Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30565 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 370 бұйрығымен
бекітілген

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі (бұдан әрі – Еңбекке ақы төлеу жүйесі) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін айқындайды.

      2. Еңбекке ақы төлеу жүйесінде мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп береген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым;

      3) көмекші персонал – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын жұмыскерлері;

      4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға.

2-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі

      3. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеу лауазымдық айлықақыдан, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары, кәсіптік аурулардың жүре пайда болуының жоғары тәуекелі ескеріле отырып, үстемеақылар мен қосымша ақылардан тұрады.

      4. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының лауазымдық айлықақылар мөлшерін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде дербес айқындайды.

      5. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналына қосымша ақы зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары, кәсіптік аурулардың жүре пайда болуының жоғары тәуекелі ескеріле отырып:

      1) аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін) лауазымдық айлықақының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;

      2) инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін) лауазымдық айлықақының 35 (отыз бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      6. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде көмекші функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының лауазымдық айлықақыларына үстемеақы "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) сәйкес тиісті саланың уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен даму жоспары бойынша көзделген қаражатты үнемдеу есебінен лауазымдық айлықақының 10 (он) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      7. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналына үстемеақы мен қосымша ақы ай сайын жалақымен бірге есептеледі.

      8. Ветеринария саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналына жыл сайынғы негізгі еңбек демалысы берілген кезде Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады