Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қазанда № 30284 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналарға:

      Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 – мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 – алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 – қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 – қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 – құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 – химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін әкетуге алты ай мерзімге;

      Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0 – қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, 7204 21 900 0 - өзгелерін, 7204 29 000 0 – өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 – қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын) әкетуге алты ай мерзімге;

      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 19 100 1 – бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 – ілмектерді және өзге шыңжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, өзгелерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін, 8607 29 000 0 - өзгелерін, 8607 12 000 – өзге де арбаларды қоспағанда, бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары – 7302 – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, 7303 00 – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, 7304 – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7305 - дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден артық, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7306 - қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 8607 – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды, осьтерді және доңғалақтарды және олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Осы бұйрықтың бірінші тармағының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орын ауыстыруының болжанатын күніне дейін бес жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне жылжымалы құрам элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (ол бар болған кезде), сондай-ақ көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актілерін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарлардың орнын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің күні мен атауын көрсете отырып, сүйемелденеді.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарлардың орын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етеді.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Көлік комитеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Индустриялық даму комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірігіп осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындасын.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады