балалармен, қарттармен және мүгедектігі бар адамдармен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады";
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж балалардың, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) және мүдделерін қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды";
протездік-ортопедиялық, басқа да арнаулы құралдарға мұқтаж балаларды, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды олармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;
әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;
ұйымның бейіні мен ерекшеліктерін;
заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;
социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін;
тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс әдістерін;
медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін;
әлеуметтік жұмыстың негізгі әдіснама қағидаттарын;
шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыруды;
салық және бюджет заңнамасының негіздерін;
персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін;
статистикалық және әдіснамалық талдау әдістерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – қамқорлықтағыларға) уақтылы және білікті медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;
клиникалық, инструменталдық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістерін;
емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті ұйымдастыру негіздерін;
әлеуметтік көмек теориясы мен әдістемесін;
социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін;
халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайын сипаттайтын әлеуметтік гигиена өлшемшарттары мен көрсеткіштерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесін;
халық денсаулығы статистикасын, денсаулық сақтау өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;
отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік көмек түрлері мен нысандарын айқындау, қажеттілікті белгілеу мақсатында жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, еңбекке қабілетсіз азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмысын ұйымдастырады";
жирмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"күнкөрісі төмен еңбек етуге қабілетсіз азаматтарға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға ақысыз көмек көрсетуге бюджеттен тыс материалдық қаражат тарту іс-шараларын жүргізеді;";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Еңбек кодексін;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;
халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттарын;
ұйым бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;
әлеуметтік қызмет түрлерін;
әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
әлеуметтік жұмыс негіздерін;
социология негіздерін, жеке тұлға психологиясын және зейнеткерлік жастағы адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
үй жағдайында науқасты күту жөніндегі санитариялық-гигиеналық талаптарды;
соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды;
әлеуметтік түрлі ортада жұмыс істеу ерекшеліктерін;
педагогика, психологиялық профилактика, этика және деонтология, психопатология негіздерін;
қорғаншылықты және қамқоршылықты, үйде қызмет көрсетуді ресімдеу мәселелері жөніндегі әдістемелерді;
үйдегі әлеуметтік көмекті ұйымдастыру жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибені;
шарттар жасау және орындау тәртібін;
салық және бюджет заңнамасының негіздерін;
қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өз қызметін халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен, мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде мүгедектігі бар балалармен жұмыс істеу үшін уәкілеттік берілген ұйымдардың мамандарымен тығыз байланыста жүзеге асырады";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген);
"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген).";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, егде жастағы адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – контингент)";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау және оңалту";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заң)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
психология, құқықтану, саясаттану, педагогика негіздерін;
өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
қылмыстық, азаматтық және зейнетақы құқығының негіздерін, ана мен баланы қорғаудың құқықтық негізін;
кәмелет жасқа толмағандар мен зейнеткерлердің құқықтарын;
қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу, асырап алу, ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі мен оны ұйымдастыруды;
арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне жіберу қағидаларын;
мүгедектігі бар адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтардың негіздерін;
әлеуметтік жұмыс бойынша озық отандық және халықаралық тәжірибені, консультант қызметінің этикалық нормаларын;
психологиялық қолдау көрсету әдістерін;
үйде қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды;
халықты әлеуметтік қорғау бойынша жүргізіліп отырған саясаттың негізгі бағыттарын;
әлеуметтік қызмет бойынша озық және халықаралық тәжірибені;
еңбек заңнамасының негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ қарттармен және мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар балалармен, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен, адам саудасының құрбандарымен (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) жұмыс жүргізуге уәкілетті ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңды;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасын;
жеке тұлғаның және азаматтардың жекелеген санатының психологиясын;
педагогика, психология, геронтология, этика негіздерін;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді;
мүгедектігі бар адамдарды, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтар жүйелерін;
тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс нысандары мен әдістерін;
әр-түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін;
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына көрсетілетін көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
әлеуметтік қызмет көрсету бойынша отандық және халықаралық тәжірибені;
тұрмыс пен отбасылық тәрбие ерекшеліктерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
40-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "бағдарламаларға сәйкес қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын, адам саудасының құрбандарын (бұдан әрі – қамқорлықтағыларды) шамасы жететін еңбекке тартады";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
жабдықтарды пайдаланудың қолданыстағы стандарттарын, қағидалары мен техникалық шарттарын;
еңбек заңнамасының негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) бассейнде жүзу (гидрокинезотерапия) бойынша жеке жаттығулар өткізеді";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын;
жас ерекшелік физиологиясы мен анатомия негіздерін, емдік гидрокинозеторепия әдістемесін;
адам организміне гидрокинозеторепияның әсерінің негізгі тетіктерін;
қамқорлықтағыларды кешенді, оның ішінде дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық оңалту әдістерін;
дене жаттығуларының емдеу-профилактикалық әсері теориясының негіздерін;
алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін;
емдік мақсатта жүзу әдістерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын";
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген үміткерлерге халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді";
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балаларды оқу-түзеу, абилитациялау, оңалту іс-шараларына, даму динамикасына (өзіне-өзі қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек бағдарын, сенсорлық, қимыл, танымдық функцияларын қалыптастыру) тұрақты түрде мониторинг жүргізеді";
төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік, зияткерлік және моторлық даму деңгейін кешенді зерттеу және оларды түзету, әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалу дәрежесін айқындау үшін жұмыс істейтін персонал құрамынан пәнаралық медициналық-педагогикалық комиссия құрады, жеке жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына консультативтік қызмет көрсетеді";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Тіл туралы заңды;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды;
жеке тұлға психологиясы, педагогика, психологиялық түзеу негіздерін;
өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына, көлемі мен түрлеріне қойылатын талаптарды дамыта отырып түзеу, тәрбиелеу қызметін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін;
арнайы педагогика, психология, әлеуметтік жұмыс негіздерін;
әлеуметтік және білім беру қызметтерін көрсету бойынша озық және халықаралық тәжірибені;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балалармен (бұдан әрі – пациенттер) қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарды толық сақтай отырып үй-жайдың ішінде немесе далада емдік мақсатта салт жүру бойынша жеке жаттығулар жүргізеді";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Білім туралы заң);
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Дене шынықтыру және спорт туралы заңды;
педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, анатомия негіздерін; иппотерапевтикалық теория негіздерін;
адам (науқас) организміне иппотерапияның әсер етуінің негізгі тетіктерін;
пациенттерді кешенді оңалту, оның ішінде дәрі-дәрмекпен, психотерапевтикалық, педагогикалық әдістерін;
физикалық және психикалық қасиеттердің және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жиынтығын;
дене жаттығуларының емдік-профилактикалық әсері теориясының негіздерін;
ауру түрлерін және иппотерапия әдісімен емдеу әдістерін;
науқасқа дене жүктемесінің әсер етуінің ерекшеліктерін;
жануардың мінез-құлық ерекшеліктерін;
қауіпсіз жаттығу жүргізу қағидаларын;
алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін;
иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесін;
иппотерапия арқылы оңалтудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделейді және талдайды;
салт жүру әдістерін;
экономика, еңбек заңнамасының негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
3 тарауда:
екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (дене шынықтыру, медициналық, педагогикалық) білім немесе "Дене шынықтыру және спорт", "Ветеринария" мамандықтары бойынша арнайы орта білімі, дене шынықтыру мен иппотерапия бойынша арнайы дайындығы жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Мүгедектігі бар балаларды салт жүру арқылы емдеуді пайдалана отырып, оңалту жұмысына емдік мақсатта салт жүру кезінде пациенттерді сақтандыру әдістемесі бойынша оқудан өткен және тиісті куәліктері бар адамдар ғана жіберіледі.";
бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген үміткерлерге халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
жалғызілікті еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша негізгі қағидаттарды;
қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін;
коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
қарттарды, еңбекке жарамсыз азаматтарды үй жағдайында күту бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды;
дәрігерге дейінгі кезек күттірмейтін көмек көрсету тәсілдерін;
еңбек заңнамасының негіздерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңын;
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген);
"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген);
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12886 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді.";
4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер";
төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;
Баланың құқықтары туралы заңды;
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңды;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша нормативтік құжаттарды;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру жөніндегі негізгі қағидаттарды;
коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарды үй жағдайында күту бойынша санитариялық-гигиеналық талаптарды;
кезек күттірмейтін дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдерін;
Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |