БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарда:
"Мүгедектік тобы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1.4, 1,5, 1.6, 1.7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.4 | 67822003 | мүгедектігі бар бала |
1.5 | 67822004 | бірінші топтағы мүгедектігі бар бала |
1.6 | 67822005 | екінші топтағы мүгедектігі бар бала |
1.7 | 67822006 | үшінші топтағы мүгедектігі бар бала |
";
"Әлеуметтік мәртебе" деген бөлімде реттік нөмірлері 1.6, 1.6.1- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.6 | 183428003 | мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
1.6.1 | 183428003 | бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
".
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі