БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақпараттық жүйелер:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;
3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;
7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;
9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;
14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;
15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;
16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);
17) интеграцияланған деректер қоймасы;
18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;
19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;
21) "Жылжымалы мүлік тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;
24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;
25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;
26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;
27) "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;
28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;
29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;
30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;
31) "Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;
32) "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;
33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;
34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;
35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;
36) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;
37) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
38) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі;
39) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі";
40) "ASHYQ" платформасы" бағдарламалық қамтылымы (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);
41) "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі".".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті