"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қарашада № 30397 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      9-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Алғашқы жұмыс орны" жобасын қоспағанда, азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      7-қосымшада:

      тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, қандастарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу жүргізеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады