Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қазанда № 30194 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманың нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 321 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқама №________

      1. 20 __ жылғы "____"___________

      /_______/______________________

      (жасалған күні, уақыты және орны)

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау органының атауы)

      __________________________________________________________________________

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылау жүргізген адамның (адамдардың) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі бақылау және қадағалау

      субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде

      қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылау жүргізу күні, орны және кезеңі

      __________________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын

      бұзғаны үшін мынадай іс-шараларды орындауға НҰСҚАМА БЕРЕМІН:

Тексеру парағы талаптарының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі

Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесі

Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері

1.




2.




      6. Жедел ден қою шарасы (оның қолданылу мерзімін тоқтата тұру немесе қызметке

      тыйым салу) ______________________________________________________________

      7. Бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (басқарушы заңды тұлғаның не оның

      уәкілетті адамының), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылау жүргізуге тартылған адамдардың нұсқамасымен (актісімен,

      қаулысымен), олардың қолдарымен немесе қол қоюдан бас тартуымен танысуы немесе

      танысудан бас тарту туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты (егер ол

      жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және қолы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Нұсқаманы (бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті

      адамының аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      тегі, қолы) алды

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      10. Бақылау және қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының

      нұсқаманы алудан бас тартуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады