Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қарашада № 30377 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 81 Қаулыға
1-қосымша

Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Банктер туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      3. Уәкілетті орган кандидат Банктер туралы заңның 20-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 9-бабында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде келісім береді.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қолданыстағы келісімге ие басшы қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде және Қағидаларда көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, қайта келісілмей, қаржы нарығының банк секторы шеңберінде келісілген, Банктер туралы Заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген басшы қызметкер лауазымын атқарады.

      4. Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының мақсаты үшін кәсібилік және адалдықты қоса алғанда, мыналар мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары болып табылады:

      1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензиясы бар заңды тұлғаның, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, орталық депозитарийдің және тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе оларға қатысты мемлекет, аталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің банк немесе сақтандыру холдингінің мүліктік құқықтары бар мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – қаржы ұйымы) басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;

      2) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері қаржы ұйымын, банк конгломератын, сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру бойынша уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі (болып табылатыны) туралы мәліметтердің болуы;

      3) кандидаттың, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне жеткізгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын адам болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарттар, егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) қаржылық жағдайы орнықсыз қаржы ұйымдарына қатысты тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі мәні бойынша ұқсас (бірдей, салыстырмалы) шаралар көзделген жағдайда да қолданылады;

      4) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес құрылған және қабылданған дәлелді пайымдау негізінде анықталған мінсіз іскерлік беделінің болмауы;

      5) шет мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан не қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан және "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық көрсетілетін қызметтерге байланысты қызметтен алынған кандидаттың, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің осы мемлекеттің заңнамасында не Қазақстан Республикасының заңнамасында не "Астана" халықаралық қаржы орталығы актілерінде белгіленген іскерлік беделге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы ақпараттың болуы;

      6) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің күнтізбелік он екі ай ішінде соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның заңды күшіне енген шешімімен белгіленген қаржы, кәсіпкерлік қызмет, салық салу салаларында әкімшілік құқық бұзушылықты үш реттен артық жасау фактілерінің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарттар соттың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның, лауазымды адамның адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соңғы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде қолданылады;

      7) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің аудитор ретінде көрінеу жалған аудиторлық есепті жасау фактісінің не аудиторлық ұйымның осы тұлғалар қол қойған көрінеу жалған деп танылған аудиторлық есепті жасау фактісінің болуы.

      Көрсетілген өлшемшарттар осы тұлғаны не аудиторлық ұйымды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

      8) заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін қаржы ұйымының міндеттемелері бойынша субсидиярлық жауаптылыққа не қаржы ұйымының пайдасына залалдарды өндіріп алу түріндегі жауаптылыққа тарту.

      Көрсетілген өлшемшарттар соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

      9) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін банкрот деп тану (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін).

      Көрсетілген өлшемшарттар кандидат, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкеріне қатысты мүлікті өткізу рәсімі аяқталған немесе осындай рәсім барысында банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады;

      10) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын, террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;

      11) кандидатта, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінде осы тұлғалар бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғада республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын мерзімі өткен салық берешегінің болуы;

      12) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының не осы тұлғалар бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болуы (егер берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда);

      13) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің не осы тұлғалар бірінші басшы не ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылатын заңды тұлғаның жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      14) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің айыпталушы не сотталушы (күдікті) ретінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысуы.

      5. Уәкілетті органмен келісуге жататын банктердің, банк холдингтерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген.

      Банктер туралы Заңның 20-бабының 1, 1-1 және 14-тармақтарында көзделген басшы қызметкерлер лауазымдарына келісім (банктің басқару органының мүшесін, Банктер туралы Заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін алатын адамдардың басшы қызметкерлерін қоспағанда) олар тағайындалғанға (сайланғанға) дейін беріледі.

      Заңды тұлға Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін алған кезде банктің басқару органының мүшесі, банк холдингінің мәртебесін иеленуші тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім олар тағайындалғанға (сайланғанға) дейін не олар тағайындалғаннан (сайланғаннан) кейін Банктер туралы заңның 20-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімдерде беріледі.

      6. Уәкілетті орган тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), айналысу үшін келісім берілген банк секторындағы лауазымы, келісім берілген күн туралы мәліметтерді көрсете отырып, қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді, ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Қолданыстағы келісімдердің тізілімі ондағы ақпарат өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңартылуға жатады.

      7. Банктер, банк холдингтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары басшы қызметкерлер құрамында болған өзгерістер туралы оларды тағайындаған (сайлаған), басқа лауазымға ауыстырған немесе жұмыстан босатылған (өкілеттігін тоқтатқан) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді. Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәліметтер растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса берумен, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Басшы қызметкерлер тағайындалған (сайланған) жағдайларда осы адамдардың Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы көрсетілетін ілеспе хатқа және басшы қызметкерлер құрамының өзгеруі туралы мәліметтерге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қоса берілетін растаушы құжаттардың көшірмелерінде басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні болмаса, онда басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан босату (өкілеттіктерін тоқтату) күні банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдау немесе шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме мынадай мәліметтерді қамтиды:

      банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің толық атауы және банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты және орны);

      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы (басқару органының отырысы);

      басқарушы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы қызметкерді тағайындау (сайлау), басқа лауазымға ауыстыру немесе жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен расталады және үзіндінің дұрыстығы көрсетіледі.

      8. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері Қағидалардың 3-тармағында және Қағидаларда көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда келісуге жатпайды:

      1) осы банктің, банк холдингінің бір органы шеңберінде лауазымнан төмен тұрған лауазымға уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған;

      2) банктің атқарушы органы мүшесінің немесе басқару органы мүшесінің лауазымынан банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге басшысының лауазымына уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған;

      3) банк холдингінің атқарушы органы мүшесінің немесе басқару органы мүшесінің лауазымынан еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын банк холдингінің өзге басшысының лауазымына уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының лауазымынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және негізінде банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзге басшысы лауазымына уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы орынбасарының лауазымынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзге басшысы лауазымына уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған;

      6) бас бухгалтердің лауазымынан бас бухгалтердің орынбасары лауазымына уәкілетті органмен келісіп ауыстырылған.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы басшы қызметкерді басқа лауазымға ауыстырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерді тиісті лауазымға ауыстыру туралы уәкілетті органының шешімінен (бұйрығынан) үзінді- көшірменің көшірмесін ұсынады, онда осы кандидаттың қағидалардың 3-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы көрсетіледі. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      9. Қазақстан Республикасының Банктер туралы заң 20-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес кандидатты тағайындау (сайлау) үшін кандидаттың халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмыс стажына мынадай халықаралық қаржы ұйымдарындағы жұмысы кіреді:

      Азия Даму Банкі;

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі;

      Америкааралық Даму Банкі;

      Африка Даму Банкі;

      Дүниежүзілік Банк;

      Дүниежүзілік сауда ұйымы;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа Инвестициялық Банкі;

      Еуропа Қайта құру және Даму Банкі;

      Еуропалық бағалы қағаздар және нарықтар ұйымы;

      Еуропалық банк ұйымы;

      Еуропалық банк федерациясы;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Еуропалық сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру ұйымы;

      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі;

      Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталық;

      Ислам Даму Банкі;

      Исламдық қаржылық қызметтер кеңесі;

      Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы;

      Солтүстік инвестициялық банк;

      Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы;

      Халықаралық Валюта Қоры;

      Халықаралық Даму Қауымдастығы;

      Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық зейнетақы қадағалау органдары ұйымы;

      Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі;

      Халықаралық Қаржы Корпорациясы;

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы.

2-тарау. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруге арналған құжаттарды қарау тәртібі

      10. "Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының, бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кіші түрін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      Өтініш беруші өтінішхатты "жеке кабинетте" "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызмет көрсетуге сұру салуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрінеді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып портал арқылы электрондық түрде ұсынады.

      12. Қолдаухат еркін нысанда мыналарды:

      1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді көрсетумен (жеке және заңды тұлғалар үшін);

      2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімін көрсете отырып (жеке тұлғалар үшін);

      3) кандидаттың банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растаумен;

      4) банктің, банк холдингінің басқару органының мүшесі лауазымына кандидат туралы немесе Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін алатын тұлғалардың басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжатпен тексергенін растау (заңды тұлғалар үшін);

      5) кандидат келісілетін басшы қызметкердің лауазымын көрсетумен;

      6) қаржы нарығы секторының атауын көрсетумен – банк секторы (көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға үшін);

      7) қолдаухатқа қоса берілген ақпарат дәйекті және толық екендігін көрсетумен.

      13. Қолдаухат:

      1) құжаттарды атқарушы орган басшысының (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органы мүшесінің келісуіне жіберген кезде – көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басқару органы басшысының, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірінің (басқару органының осы шешімінің көшірмесін ұсына отырып), басқару органының басшысы мен мүшелері болмаған жағдайда заңды тұлға көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірінің, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті банк холдингі қатысушыларының бірінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған банк холдингі үшін);

      2) құжаттарды Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысына келісуге жіберген кезде – Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қолдаухатқа қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның (растаушы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып);

      3) құжаттарды басқа басшы қызметкерлерге келісуге жіберген кезде - заңды тұлғаның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның), көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының не олардың міндеттерін атқаратын адамдардың (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін ұсына отырып);

      4) көрсетілетін қызметті алушының – жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады.

      14. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостиль қоюға жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ, және қажет болған кезде орыс тілдеріне аударылады, Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады және электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.

      15. Қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын (байланысушы адамдардың байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайыларын көрсете отырып) ұсынады.

      Банктің, банк холдингінің басқару органы мүшелерінің не Банктер туралы заңның 17-1-тармағына сәйкес банк холдингі мәртебесін иеленетін басшы қызметкерлердің лауазымдарына кандидаттарды келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы олар сайланған күннен бастап не заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде тұлға банк холдингі белгілерін алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірілмейтін мерзімде құжаттардың толық топтамасын ұсынады.

      16. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      17. Ұсынылған құжаттардың толықтығы және (немесе) қолданылу мерзімінің аяқталмау фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің мүдделі бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарына және шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органдарына (қажет болған кезде), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесіне және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорға тиісті сұратулар жолдайды.

      Ұсынылған құжаттарда Қағидалардың және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою және көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынуы үшін ескертулері бар хат жібереді. ұл ретте уәкілетті органның кандидатты келісу үшін құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.

      Кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы (болмауы) туралы ақпаратты сұратады не шет мемлекеттің қадағалау органының ресми интернет-ресурсынан (бар болса) осы мәліметтерді алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, өтінішхатты қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішхатты дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға келісім беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді, ал тестілеуге шақыра отырып, кандидаттарды келісу кезінде тестілеуден өту үшін шақыру хат жіберіледі.

      Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабы 6-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган кандидатты келісу туралы шешім қабылдағанға дейін кері қайтарып алады, ал тестілеуге шақырумен келісілген кезде - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш беруі арқылы кандидат тестілеуден өткен күнге дейін жол беріледі.

3-тарау. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру және оларды тестілеуден өту үшін шақыра отырып немесе шақырмай келісу тәртібі

      18. Кандидатты келісу үшін уәкілетті органда кандидаттардың қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлері лауазымдарына сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, дербес құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.

      19. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі бойынша кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып не Қағидалардың 22 және 23-тармақтармен көзделген жағдайларда шақырмай-ақ келісуді жүргізеді.

      20. Комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болғанда Комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сауалнамалық жолмен де қабылданады.

      21. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген хаттамада өз пікірін білдіреді.

      22. Кандидатты ұсынылған құжаттардың негізінде тестілеуден өту үшін шақырусыз келісу туралы мәселені қарау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) кандидат бұрын қаржы нарығының банктік секторында тиісті лауазымдарға уәкілетті органмен келісілген бе;

      2) басқару органының мүшесі лауазымына кандидатты келісу;

      3) кандидат бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басқарма мүшесі, бірінші басшысы немесе бірінші басшының орынбасары, басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған ба;

      4) кандидат бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы, экономика, қаржы немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік саяси қызметшілер болған ба;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы басшысының орынбасары, банктің, банк холдингінің атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттың тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік етуі;

      6) кандидатта тізбесі осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарында 5 (бес) жылдан астам еңбек өтілінің болуы;

      7) кандидатта қызметі қаржылық қызметтер көрсетумен байланысты болған басшы қызметкер, дербес құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма, филиал және өзге де дербес құрылымдық бөлімше) басшысы (басшының орынбасары), қаржы ұйымының қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелерге жетекшілік ететін қаржы және (немесе) басқарушы директоры, атқарушы директоры, бас бухгалтердің орынбасары қызметінде 5 (бес) жылдан астам үздіксіз еңбек өтілінің болуы;

      8) банк секторында 15 (он бес) жылдан астам еңбек өтілі бар бұрын уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкерлер;

      9) кандидат бұрын басқару органының басшысы және мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары және ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының, тікелей инвестициялар нарығын дамытуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының атқарушы органының мүшесі болған ба.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.07.2024 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Қағидалардың 22-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген кандидаттарды қоспағанда, қаржы нарығының банк секторындағы уәкілетті органмен банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері, банктің, банк холдингінің атқарушы органының басшысы және мүшелері лауазымдарына алғаш рет келісуден өтетін кандидаттар тестілеуден өту үшін міндетті түрде шақырылуға жатады.

      24. Комиссия кандидатты тестілеуге шақыра отырып, келісу туралы шешім қабылдаған кезде, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу өткізілетін күні, уақыты және орны бар, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылған хатты жіберу арқылы хабардар етеді.

      Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес құжаттарды жібергеннен кейін уәкілетті органның құжаттарды қарау кезеңінде банк кандидатты іссапарға жібермейді, ал кандидат уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе осы тармақта көзделген хабарламаны алғанға дейін іссапарға немесе басқа да сапарларға кетпейді.

      25. Көрсетілетін қызметті алушы (кандидат) уәкілетті орган белгілеген күні мен уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуін қамтамасыз етеді.

      Егер кандидат уәкілетті органның орналасқан жерінен тыс жерде болған және оған байланысты емес мән-жайлар бойынша уәкілетті орган белгілеген күн мен уақытта тестілеуден өту үшін уәкілетті органға келуді қамтамасыз ете алмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға осы мән-жайлардың болуын және оларды жоюдың мүмкін еместігін растайтын құжаттарды (мәліметтерді).

      Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен (мәліметтер) танысады, және кандидаттың келмеуінің объективті себептері болған кезде кандидатты тестілеу қашықтан жүргізіледі.

      26. Тестілеуден өту үшін шақырылған кандидаттарды келісу 30 сұрақ бойынша 45 минуттың ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен қазақ немесе орыс, немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

      Кандидаттарды тестілеу кезінде уәкілетті орган уәкілетті органның үй-жайында тестілеу процесін аудио және бейнетіркеу жүргізеді, тестілейтін тұлғамен бірге бір үй-жайда тек уәкілетті органның қызметкерлері болуына рұқсат беріледі.

      Тестілеуді қашықтан өткізу кезінде аудио, бейне байланысы және құжаттармен бірлесіп жұмыс істеу құралдары бар, конференциялар мен онлайн кеңестер өткізуге арналған сервис пайдаланылады, уәкілетті орган трансляция жазбасын жүргізеді. Көрсетілген талаптары растау мақсатында тестілеуден өтетін тұлға тестілеу процесін аудио және бейне тіркеуді жүргізетін және тестілеу өткізілетін барлық үй-жайға шолу жасауды қамтамасыз ететін кемінде үш құрылғыны пайдаланады.

      Кандидат тестілеуден өту кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды, сондай-ақ осы трмақтың үшінші бөлігінде көзделгендерді қоспағанда, өзге техникалық құрылғыларды пайдаланбайды. Осы тармақта баяндалған талаптарды бұзу тестілеудің теріс нәтижесіне тең келеді.

      Кандидат тестілеу нәтижелерімен оны өткеннен кейін дереу танысуға тиіс. Тестілеу қашықтан өткізілген жағдайда, танысуды уәкілетті органның қызметкері ауызша нысанда оны өткеннен кейін дереу тіркейді.

      27. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кемінде жетпіс пайыз дұрыс жауап) кандидат мәлімделген немесе тағайындалған (сайланған) лауазымына келісілген болып есептеледі.

      28. Жауапты бөлімшенің қызметкері кандидат тестілеуден өткеннен кейін немесе Комиссия кандидатты тестілеуден өту үшін шақырмай келісу және (немесе) бас тарту мәселесі бойынша шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы мәлімет қамтылған хат жобасын дайындайды.

      29. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атына келісу нәтижесі туралы мәліметтерді қамтитын хатқа не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қойған күні көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      30. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

4-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      31. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды тұлғасы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетумен, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бірыңғай байланыс орталығының мына телефоны арқылы беріледі: 8-800-080-7777 немесе 1414.

      Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      32. Шағымда мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) шағым беруші тұлғаның өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      33. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын,
келісім алу үшін қажетті
құжаттарды қоса алғанда,
банктің, банк холдингінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Басшы қызметкерлер құрамын өзгерту туралы мәліметтер (банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банк филиалының атауы)

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

Лауазымы

Тағайындалған (сайланған), ауысқан, еңбек шартының бұзылған (өкілеттіктер тоқтатылған) күні

Тағайындау, (сайлау), ауысу, еңбек шартын бұзу (өкілеттіктерін тоқтату) туралы шешім (бұйрық) нөмірі, күні

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын бұзу (өкілеттігін тоқтату) негіздері

1

2

3

4

5

6







      Банк, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы тағайындалған (сайланған) басшы қызметкердің банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін растайды.

      Атқарушы органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы, банк, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері жұмыстан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) жағдайда олардың өкілеттіктері берілген адамдар көрсетіледі.

      Қосымша (парақтар санын көрсете отырып):

      _______________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____"_________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын,
келісім алу үшін қажетті
құжаттарды қоса алғанда,
банктің, банк холдингінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан



Басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________________

      банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының атауы (көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, сондай-ақ қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлға толтырады)

      __________________________________________________________________________

      банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерінің немесе басшы қызметкер лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса, күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

 №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда, барлық бағандарда "жоқ" деп көрсетіледі.

      4. Кандидат оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері (заңды тұлғаның бар болса БСН-і)

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)*

1

2

3

4





      Ескертпе: * 4-бағанда сенімгерлік басқарудағы кандидаттың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлесін) ескере отырып акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлесті), сондай-ақ кандидат өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялар (жарғылық капиталына қатысу үлес) санын көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

Жұмыс кезеңі*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Өзге мәліметтер***

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметі (заңды тұлғаның басқару органында мүшелігін қоса алғанда), оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхатты берген банктегі, банк холдингіндегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалындағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі.

      *қаржы ұйымдарында (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдары), мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары, аудиторлық ұйымдардан, қаржылық қызметтерді және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардан және өзге де мемлекеттік органдардан (басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы лауазымында) келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банк, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының 9-тармағында көрсетілген банк немесе сақтандыру холдингтерінде, халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде, сондай-ақ қаржы ұйымдарының басқару органдарындағы (оның ішінде сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдары), банк немесе сақтандыру холдингтерінде мүшелігі туралы мәліметтер, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі.

      ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.

      ***қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары) қаржы, басқарушы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;

      аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызметті реттеуге қатысты негізгі функционалдық міндеттемелер көрсетіледі. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) уәкілетті органда жұмыс өтілі болған жағдайда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге, бақылауға және (немесе) қадағалауға қатысты негізгі функционалдық міндеттемелер көрсетіледі.

      6. Кандидаттың салықтар бойынша аудитті қоса алғанда, қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге қатысу туралы мәліметтер:

      _________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауы, аудит жүргізу мерзімі, сондай-ақ кандидаттың аудит жүргізілген қаржылық есепке орындаушы аудитор ретінде (бар болса) қол қойған күні көрсетіледі).

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      8. Кандидат бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржы қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалын төлем жасау қабілеті жоқ банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы не банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкелген қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейінгі не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заң күшіне енгенге дейінгі 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе мүшесі (атқарушы органның функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға немесе оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтердің орынбасары, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін

      9. Кандидат бұрын қатарынан төрт және одан да ұзақ кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы төрт есе және (немесе) купондық сыйақының одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері ақы төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен оны мың есе асатын соманы құраған эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқару органының басшысы, мүшесі, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционердің) бас бухгалтері

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы,жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      10. Қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларында жауапкер ретінде тартылған-тартылмағандығы

      __________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), күні, ұйымның атауы,

      __________________________________________________________________________

      сот талқылауындағы жауапкердің атауы, қаралған мәселе заңды күшіне енген

      __________________________________________________________________________

      сот шешімі көрсетілсін (ол шығарылған жағдайда)

      11. Банкте, банк холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында жетекшілік етуге болжанатын құрылымдық бөлімшелер және құжаттарға қол қоюға өкілетті кандидат туралы мәліметтер (көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы жүгінген кезде өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат толтырады)

      __________________________________________________________________________

      12. Банкте, банк холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында жетекшілік етуге болжанатын құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер (банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіні филиалының тек қауіпсіздік және (немесе) ақпараттық технологиялар мәселелері және (немесе) әкімшілік-шаруашылық мәселелерге жетекшілік етуге болжанатын атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат толтырады). Көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы жүгінген кезде кандидат толтырады)

      __________________________________________________________________________

      13. Тағайындалған (сайланған), келісу үшін құжаттар берген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаға тартылған-тартылмағаны

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      __________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, жаза

      қолдану ___________________________________________________________________

      туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      14. Кандидатқа қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған сот шешімінің болуы.

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ басшы қызметкерлерге қойылатын талаптарға өзімнің сәйкес келетінімді және мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін (егер келісім беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ұсынған жағдайда кандидат толтырады).

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      (кандидат баспа қаріптерімен өз қолымен толтырады)

      Қолы ______________________________________________________

      Күні _____________________

      Банктің, банк холдингінің тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:

      Мен ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      тәуелсіз директор лауазымына сайлау үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Қолы _________________

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын,
келісім алу үшін қажетті
құжаттарды қоса алғанда,
банктің, банк холдингінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім
беру қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру

Мемлекеттік қызметтің кіші түрі

Банк секторындағы басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім беру.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құжаттар топтамасын берген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген.

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келісу нәтижесі туралы мәлімет бар хат не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім берген кезде алым мөлшерлемесі – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары немесе банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес ақша түрінде, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес ақша нысанында жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанындағы өтінішхат;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) заңды тұлға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 17-1-бабына сәйкес банк холдингі мәртебесін алған кезде банк холдингі белгілерін сатып алатын тұлғалар үшін – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушының басқару органының кандидаттың өзге ұйымда жұмыс істеуіне келісім беруі туралы шешімінің үзінді көшірмесінің электрондық көшірмесі (егер көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшесі лауазымына кандидат басқа ұйымда жұмыс істеген жағдайда). Бұл құжат, егер ол Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес уәкілетті органның кандидатты келісу туралы өтінішхаты берілгенге дейін ұсынылған басшы қызметкерлердің құрамының өзгергені туралы хабарламаға қоса берілген жағдайда, ұсынуға жатпайды;
4) заңды тұлғаның көрсетілетін қызмет алушы үшін – банкте, банк холдингінде жұмыс істеуге кандидатқа келісім беру туралы акционерлік қоғамның басқару органының шешімінен үзінді көшірменің электрондық көшірмесі (егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болған жағдайда);
5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына кандидат туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
6) азаматы болып табылатын елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) азаматы болып табылатын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - тұрақты тұратын елі) мемлекеттік органы берген қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі. Егер кандидат соңғы 10 (он) жыл ішінде азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ кандидат соңғы 10 (он) жыл тұрақты тұрған елде қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы туралы құжаттың электрондық көшірмесі беріледі. Көрсетілген құжаттардың берілетін күні өтінішхат берілетін күнге дейінгі 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылуының өзгеше мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті мемлекеттік орган елінің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға қатысты растау құжаттарын беру көзделмеген болса, онда тиісті растама азаматы болып табылатын елдің, кандидат соңғы 10 (он) жылда тұрақты тұрған (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
8) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін);
9) кандидаттың жеке басын куәландыратын, азаматы болып табылатын елдің құжатының электрондық көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) кандидатты тағайындау (сайлау), басшы лауазымға ауыстыру туралы құжаттың электрондық көшірмесі (Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер құрамының өзгергені туралы уәкілетті органға хабарлағанға дейін кандидатты келісу туралы өтінішхат берген жағдайда).
11) Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерде көрсетілген тізбе бойынша халықаралық сертификаттың электрондық көшірмесі және осындай сертификаттардың тізбесі (бар болса)
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттарда көрсетілетін мәліметтерді алады:
Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;
Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғадан алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашатын қайта құрылатын банк үшін:
осы тармақта көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушымен бұған дейін келісілмеген басшы қызметкерлер бойынша ұсынылады;
бұған дейін келісілген басшы қызметкерлер бойынша осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжат жаңартылған деректермен ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің және кандидаттардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің лауазымына "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабында, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижелері;
3) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті орган белгілеген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 5-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның ескертулері ескеріліп пысықталған құжаттарды ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, банктің басшы қызметкері лауазымына кандидатты сайлау (тағайындау) тәртібінің бұзылуы;
5) заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде кандидат тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға банк акцияларын сатып алған күннен бастап ол күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін оны келісуге құжаттарды ұсыну;
6) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған және (немесе) үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген деп танылған іс-қимылдар жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның аталған іс-қимылдарды жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы;
7) уәкілетті органда бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған іс-қимылдар жасағаны үшін уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 259-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) іс-қимылдары қаржы ұйымына және (немесе) мәмілеге қатысушы үшінші тұлғаға (тұлғаларға) залал келтірген қаржы ұйымының қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
Бұл талап көрсетілген оқиғалардың неғұрлым ертерек басталған күнінен бастап бір жыл ішінде қолданылады:
уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдарын бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануы;
уәкілетті органның кандидаттың іс-қимылдары нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) келтірілген залалды растайтын фактілерді алуы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша шешім қабылдау кіретін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) қор биржасының трейдері қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі;
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге талап етілетін қолжеткізуі шектеулі дербес деректерге қолжеткізуге ұсынылатын келісімі (жеке тұлғалар үшін).
Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган шетелдік мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер жатады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (бұдан әрі – оператор) хабарлайды. Мұндай жағдайда оператор аталған мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған уәкілетті органмен бірге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуы шеңберінде көзделген банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініш негізінде бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жиынтықта көрсету мүмкіндігін көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Мінсіз іскерлік беделінің
болмауы өлшемшарттарын,
келісім алу үшін қажетті
құжаттарды қоса алғанда,
банктің, банк холдингінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
басшы қызметкерін
тағайындауға (сайлауға) келісім
беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Комиссияның банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарауы бойынша № ___ хаттама

      __________________________________________________________________________

      (банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (қаржы нарығының секторы, лауазым)

      ____ жылғы "___" _________

Комиссия Төрағасының тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)

Тестілеуге шақырмай келісу

Тестілеуге жіберу және тестілеу оң нәтижесі болған кезде келісу

Келісуден бас тарту







Комиссия мүшелерінің тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса)









  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 81 Қаулыға
2-қосымша

Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер және осындай сертификаттардың тізбесі

№ п/п

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес лауазымы және жұмыс өтілі

Халықаралық сертификаттардың тізбесі

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыс өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер*

1

Бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушының органының басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы үшін кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 (үш) жыл;

FRM (Financial Risk Manager) - Қаржы тәуекел-менеджері
PRM (Professional Risk Manager) - Кәсіби тәуекел-менеджері
CFA - Сертификатталған қаржы талдаушысы
ACCA - Дипломы бар сертификатталған бухгалтер

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

2

Банктің басқару органының басшысы үшін кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

3

Банктің атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы басшысының орынбасары үшін кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 2 (екі) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

4

Басқару органының мүшесі үшін кемінде 2 (екі) жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл.

5

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бас бухгалтері үшін кемінде 3 (үш) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 2 (екі) жыл.

6

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы бас бухгалтерінің орынбасары үшін кемінде 2 (екі) жыл;

Сертификаттардың бірі бар болса, кемінде 1 (бір) жыл.

      Ескертпе: * Сертификат берген кезде үміткерлердің кәсіби қызмет саласында жұмыс өтілінің бар болуы жөніндегі міндетті талаптар бар болған жағдайда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады