"Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 7 қазандағы № 562 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қазанда № 30094 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 562 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 86 бұйрығымен
бекітілген

Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.

      3. Салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі

      4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшелері жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер, берілген сәулет-жоспарлау тапсырмалары, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар және келісілген нобайлық жобалар негізінде мониторингті, сондай-ақ жер учаскелеріне бару және көзбен шолып қарау арқылы Заңның 17-бабымен белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуына ай сайынғы мониторингті жүзеге асырады.

      5. Ведомстволық бағынысты аумақтарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мониторингті объектінің тапсырыс берушілері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламада, құрылыстың барысы мен орындалатын жұмыстардың сапасы туралы есептерде ұсынған деректердің, ведомстволық бағынысты аумақтың объектілеріне бару және көзбен шолып қарау арқылы ай сайынғы мониторингтің негізінде, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша алынған деректердің негізінде жүзеге асырады.

      6. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.

      Айына бір рет ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы мониторинг жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылыстары туралы есеп және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынып жатқан объектілер мен кешендерді мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған заңсыз құрылыстар туралы есеп жасалады.

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшелері мониторинг барысында анықталған заңсыз құрылыстар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына тиісті шаралар қабылдау үшін жібереді.

      Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мониторинг барысында анықталған заңсыз құрылыстар туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      7. Салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы мониторинг мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):

      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;

      2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында) (жеке тұлға үшін);

      3) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешім;

      4) объекті мен кешен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты.

      5) сәулет-жобалау тапсырмасы;

      6) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;

      7) нобайлық жоба;

      8) бару және көзбен шолып қарау арқылы жүргізілген мониторингтің барысы туралы есеп.

      8. Салынып жатқан объектілер туралы мониторинг "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталда мынадай деректердің негізінде қалыптастырылады (жүргізіледі):

      1) объектінің және кешеннің атауы мен мекенжайы;

      2) объекті мен кешеннің тапсырыс берушісінің (меншік иесінің) толық атауы (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында) (жеке тұлға үшін);

      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламалар;

      4) бас мердігердің (мердігердің) толық атауы;

      5) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында);

      6) объекті мен кешен құрылысының басталуы;

      7) объекті мен кешен құрылысының нормативтік мерзімі;

      8) орындалатын құрылыс жұмыстарының түрлерін қамтитын объекті мен кешеннің жай-күйі туралы ақпарат;

      9) құрылыс барысы және орындалып жатқан жұмыстардың сапасы туралы есеп;

      10) бару және көзбен шолып қарау арқылы жүргізілген мониторингтің барысы туралы есеп.

3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпаратты ұсыну тәртібі

      9. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты объектілерді графикалық бөлікке тұрақты негізде байланыстыра отырып, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Егер объектілер мен кешендер құрылысын одан әрі жоспарлау болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылмайды.

      10. Ведомстволық бағынысты аумақтарда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталда салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты тұрақты негізде орналастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін www.miid.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.

  бұйрығына
1-қосымша
  Салынып жатқан (салынуы
белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін
жүргізу тәртібін айқындатын
қағидаларына
1-қосымша

Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің анықталған заңсыз құрылыстары туралы есеп

      20 ___ жылғы _____________

      Анықталған заңсыз құрылыстар:

Р/с

Тапсырыс беруші

Объект (атауы, мекенжайы)

Сәулет-жобалау тапсырмасы (нөмірі мен күні)

Нобайлық жобаны келісу (нөмірі мен күні)

Ескертпе

1






2











Жиыны






      Қосымша: фотосуреттер

      _____________________________________

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты(оның болған жағдайында) қолы

  бұйрығына
2-қосымша
  Салынып жатқан (салынуы
белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін
жүргізу тәртібін айқындайтын
қағидаларына
2-қосымша

Ведомстволық бағынысты аумаққа бару және көзбен шолып қарау арқылы салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингі нәтижелері бойынша анықталған заңсыз құрылыстар туралы есеп

      20 ___ жылғы _____________

      Анықталған заңсыз құрылыстар:

Р/с

Тапсырыс беруші

Объект (атауы, мекенжайы)

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және нысаналы мақсаты

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама

Құрылыс барысы

Ескертпе

1







2













Жиыны







      Қосымша: фотосуреттер

      _____________________________________

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты(оның болған жағдайында) қолы

  бұйрығына
3-қосымша
  Салынып жатқан (салынуы
белгіленген) объектілер мен
кешендердің мониторингін
жүргізу тәртібін айқындайтын
қағидаларына
3-қосымша

_______________ облысы бойынша салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы 20__ жылғы _____ арналған мониторингі

Р/с №

Объект (атауы мен мекенжайы)

Тапсырыс беруші

Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешімі

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Сәулет-жобалау тапсырмасы

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар

Нобайлық жоба

Бару және көзбеншолып қарау арқылы жүргізілген мониторингтің барысы туралы есеп

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады